Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кэмбридж тест.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.79 Кб
Скачать

71.Ми қыртысы неше бөліктен тұрады?

Бес: маңдай, төбе, самай, желке, мишық, жұлын.

72. Жүйке талшықтары қандай қызмет атқарады? Маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

73.Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі? Ақпаратты сұрыптайтын /фокустік/зейін/Goswami,2006/

74.Ғылымда жадының неше түрі қарастырылады? Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жады

75. Ұзақ мерзімді жады қалай сипатталады?

қажет кезінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады.

76.Loci әдісі деген не? Орын әдісі

77. Ол қандай әдіс? Есте сақталатын ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып, елестетуге негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс.

78.Лоси әдісін ойлап тапқан кім? Джошуа фоер

79. Мнемониканың маңызы не? Өте жарқын визуалды образдарды құру.

80. «Алып шығу тәжірибесі» тәсілін кім зерттеген? Эндель Тулвинг

81. шетел тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген американдық психологтар?

Джефф Карпике және Роди Редигер

82. Стандартты жаттау, қайта жаттау, қайта тестілеу стратегилары есте сақтаудың қай тәсіліне жатады? Алып шығу тәжірибесі.

83. Есте сақтау әдістеріне зерттеу жүргізген кім? Джон Саймонс/2012/

84. «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызушы» зерттеушілер кімдер?

Госвами және Саймонс

85. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым? Авраам Маслоу/1986/

86. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы неше сатыдан тұрады? Бес

87. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясында бірінші қажеттілік қалай аталады?

Биологиялық және физиологиялық

88. «Мен тұжырымдамасы» кім дамытты?

Карл Роджерс

89. мен тұжырымдамасының компоненттері қандай? Когнитивті, афективті және әлеуметтік

90. «Мен» тұжырымдамасы қалай сипатталады? Әртүрлі жеке сипаттамалары бар барлық аффективті және когнитивті компоненттердің үйлесуі

91. «Мен» тұжырымдамасын қорғап,қолдап тұратын неше мотив бар? Екі

92. Олар қалай аталады? Өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау

93. Өзін –өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасы-ның қандай параметрлеріне жатады? Бағалау және эмоциялық

94. өзін –өзі сыйлау мотиві неше компоненттен тұрады? Екі. Құндылық және тиімділік

95. Құндылық компоненті нені анықтайды?

А. Жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын және бағаланғанын анықтайды.

96. Тиімділік компоненті нені анықтайды?

Жеке тұлға өзін нақты рөлде қабілетті және құзырлымын деп санайтындығын анықтайды.

97. Бандура өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін неше факторды ерекшелейді? 4 фактор: тәжірибе, пішіндеу, әлеуметтік сенім,физиологиялық факторлар

98. Тәжірибе деген не? Қол жеткізілген нәтиже. Игеру тәжірибесі

99. «игеру тәжірибесі» қандай фактор?

Жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін анықтайтын маңызды фактор.

100. Бандураның қай дакторында «қол жеткізілген жетістік өзіндік тиімділікті арттырады, ал сәтсіздік төмендетеді» деп айтылады? Бірінші, тәжірибе

101. пішіндеу деген не? «Жанама тәжірибе»

102. «Жанама тәжірибе» негізі қандай?

«Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу- өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі.

103. Әлеуметтік сенім немен байланысты?

Ынталандырумен/ құптамаумен

104. Әлеуметтік сенім қалай сипатталады?

Өзге адамдардың жағымды пікірлері б.т.

105. Өзін-өзі бақылау немен дәлелденеді?

Басқа адамдар қандай пікір білдіретініне жорамал жасау арқылы реттілікті орнату қажеттілігімен

106. Атрибуция теориясының негізі?

Индивидтердің табысқа қол жеткізуі не сәтсіздіктерден қашуы ,олардың өз жетістіктерін түсіндіруіне байланысты.

107. Әлеуметтік – мәдени теориялар нені қарастырады? Жеке тұлғаның дамуына қоғамның қоса алатын үлесінің маңызын қарастырады.

108. әлеуметтік - мәдени терияның негізін салған психолог? Лев Выготский

109. Выготский баланың мәдени дамуы туралы не айтады? Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте болады, бірі-әлеуметтік, интерпсихикалық және екінші-психологиялық, интрапсихикалық.

110. Әлеуметтік – мәдени теориядағы маңызды ұғым не? Жақын арадағы даму аймағы.

111. Жақын арадағы даму аумағы деген не?

Өзекті даму аймағы мен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық.

112. ЖАДА нені қамтиды?

Адам өз бетімен игер не көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды.

113. Выготскийдің пікірінше, оқушылар көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде қандай дағдыларды дамытады? Ойлау және сөйлеу

114. ЖАДА-ға қарама –қарсы ұғым қандай?

Өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін әрекеттер» аумағына қарсы ұғым.

115. Көпіршелер деген не? Көпіршелер-оқушыға мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора.

116. Көпіршелер қандай қасиетке ие?

Білім-дағды, өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін дамытуға орай нығайып не бөлшектеніп жойыла алу мүмкіндігіне ие.

117. /Мерсер мен Фишер/1993/ айтуынша , көпіршелердің басты мақсаты не?

ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиеті.

118. Көпірше деп саналу үшін білім беру мен білім алуда қандай жағдайлар қажет? өз бетімен орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру,құзіреттілікке жеткізуді мақсат ету, құзіреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру.

119. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген кім? Мерсер/2005/