Ответы:
1. ) Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:Бірінші аймаққа – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Семей полигоны Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды.
2. Анықтауыш - сөйлемде сандық, сындық, мөлшерлік мағынаны білдіретін тұрлаусыз мүше. Ол қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, заттанған есімдерден, есімдіктен, есімшеден жасалады.
18-билет
1. ҚР Атазаңы
2. Бұйрықты сөйлем
3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
Бәсекеге қабілеттілік – жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар шыңы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.
Ответы:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан қоғамның және мемлекеттің негізгі, басты құжаты/ Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған. Адам құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сыйлайтын мемлекет ретінде айқындайтын бірден бір белгі – Қазақстан аумағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұруы, оған басымдылықтың берілуі.
2. Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.
20-билет
1. Жарнама – ақпараттың бір түрі
2. Сабақтас құрмалас сөйлем (анықтамасы, түрлері, жасалу жолдары)
3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы ормандар жоғала бастады. Бүкіл жағалауда шөлдеу процесінің басталуы көлдің жағасындағы қамыстардың жойылуына әкеліп соқты.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау, Оңтүстік Қазақстандағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Ответы:
1. Жарнама - ақпараттың бір түрі
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Қазіргі мағынадағы жарнама Қазақстанда 1920 жылдардағы жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болды. Одақ көлемінде В.Маяковский, В.Лисицкий, А.Родченко, А.Мандрусов сияқты белгілі тұлғалар жарнаманы саяси ұрандар тілімен сөйлете білді
2.Сабақтас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.)Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.
21-билет
1. Ұлттық байлық
2. Сабақтас құрмалас сөйлем: мезгіл бағыныңқы, шартты бағыныңқы сабақтастар.
3. Мәтінді оқыңыз, әңгімелеңіз, орыс тіліне аударыңыз:
Ұлттық байлық дегеніміз не?
Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш – қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата – бабаларының қалдырған барлық мұрасы.
ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.
б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
