- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
Номенклатура полимерлердің аталу ережесін және түзілу принциптерін қамтамсыз етеді.Оған мынадай екі міндет жүктеледі:полимердің атауы бойынша химиялық құрылымын анықтауға және көбірек таралған полимерлерді оңай танып білуге мүмкіндік жасайды.Бірақ жалғыз номенклатура бұл талаптардың барлығына мүмкіндігі жеитпейді,сол себептен қазіргі кезде бірнеше номенклатуралардың түрлері бар. Тривиалды номенклатура көптеген мамандардың араында кеңінен қолданылады. Мысал ретінде көпшілікке белгілі тефлонды келтірейік,бұлай деп политетрафторэтиленді атайды. Фенопласт,аминопласт,поликарбонат сияқты белгілі атаулар.Мұндай атаулар полимерлердің химиялық құрылымы туралы мағлұмат бермейді. Рационалды номенклатура полимерлену әдісімен алынған полимерлерде жиі қолданылады.Мономер алдына поли деген сөз қосылады. Егер мономер бірнеше сөден тұрса,ол жақшаға алынады (стирол-полистирол), (винилхлорид-поливинилхлорид):
Полимерлердің аталуы гипотетикалық мономерлерден пайда болуы мүмкін. Мысалы, поливинил спирті винил спирті бойынша аталады. Винил спирті тұрақсыз,сондықтан ол ацетальдегид түрінде болады. Поливинил спиртін поливинилацетатты гидролиздеу арқылы алады:
Егер бір полимер әр түрлі мономерлерден алынса, олардың атауларында екіжақтылық болады. Бұл әсіресе, полиэфирлер мен полиамидтерге тән. Мысалы,6-аминкапрон қышқылынан алынған полимер поли(6-аминкапрон қышқылы) деп аталса, ал ɛ-капролактамнан алынған полимерлер поли(ɛ-капролактам) деп аталады:
Бұл аталған номенклатураны белгілі полимерлер үшін қолданған жөн.Егер полимер поликонденсация әдісімен екі мономерден алынса,поли сөзінен кейін жақша ішінде мономер аттары көрсетіледі.Белгілі класқа жататын сол полимерге тән атау соңына жазылады.Мыс:
ИЮПАК ұсынған жүйелі номенклатура.ХХ ғасырдың 70-жылдары ИЮПАК (International Union Pure and Applied Chemistry)полиерлерді атау үшін жүйелі номенклатура ұсынды.Бұл жүйе полимер тізбегіндегі қайталанып келетін бөлікті құрайтын құрылымға негізделген.Қайталанатын буын құрылымы (ҚБҚ) дегеніміз ең кіші атом топтарының қайталанып келуінен полимер тізбегінің түзілуі.Көпшілік жағдайда ҚБҚ мономер буынымен сәйкес келеді.Мыс:полиэтилен осы номенклатура бойынша полиметилен деп аталады,ал қайталанып келетін топ –CH2- болып табылады.
Полимер атауы поли сөзінен басталады,жақша ішіне ҚБҚ жазылады.Полимерге атау беру үшін:
1.ҚБҚ-ды анықтау керек.
2.ҚБҚ-ды бағыттау керек.
3.ҚБҚ-ға атау беру керек.
ҚБҚ қарапайым немесе буыншалардан тұруы мүмкін.Атомдар немесе буыншалар ҚБҚ орналасу реті бойынша солдан оңға қарай үлкендігі төмендейді.Үлкендік ережесі мына сатымен жүзеге асады:
1.Барлық гетероатомдар көміртегіне қарағанда үлкен болады.Олардың арасында қайсысының үлкен екенін периодтық жүйеде орналасуы бойынша анықталады.Ол периодтық жүйенің оң жақтағы жоғары бұрышынан бастап,топ бойынша сол жақтағы төменгі бұрышына дейін төмендеп отырады.Үлкендік қатары фтордан бастап мына қатар бойынша төмендейді:Ғ,Сl,Br,..,O,S,Se,..,N,P,As,..,Sb,Fr.
2.Буыншалардың үлкендік қатары былай анықталады:гетероциклдер>гетероатомдар>карбоциклдер>ациклдер.
3.Гетероциклдің үлкендік қатары:азоты бар қосылыстар->азотпен қоса гетероатомдар бар гетероциклдер.соңғы қосылыстардың үлкендік қатары 1 ережеге сай былай өзгереді:бензол сақиналары ең көп жүйелер->циклде ең көп гетероатом бар жүйелер->гетероатомдары ең көп жүйелер>гетероатомдар ассортименті ең көп жүйелер.Бірдей жағдайда қанықпаған циклдердің рөлі басымырақ.
4.Карбоциклді топтар арасында көп мөлшерде циклі барлар басымырақ болады,содан кейін жеке циклдері көп жүйелер>барлық циклдерге ортақ көп атомдары барлар>циклдерді бір бірімен қосатын сандары неғұрлым аздары>қанықпаған жүйелер.
Бейорганикалық және элементорганикалық полимерлердің номенклатурасы.Бұл полимердің номенклатурасы рационалдық және жүйелік болады.Екі жағдайда да элементтердің үлкендігі органикалық қосылыстар үшін алынған қатарға қарама қарсы келеді.Бұл полимерлер үшін үлкені периодтық жүйедеFr,кішкенесі-F.ИЮПАК номенклатурасы бойынша органикалық полимерлерге тән ережелер сақталады.Сызықтық полимерлерді атауының алдына «катена»(латын тілінен аударғанда»catena»-«тізбек»)деген қосымша жазылады.Егер ҚБҚ бірнеше атом болса,орталық атомды атағаннан соң,қосымша µ,одан әрі дәнекер лиганд жазылады.
Сополимер номенклатурасы.Сополимер макромолекуласының құрылысы гомополимерге қарағанда күрделі болып келеді.Макромолекула құрамындағы барлық буындардың құрылысын және олардың тізбекте орналасуын білу қиын.1985 жылғы ИЮПАК-тың ұсынысы бойынша сополимер атауы оның құрылым ұстанымы емес,шығу тегіне негізделген.Сополимерлердің құрамы және буындардың тізбекте орналасуы сан алуан болады,дегенмен барлық сополимерлерді мынадай жеті типке болады: 1.Құрылысы белгісіз сополимерлер.Егер сополимер А және В мономерлерінен тұрса,жүйелік номенклатура бойынша поли(А-со-В)деп аталады.Мыс:стирол мен метилметакрилат сополимерлерінің атауы поли(стирол-со-метилметакрилат)болады. 2. Статистикалық сополимерлер. Мономерлік буындар тізбекте статистика заңдарына сүйене орналасады. Мыс:Бернулли статистикасына. Сополиер атауы поли (А-стат-В). 3. Кездейсоқ сополимерлер. Бұл статистикалық сополимерлердің ерекшеленген түрі. Мономерлердің тізбекке қосылуы олардың реакциялық қабілетіне байланысты емес,кездейсоқтық заңымен анықталады.А және В мономерінен тұратын кездейсоқ сополимер поли (А-кез-В)деп аталады. 4. Алмасушы сополимерлер. Бұл сополимерлердің құрылымы ретті болып келеді, сондықтан А және В мономерлерінен тұратын осындай сополимерлер поли(А-ал-В) деп аталады. 5. Периодтық сополимерлер. Мұнда буын тізбекте ретті орналасады. А,В және С мономерлерінен түзілген сополимерлердің құрамы төмендегідей болуы мүмкін:
-АВВАВВАВВ- немесе –АВВ-
-ABCABCABC- немесе -ABC- және т.б. Осы екі сополимерлер былай аталады: поли(А-период-В-период-В), поли(А-период-В-период-С). 6. Блок сополимерлер. Олардың құрылымы бізге белгілі. Сондықтан А және В мономерлерінен түзілген мұндай сополимерлер –ААААА-ВВВВВ-поли А-блок-полиВ деп аталады.
