Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
jer_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.28 Кб
Скачать

7.Жерді тұрақты пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз

Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі-бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы болып табылады. Яғни, жерді пайдалану құқығы жерге мемлекеттік меншік құқығынан пайда болады. Жер учаскесін пайдалану құқығының пайда болуының үш негіздері бар: - мемлекеттік органдар заңда көрсетілген реттерде актілер жасап береді; - азаматтық-құқықтық актілер шегіндегі мәмілелер негізінде; - заңда көрсетілген өзге де негіздерде (мұраға өту) заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру т.б. Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға: - кодоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға; - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға беріледі. Бұл жер пайдалану құқығының түрі заңды нормалар негізі бойынша шетелдік жер пайдаланушыларға берілмейді.

8. Уақытша жер пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз

Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі-бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы болып табылады. Яғни, жерді пайдалану құқығы жерге мемлекеттік меншік құқығынан пайда болады. Жер учаскесін пайдалану құқығының пайда болуының үш негіздері бар: - мемлекеттік органдар заңда көрсетілген реттерде актілер жасап береді; - азаматтық-құқықтық актілер шегіндегі мәмілелер негізінде; - заңда көрсетілген өзге де негіздерде (мұраға өту) заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру т.б. Уақытша жер пайдалану құқығына Қазаќстан Республикасыныњ заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылѓа дейінгі мерзімге табыстала алады. Уаќытша µтеулі жер пайдалану ќұќыѓы болса, ол қысқа мерзімді, яѓни 5 жылѓа дейін жєне ұзаќ мерзімді 5 жылдан 49 жылға дейін берілуі мүмкін. Мұнда уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жалдау құқығымен теңдестірілген. Бастапқы жер пайдаланушы өзінің жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, ал өзіне тиесілі учаскені (немесе оның бір бөлігін) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органдарға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретін жағдайларда, кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде кейінгі жер пайдалану туындайды.

9.Жерге деген заттық құқық түсінігін айтыңыз

Жерді өмір бойына мұраға қалдырып иелену құқығының енгізілуі Қазаќстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 24 қаңтарда “Жер қатынастарының кейбір мәселелерін реттеу туралы”, сол жылы 5 сәуірде “Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы” заң күші бар Жарлықтармен өмірге келді. Осы аталған маңызды құжатты орындау мақсатында қабылданған “Қазаќстан Республикасыныњ азаматтары мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін өмір бойы мұраға қалдырып иелену құқығын, пайдалану құқығын немесе жалпы жалға алу құқығын, сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы” Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы №625 қаулысы мемлекет өмірінде жерге заттық құқыѓын бекітті. Яѓни, сол кезден бастап жерге деген заттыќ ќұќыќ мазмұнын - меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уаќытша пайдалану ќұќыѓы, міндеттілік (сервитут) және µзге де заттыќ ќұќыќтар ќұрады. Алайда жердіњ зат немесе мүлік емес екендігіне барѓан сайын, зањ нормаларымен бекітілген әртүрлі жерге қатысты заттық құқықтар көз жеткізеді. Әйтсе де осы мәселеге қатысты шамада меншікті конститутциялық норма тұрғысынан қарастырып көрсек, “Меншік міндет жүктейтінін, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиістігін” көреміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]