Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-3_synyp_o_1179_ushylaryn_a_1171_ylshyn_tilind...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.26 Кб
Скачать

2.3 Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы

Грамматика жағынан жаттығуларды ұйымдастыру барысында мұғалімнің материалға, оның қиыншылықтарына қарай, әртүрлі жағдайда қараған жөн. Жаттығу кәдімгі қайта өңдеуден бастау алады. Қайта өңдеу тілдік бірліктің хор ретінде айтылуы негізінде жүзеге асады. Хор бойынша айту біріншіден, оқушылардың барлығының көңілін бірден аударады; екіншіден, өз-өзіне сенімді емес оқушылардың қорқынышын жеңеді; үшіншіден, мұғалімге әр оқушының тілдік бірлікті айтуындағы дәлсіздіктерді естуге көмектеседі. Хормен 2-3 рет қайталап айтуға болады, одан кейін жеке-жеке қайталау жүреді. Мысалы, мұғалім I live in Astana сөйлем үлгісін айтады, оқушылар хормен оны 1-2 рет қайталайды. Кейін жақсы оқитын оқушыға қарап, тағы қайталайды: I live in Astana. And you,Ainur? Аталған оқушы үлгіні айтады. Басқа оқушыға қарап, And you, Dina? Оқушы жауап беруге қиналса, мұғалім үлгіні қайталау арқылы оған көмектеседі. I live in Astana. And you, Dina? Грамматикалық қайта өңдеуден кейін, грамматикалық ауыстыру жүреді. Грамматикалық ауыстыру кезінде оқушы үлгінің грамматикалық құрылымын есте сақтап, оны қай элементке ауыстыру керек екенін ескеріп, мұғалімнің айтқан сөзін есіне сақтай отырып, жаңа мазмұндағы үлгіні айтады. Жаттықтыру кезінде үлгі сөздердің орнына суреттерді де қолдануға болады. Мысалы, мұғалім балаларға «армандауды» ұсынадыда, тақтаға иттің суретін іліп, This is for you , Fariza, - дейді.Өз кезегінде Фариза : I have a dog, деп сыныпқа хабарлайды. Осылай әрі қарай қайталана береді. Сондай-ақ грамматикалық ауыстыру жаттығулары грамматикалық кеңейту жаттығуларымен үйлеседі. Грамматикалық кеңейту оқушыларға көп айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, I like to read books. I like to read interesting books . I like to read books in our school library. Сөйлеу үшін трансформация немесе ауысу өте қиын әрі өте маңызды болып табылады. Трансформация жаттығулары грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Трансформация интеллектуалдық белсенділікті қажет етеді. Мысалы, мұғалім үстелге бір кітап қояды да, There is a book on the desk дейді. Кейін тағы да екі-үш кітап қойып, There are books on the desk дейді.Бұл мысал арқылы оқушылар зат есімнің көпше және жекеше түрін, артикльдің қай жағдайда қолданылады,қай жағдайда қолданылмайды, етістіктің зат есіммен тіркесе отырып жекеше түрден көпше түрге өтетінін меңгереді. Грамматикалық бірлесу грамматикалық дағдыны қалыптастыруда өте маңызды. Мысалы, оқушыларға үлгіні тыңдатып,осыған ұқсас өз ойларынан жаңа үлгі құрдыртуға болады.

Т: This is a pen. It's blue. It's on the desk.

P1: This is a book. It's thick. It's on the table.

Р2: This is a bag. It's brown. It's on the desk. Etc.

Осы мысал бөлек игерілген грамматикалық құрылымдардың логикалық байланысқан пікірге бірігетінін көрсетеді. Грамматикалық дағдының қалыптасуында да орындалатын жаттығудың нақтылығы мен дұрыстығы қадағаланады.

Бастауыш сыныптарда балаларға тапсырмалар, оларды шаршатпайтындай етіп, ойын формасында беріледі. 2-3 сыныптық кезеңдерде оқушылар шет тілі орфографиясымен енді танысып бастайды. Ойын арқылы тұрмыстық қарым-қатынаста сөздер үйренеді. Бұл кезеңде көрнекі материалдарды көптеп қолдануға тырысу керек. Мұғалімнің айтқанын қайталау, оған еліктеу орын алады.Осы жастағы балаларды оқуға мотивациялау мақсатында балаларға арналған аутентикалық шығармаларды қолдануға болады. Оқыту оқиға желісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар қиялдың дамуына септігін тигізіп, сабақта өтілген нәрсені меңгеруге көмектеседі. Балаға заттардың суретін салып бітіруге, ұйқастар ойлап табуға, тығылып тұрған ойыншықтарды табуға және т.б істеуге тура келеді. Есте сақтауға арналған өлеңдер мен санамақтар, ұйқастар сөздерден және сөйлемдерден құралған. Шет тілін ерте жастан бастап оқыту баланың жан-жақты дамытады. Оның есі, зейінділігі, байқағыштық қасиеті жақсарады.

Ауызша сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар кешені

1-жаттығу

Мақсаты: оқытылатын тілмен танысу

Міндеттер: Балаларды оқытылатын тілдің елімен таныстыру, мысалы Англияның мәдениетімен, жазушыларының шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту.

Балалармен ағылшын тілінде амандасып,танысыңыз,олармен шет тілде сөйлесудің қызықты әрі маңызды екені туралы әңгімелесіңіз, мысалы, ағылшын тілін үйреніп, олар ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі құрдастарымен сөйлесе алады, ағылшын жазушыларының кітаптарын оқып, мультфильмдерді аудармасыз қарай алады. Балаларға ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы айтыңыз. Оларға ағылшын кітаптары мен мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді естеріне түсіруге көмектесіңіз. Ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс айту керектігіне көңілдерін аударыңыз. Бірнеше ағылшын тіліндегі сөздерді тыңдатуға да болады. Олармен ағылшынша қоштасып, келесі сабақта кейбір қалған дыбыстарды қалай айту керектігін және «менің атым» фразасын қалай құруға болатындығы туралы білетіндерін айтыңыз.

2-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Үлкен сөмкеде қарапайым заттар жатады. Оқушылар бір затты алып шығып, онымен не істеуге болатынын көрсетеді. Ал қалған оқушылар оның істегенін үш әрекеттің көмегі арқылы табу керек. Мұғалім заттарды көрсететін оқушылардың, сол заттардың ағылшын тіліндегі баламасын білуін тексереді.

Мүмкін болатын заттар тізбегі: 1) a long scarf; 2) an empty jar; 3) a small box; 4) a flower; 5) an apple; 6) a key; 7) a ball; 8) scissors; 10) a book.

Жауап үлгісі: You have a long scarf. You are putting it on.

3-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Оқушылар көздерін жұмып, дөңгеленіп тұрады. Өздері естіп тұрған заттарды қолдарында бар деп елестетіп, оларды сиппаттап беру қажет.

Ойдағы заттар тізбегі: 1) snow; 2) a baby bird; 3) an apple; 4) sand; 5) a puppy; 6) a glass of hot tea; 7) a basketball; 8) a tennis ball; 9) a little snake; 10) a big stone.

Жауап үлгісі: It is cold and wet. It is melting.

4-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Оқушылар көздерін жұмып, мұғалімнің бастауымен сиқырлы саяхатқа аттанады.Оқушылар мұғалім айтқан орындардан не көретіндерін, еститіндерін, не сезінетіндерін айту қажет.

Орындар атауы:

1. You are in a cafe.

2. You are at the beach.

3. You are in a supermarket.

4. You are in a forest.

5. You are in the rain.

6. You are in the snow.

7. You are at the children's playground.

8. You are in the cinema.

9. You are in a hospital.

Жауап үлгісі: І'м in a cafe. I see many people and much food. I hear the people talking. I smell coffee and sweet cookies.

5-жаттығу

Мақсаты: Диалогтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Тақтада оқушыларға белгілі бір жағдайларды баяндайтын сөйлемдер ұсынылады. Оқушылар сөйлемдердің ішінен біреуін таңдап, дайындалып, сыныпқа айтады.Ал қалған оқушылар осы жағдайды тауып,тақтада тұрған оқушыға тиісті кеңестерін береді.

Жағдайлар атаулары:

1. Where is my key?

2. I'm hungry! When shall we eat?

3. Help! I can't carry this big box alone.

4. Do you want to dance?

5. I am freezing!

6. I am too hot!

7. Where is my pen?

8. Where is my bag?

9. I have a terrible headache!

10. It is too dark!

Жауап үлгісі: — Are you looking for anything?— Yes. My key. — Look! Your key is on the table.

6-жаттығу

Мақсаты: оқу және монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: әр оқушы анықталған бір сиппаттама алады. Кішкене дайындықтан кейін оқушы оның орындалуын сыныпқа хабарлайды. Басқа оқушылар не болып жатқанын тауып, өз түсініктерін ағылшын тілінде беру қажет.

Мүмкін болатын жағдайлар:

1. Wash your hands with a very small piece of soap. The water is very cold.

2. Open a packet of milk. Pour the milk into a glass and drink it.

3. Cut a piece of cake. Then eat it without a fork.

4. Give a bath to a very big dog. It doesn't want to take a bath.

5. Break three eggs into a plate. Beat the eggs with a fork.

6. Open a book. Read two pages. Shut the book. Put it into your bag.

7. Brush your teeth and wash your face.

8. Try several times to make a phone call. The line is busy.

9. Take flowers and put them into a vase. Don't forget to pour water into the vase.

10. Blow up a balloon. Throw the balloon up in the air.

Жауап үлгісі: You are washing your hands with soup. The piece is very small. The water is very cold .