- •«Риторика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •6.Троптар мен фигуралар теориясы, олардың шешен сөйлеудегі ролі
- •7.Мнемотехника, оның көпшілік алдында сөз құрылымындағы ролі.
- •9. Көпшілік алдындағы сөз мәдениеті.
- •10. Шешендік сөздер түрлері
- •11. Іскер қарым-қатынас ерекшеліктері
- •12. Академиялық шешендік
- •13. Пікірсайыс тәсілдері
- •14. Пікірсайыс мәдениеті
- •15. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық
- •32. Аристотельдің шешен сөздегі тілдің біріншілігі туралы пайымдауы.
- •33. . Сот шешендігіне тән белгілер. Солон заңы
9. Көпшілік алдындағы сөз мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті Шешен сөздің нәтижелігі шешеннің тіл мәдениетіне байланысты болады. Тіл мәдениеті деп негізінен тілдік нормаларға сәйкестігін айтамыз. Шешен сөз мәдениеті мынадай қасиеттердің болуын талап етеді: тазалық-шешен сөзде артық, керексіз және шет сөздерді орынсыз пайдаланбау (мысалы, орынсыз жиі қолданылатын сөздер); тіл байлығы және тілдік құралдардың әртүрлі болуы-шешен адамның сөздік қоры мол болуы қажет (тілдік штапмтардың болмауы; сөзінде синоним, көпмағыналы сөздерді, антоним, омоним, тұрақты сөз тіркестерін т.б. қолдану); анықтылық- ойды аудиторияға түсінікті түрде жеткізу; мәнерлілік, тілдің көркем-айшықтау құралдарын қолдану арқылы жетіледі. нақтылық, бір жағынан шешеннің сөз еткен тақырыбын жетік білетіндігімен, екіншіден –сөздерді дұрыс қолдана білуімен, көпмағыналы сөздерді, синоним, антоним, омонимдерді пайдалануымен анықталады; дұрыстылық- әдеби тілдің нормаларын сақтау. Кәсіби қоғамдық қолдану саласына қарай әдеби тілдің бес түрін немесе функционалды стильдерін бөліп айту керек: 1) ғылыми стиль –бұл стильдің негізгі ерекшелігі нақтылық, ғылыми терминологияның болуы, сөздерді тура мағынада қолдану, эмоционалдық пен образды тілдік құралдардың болмауы; 2) баяндауда клише қолданып қысқалығымен сипатталатын ресми стиль; 3) авторлық бағалауы бар, сөздің мәнерлілік құралдарын, кең таратылған стилистикалық конструкцияларды қолданатын публицистикалық стиль; 4) көбінесе ауызекі лексикаға сүйеніп және тілдік құралдарды таңдаудағы еркіндігімен ерекшелінетін ауызекі стиль; 5) образдылық, әсемділік, көркемдігімен өзгешеленетін түрлі тілдік және бейнелеу-көркемдік құралдарды кеңінен қолданатын көркем стиль.
10. Шешендік сөздің түрлері.Шешендік кәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Ол адамдардың тұрмыстық және кәсіби қатынасының негізгі бөлігі. Қолдану саласына байланысты шешендік өнерді әр ғалым өзінше түрлі топарға жіктеп жатады. Сонысына қарай, шешендік өнердің бірнеше жүйелену түрі бар. Мысалы, Г.З. Апресян шешендік өнердің академиялық (жоғары оқу орындағы лекция, ғылыми баяндама, ғылыми талдау), сотта сөйленетін (айыптау сөзі, ақтау сөз, қоғамдық- айыптау сөз, қоғамды-ақтау сөз, айыптаушының өзін-өзі ақтау сөзі ,) саяси-әлеуметтік (саяси-әлеуметтік және саяси-экономикалық тақырып бойынша, есептік баяндама, саяси баяндама, елшілік сөз, саяси талдау, үгіттік сөзі), әлеуметтік-тұрмыстық (мерейтойларда айтыдатын сөз, дастархан басында айтылатын сөз, еске алу сөзі,) шіркеулік шешендік (шіркеуде айтылатын сөздер),-деп жіктейді. Академиялық шешендіктің өзіндік ерекшеліктері төмендегідей болады: ғылыми терминологияны пайдалану; айтылған пікірдің дәлелдігі; мазмұндаудың анықтығы, жүйелілігі; мазмұнның айқындылығы; көтерілген мәселелердің өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы; материалдың толықтығы. Педагогикалық шешендіктің негізгі белгілері: мазмұндаманың анықтылығы, баршаға жеткіліктілігі; эмоционалдығы; мазмұндаудың жүйелілігі, сатысы болатындығы; диалогтың көп қолданылуы; бір аудитория немесе сыныпта қайталанатындығы.
Ал Ахмет Байтұрсынов өз кезегінде шешендік сөздерді 5 топқа жіктейді:
Саясат шешен сөз; 2) Билік шешен сөз; 3) Қошемет шешен сөз;
4) Білімір шешен сөз; 5) Уағыз.
Ә. Мәметова 2-ге жіктейді: Шешендік дау; Шешендік толғау.
Балтабай Адамбаев та шешендік сөздерді тармағына қарай бөліп қарастырады:
Шешендік арнау; Шешендік толғау ; Шешендік дау. Ал Анарбай Бұлдыбай шешендік сөздерді дәл Б. Адамбаев сынды жіктейді, алайда, ол сонымен қатар, шешендік сөздің төртінші түрі деп – суырып салмалықты да қоса кеткен екен.
