- •1.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз.
- •6.Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңыз.
- •7.Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз.
- •8.Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай?
- •10.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •11.Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •13.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма?
- •15.Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?
- •16.Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай?Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •17.Азаматтық құқық пәні нені оқытады және пәннің реттеу әдістері қандай?
- •18.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •19.Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз.
- •20.Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •21.Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •23.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар.
13.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма?
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу
Мына адамдар: осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.
19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
21-бап. Азаматтықтан айырылу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан: 1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; 3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса; 5) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.
Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті Билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің азаматы. Ал ол мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалу мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды. Тағы бір мәселе әскери қызмет атқаруға қатыстылықтан туындайды.Бипатрид өз Отанын қорғауға міндетті. Ал оның отаны – екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің біреуінің ғана жағына шығуы керек. Мұндай ахуал қос азаматтығы бар адамның алдына елеулі мәселелер тартуы мүмкін. Қос азаматтық — белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады.
14.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының айырмашылығы қандай? Олардың атқаратын міндеттері сәйкес пе? Осы екі органның құзыреті Конституцияда қалай көрсетілген?
Мемлекеттік аппаратты әлдеқайда толық зерттеу үшін оның жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен арақатынасын қарастыру қажет.
Жергілікті өзін-өзі басқару – белгілі бір аумақ халқының сол аумақө тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, жергілікті маңызға ие мәселелерді шешу жөніндегі дербес қызметі. Оның мәні халықтың жергілікті мәселелерді шешуде мемлекеттік билік органдарынан автономиялылығымен, дербестігімен көрініс табады.
Халық жергілікті өзін-өзі басқару құқығын тікелей де (жергілікті референдумдар, муниципалдық сацлаулар, азаматтардың жиналыстары және жиындары), өздері құратын жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңында мыналар көрініс тапқан:
39-5-бап. Мемлекеттік органдардыңь жергілікті өзін-өзі басқару органдарымекн өзара қарым-қатынасы
1. Мемлекеттік органдарп жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республткасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.
39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;сіздігін
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҚР мүдделерін сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.
