Ответы:
1. Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген. Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б.
Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)Қожа Ахмет Йассауи – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс болады. Түркістан қаласында жерленген.
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар – әйгілі тарихшы, әдебиетші. Монғолстан мен оған іргелес жатқан елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы
2. Анықтауыш - сөйлемде сандық, сындық, мөлшерлік мағынаны білдіретін тұрлаусыз мүше. Ол қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, заттанған есімдерден, есімдіктен, есімшеден жасалады.
Мысалдар: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан.
Жаңадан екі үй құрылып жатыр.
8-билет
1. Нақыл сөздер.
2. Бұйрықты сөйлем.
3. Екі жай сөйлемнен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
1. Әбу Насыр елімен қоштасты. Ол оқуға аттанды. 2. Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне ерді. Бағдаттағы «Даналық үйіне» аттанды. 3. Олар алыстағы елдерді аралады. Әбу Насыр сол сапарынан Фарабқа оралды. 4. Мына мақаланы тез жазды. Баспаға наурыздың аяғына дейін тапсырыңыздар. 5. Мен көп ойланған жоқпын. Бірден келістім. 6. Қасым Қазақстанда болды. Қазақ тілінен білімін жетілдірді. 7. Ала сауысқан бұтаққа қонбады. Шықылықтап ұша берді.
Ответы:
1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Жүсіп Баласағұн Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Луций Анней Сенека
Адам өмірі-қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбилеген ұтады екен.
Адам көркі – ақыл.
Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
2.Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.
9-билет
1. Әл-Фараби шығармашылығы.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем: мезгіл бағыныңқылы, шартты бағыныңқылы сабақтастар.
3. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Қазіргі уақытта университеттегі кадрлар даярлау көлемі Республика мен аймақ ... . Студенттердің мәдени демалысы, шығармашылықты дамыту және спорттық шеберліктерін дамыту үшін ... . Университет кітапханасында сапалы білім алуға мүмкіндік беретін ... . Сандық кітапхананы енгізу бойынша ... . Кітапхана жанында ақпараттық білім беру орталығы ... .
Ответы:
1. Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрология, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, табиғат ғылымдары, социология, поэзия-риторика т.б. ғылым салалары бойынша қыруар ғылыми еңбектер жазды. Кейбір еңбектерін атайтын болсақ: «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Софистика», «Риторика, т.б.») сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
2. Сабақтас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.)Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл) Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. бағыныңқылы сабақтас;
10-билет
1. Қазақтың билері
2. Салалас құрмалас сөйлем: қарсылықты, түсіндірмелі салаластар
3. Берілген сөздерден дұрыс хабарлы сөйлем құраңыз.
1. Сөйлесті, кітап, балалар, оқыды.
2. айтқызды, Ораз, өлең, Болатқа.
3. үйге, жиналғанда, кіре бастады.
4. жолға, екі, күннен соң, мен, әзірлендім.
Ответы:
1. Төле би (1663-1756)
Төле би Әлібекұлы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. «Жеті жарғы» заңын жасасқан, сол заң кодексін шығарушылардың бірі.
Қаз дауысты Қазыбек би (1667 – 1764)Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп тағайындайды
Әйтеке би (1683-1722)
Әйтеке – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы. Тәуке хан мен билердің қатысуымен 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды.
2. Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Қарсылықты; бірақ, алайда, дегенмен
Талғаулы; не, немесе, я, яғни, әлде, бірде
Билет 11.
1. Нобель сыйлығы
2. Пысықтауыш
3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармандықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданының Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атындағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі.
Ответы:
Нобель сыйлықтары (шведше: Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:1. Әдебиет2. Физика3. Химия4. Физиология және медицина5. Бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет.
Пысықтауыш – Сөйлемде етістіктен болған мүшенің қимылдық, іс-әрекеттік сапасының сынын білдіріп, сипаттап тұратын тұрлаусыз мүше. Мезгіл пысықтауышы – іс-әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді. М: Фирма президенттері бүгін кездеспекші болды.Мекен пысықтауышы – іс-әрекеттің болу орнын білдіреді. Қайда? сұрағына жауап береді. М: «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі бүгін Ресейге ұшып кетуі мүмкін.Мақсат пысықтауышы – іс-әрекеттің мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Пікірді конференцияда оқу үшін жаздым. Хабар тыңдағалы келдік. Ол әдейі істеді.Себеп пысықтауышы – іс-әрекеттің себебін білдіріп, не себептен? неліктен? деген сұраққа жауап береді. М: Қызметін жақсы атқарғаны себепті, сыйлыққа ұсынылды.Амал пысықтауышы – іс-әрекеттің сапасын, сан мөлшерін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап береді. М: Біздің банктің президенті жылдам сөйлейді екен
12-билет
1. Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары.
2. Сұраулы сөйлем
3. Берілген шағын мәтінді жалғастырып, аяқтаңыз.
Махмұд Қашқари – түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.
ОТВЕТЫ:
1. ) Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады.
2. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады: 1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? 2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?
Кейде сұраулық шылау лары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Бұл қайсың, Мұратпысың?
13-билет
1. Ерлік туын көтерген ерлер
2. Салалас құрмалас сөйлем: ыңғайлас, қарсылықты салаластар
3. Кіші әріппен берілген жалқы есімдерді (жер, су аттарын) бас әріппен жазып, мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Ертіс – солтүстік мұзды мұхитқа құятын үлкен өзен. Ол қытайдан басталып, қазақстанға қара ертіс деген атпен еніп, зайсан көлінен шыққанда, өзен ертіс деп аталады да, обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда ойлы-қырлы жазықпен ағады. Одан әрі алтайдың нарын, қалба жоталары және басқа тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен өскемен қаласына дейін ағады.
