- •1.Денсаулық ұғымына анықтама беріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтаңыз.
- •3.Денсаулық өмір сүру стилі ретінде мән-мазмұнын ашыңыз.
- •5.Әлеуметтік,экономикалық факторлардың денсаулыққа әсерін түсіндіріңіз.
- •6.Денсаулық сақтауды адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде сипаттаңыз.
- •7.Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •8.Антикалық кезеңнен бастап хіх ғ. Дейінгі денсаулық сақтау жүесінің даму тарихын мазмұндаңыз.
- •10.Щвеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкердің рөлін сипаттаңыз.
- •11.Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •16) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •17) Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелерді сипаттаңыз.
- •18) Германиядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлердің функциясын, орнын анықтаңыз.
- •19) Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтерді сипаттаңыз
- •21) Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлерін ашып көрсетіңіз
- •22) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •23) Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілерін көрсетіңіз
- •24) Әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның негізгі мазмұнын қарастырыңыз
- •26) Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттарын ашып көрсетіңіз
- •27) Нашаға бағынушылықпен айналысатын мекемелер, олардың негізгі қызметтерін анықтаңыз
- •28) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәселелеріне тоқталыңыз
- •29) Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •30) Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясының ерекшелігін қарастырыңыз.
- •31) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашыңыз.
- •32) Әлеуметтік технология түсінігі,оның денсаулық сақтау жүйесінде қолданылу ерекшелігі
- •33) Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлерін көрсетіңіз
- •34) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік технологиясын сипаттаңыз
- •35) Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технолгиясының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз
- •36)Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін ашып көрсетіңіз
- •37)Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс жүргізудің спецификасына тоқталыңыз
- •38)Онкологиялық аурулардың психологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.
- •39) Гериатриялық орталықтар,геропрофилактикалық орталықтардың қызметтерін ашып көрсетіңіз
- •40) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқын сомдаңыз
- •42) 20Ғ.Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз.
- •43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы,мәселелері,болашағына талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •46.Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз.
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз.
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз.
- •50.Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне(ақш,Швеция,Ұлыбритания) талдау жасаңыз.
- •52.Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз.
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз.
18) Германиядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлердің функциясын, орнын анықтаңыз.
Германияда әлеуметтік-медициналық жұмыс мелекеттік сипатқа ие,бірақ ерікті және жеке ұйымдар да жоқ емес.Әсіресе медициналық патронаж кең түрде қолданылады.Клиенттер өздерінің қажеттілік тер мен ауру деңгейлеріне бай-ты әлеуметтік қызметтерді өз бетінше таңдай алады.
Медициналық заңнама денсаулық сақтау саласындағы негізгі нормативті-құқықтық базаны зерттейді, ол денсаулық сақтау жүйесінде жоспарлау, ұйымдастыру және адам ресурстарымен басқаруды қамтамасыз етеді.Бүгінгі денсаулық сақтаудағы заңнамалардың теориялық негіздерін білу әрбір маманның кәсіпкерлік дайындығында ең қажетті негізі болып табылады.
Соңғы кездері көп елдерде дәрігерлермен басқару жөніндегі мамандар арасында келіспеушілік жиі кездеседі.Басшы қызметіндегі дәрігерлердің басқарудың теориясы мен практикасынан білімдері жеткіліксіз болса, ал басқару жөніндегі мамандар денсаулық сақтау жүйесінің ерекшіліктерін толық түсіне бермейді. Соңғы кездері медициналық ұйымдарды дәрігерлер басқару керек деген пікірлер жиі айтылады,ал коммерциялық сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдардың әкімгерлермен басқаруына қарсы пікірлер айтылды. Денсаулық сақтау басқару жүйесінен дәрігерлерді ығыстыру, медициналық көмектің ұтымдылығы медициналық міндеттердің төмендеуіне әкеліп соғады.
Бүгінгі басқару жүйесі ұйымдастырушылық мәдениеттің жоғарлауына,қызметкерлердің мотивациясына,басқару стиліне бағыталған. Ұйымдастырушылық мәдениет басқарудың негізгі құралы болып табылады,ол санғасырлық салт дәстүрге, қағидаларына , адамзаттың даму тарихына негізделген.
19) Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтерді сипаттаңыз
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі. Әлеуметтік-саяси кепілдіктер - [франц. garantie - кепілдік, қамтамасыз ету] - әлеуметтік және саяси дәрежелерді, рөлдерді, құқықтар мен бостандықтарды және адамдар мен топтардың міндеттерін жүзеге асыруға шынайы мүмкіндік беретін материалдық, әлеуметтік, саяси және заңдық құралдар, шаралар, жағдайлар. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты, кәсіподақтар мен қорлар және басқа да ұйымдар шешуші рөл атқарады. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қоғамның барлық мүшелері қажетсінеді, бірақ балалар, мүгедектер, қарттар және еңбекке жарамсыз жандар ерекше зәру. Олар үшін әртүрлі жәрдемақылар, зейнетақылар, жеңілдіктер, пұрсаттар аса маңызды мәнге ие. Ерекше Әлеуметтік-саяси кепілдіктер әлеуметтік-кәсіби (мыс., өте ауыр және зиянды өндірістегі жұмысшыларға) және әлеуметтік-аумақтық (мыс., Арал аймағы тұрғындарына) негізде де берілуі мүмкін.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру – зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мем. Емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады. Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесімен дербес қорланымдыр жүйесіне өтпелі кезкң зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажетігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мем.емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі - мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі - қарттар);
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі - үйсіз адамдар) қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға (отбасыларға) және (немесе) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, сондай-ақ жасына байланысты.
20) Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздеріне тоқталыңыз. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары бар.
2005-жылдан бастап елімізде 1-5 жас аралығындағы балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін, 3-қарашада үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Н.Назарбаевтың айтуынша, диспансерлік тіркеуде тұрған жасөспірімдер мен балалар, сондай-ақ, жүкті әйелдер де тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, президенттің пайымдауынша, 2005-жылдан бастап еліміздегі ересек тұрғындарды жыл сайын тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өткізіп отыру үрдісін енгізу қажет, ол үшін дәрігерлік мекемелердің жұмысына қолайлы жағдайлар тудыру талап етіледі.Облыстық әкімдікте өңір халқын тегін және түрлі жеңілдіктермен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтуды оңтайландыруға бағытталған жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Денсаулық басқармасы облыс әкімінің тапсырмасымен соңғы бес жылдағы жағдайды зерттеп, бұл жүйедегі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін өз жобасын әзірледі.Қазіргі уақытта Үкімет және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапалы және қазіргі заманғы жүйесін дамыту мен жетілдіруге, сондай-ақ, ушығулар мен емдеуге жатқызу жағдайларын төмендетуге ерекше көңіл бөлуде. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында, дамудың басым бағыттарының бірі халықтың амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруге үлкен көңіл бөлінген.
2012 жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша негізгі іс-шараларды іске асыру басталды. Өткізіліп жатқан реформалардың негізгі мәні пациентке, оған көрсетілетін дәрілік көмектің сапалылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған фокусты айқындаумен тоғысады.
Бүгінде, позитивті қозағлыстарды байқауға болады. Осылайша, 2012 жылдан бастап пациенттер, бұдан бұрын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде тегін негізде босатылған және препарат құнының 50% өз қаражаты есебінен төленген дәрілік заттарды тегін алатын. Амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесінің 2012 жылы 40 пайызының 179-дан 276-ға өскенін де атап өткен жөн. Дәрілік заттардың көлемінің ұлғайғаны жүректің ищемиялық ауруы, артериалды гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, пневомония, асқазан жарасы ауруы, созылмалы өкпе жетіспеушілігі, жүрек қызметінің артемиясы сияқты ауруларды қамтыды. Тізім жекелеген ауруларды біріктіру, дәлелді медицина позициясы бар және дәлелді тиімділігі жоқ препараттарды қоспағанда дәрілік заттарды қайта қарау арқылы оңтайландырылды.Азаматтар тегін дәрілік заттарды емханадан шықпай-ақ медицина ұйымдарында ұйымдастырылған арнайы дәріхана пункттерінде ала алатындығының маңызы зор. Сонымен қатар біздің халқымыз үшін маңызды жағдайларды осы жылдың басынан бастап енгізілетін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі әкеледі деп күтіледі.
