Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.37 Кб
Скачать

3.Әкімшілік жаза, оның түрлері

ҚР  ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган тұлға)  қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты -  жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза  әкімшішілік  құқық бұзушылық  істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен, органдармен қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады,  және  әккімшілік құқық бұзушылық  жасаған тұлғаның  құқықтары мен  бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.Әкімшілік  құқық бұзушылықты істегені үшін  жеке тұлғаға  мынадай әкімшілік жазалар  қолданылуы мүмкін:1) ескерту;2) әкімшілік айыппұл;3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;5) арнайы құқықтан айыру;6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен)  айыру немесе  оның әрекет  қызметтіңқандайда бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;7) жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп бұзу;9) әкімшілік қамау;10)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны  ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару;Әкімшілік жазаларды  салу ережелері- ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген.  Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын  нормативті  актілерде  белгіленген шекетерде салынады.Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде  әкімшілік теріс қылықтың  құрамы болса;3) егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де  нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген болса;4) егерде осы баптың санкциясы  жасалған құқық бұзушылық үшін  жауапкершілік қарастыратын болса;5) жасалған құқық бұзушылықтың  сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін,  мүліктік жағдайын,  сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып  салынады.Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану (63 бап). Бір 2 немесе одан да көп  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке  әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік  әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі  бір жазалар қолданылған жағдайда , жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға лудың ең  ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда — 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде — 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің  орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл  әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін  бөлек өндіріліп алынады.

5 билеті 1.ҚР жер құқығы негіздері.

Жер қатнастарын реттеуде Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» ғана емес, сонымен қатар азаматтық заңның, табиғи ресурстар туралы заңдардың, экологиялық заңдардың, әкімшілік және қаржы заңдарының нормалары қолданылады. Осы нормалардың жиынтығы жер заңдылығын құрап,жер құқығының кешенді саласын қалыптастырады. Жер құқығының пәніне объектісі жер болып табылатын, және жерді пайдалану, жер ресурстарын қорғаумен, жер учаскелерін жеке меншікке беріп жер пайдалану құқығымен және жерге байланысты басқа да құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатнастар.Жер құқығының жүйесі екі бөлімнен: жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.Жалпы бөлімінде жерге қатысты барлық қатнастардың түрлерінің басым көпшілігін қамтылып, жер құқығының негізгі принциптері айқындалған.Оған: жерге жеке меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, жер ресурстарын мемлекеттік басқару, жерге жеке меншік құқығы басқа ды құқықтарды қорғау, жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік т.б. жатады. Ал ерекше бөлімге: жердің жекеленген категорияларын пайдалану режимін анықтайтын институтутардан тұрады.Пайдалану мақсаттарына қарай жердің бірнеше категориялары анықталған. Олар: ауыл шаруашылығына арналған жерлер, мекен жай жерлері,өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс жұмыстарын жүргізуге арналған жерлер, ерекше қорғалатын жерлер (қорықтар ұлттық парктер),орман қоры, су қорлары, запастағы жерлер. Жер туралы заңның ерекше бөлімінде аталған жер категорияларын басқару мен пайдалануға байланысты құқықтық қатнастарды реттеледі.Жер құқығының әдістері жерге қатысты құқықтық қатнастарды, жерді пайдалану режимін құқықтық реттеуде қолданылатын әдістер Иперативті және диспозитивті әдістар қолданылады.

ҚР ЖК 4- бабында Жер құқығының принциптері айқындалған:

1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;

2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;

3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;

4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

5) жердi нысаналы пайдалану

6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;

7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;

9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

10) жердi ақылы пайдалану;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]