- •Гравиметрлік анализ. Жоспары:
- •Тақырыбы: Титриметриялық анализ.Титриметриялық анализде эквиваленттік нүктені анықтау әдістері. Жоспары:
- •Жоспары:
- •Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу.
- •Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу
- •Тақырыбы: Тотығу – тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия). Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тепе-теңдігі.
- •Тақырыбы: Тотығу – тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия) Жоспары:
- •Тұндыру әдісі бойынша титрлеу
- •4. Мор, Фаянс және Фольгард, тең лайлану әдістері.
- •5.Меркуриметрия.
- •Комплексонометриялықтитрлеу. Жоспар.
- •2.Титрлеу әдісі.
- •3. Комплексонометрия индикаторлары
- •Эдта-мен комплекстердің құрылымы, тұрақтылығы және құрамы
- •Титрлеу әдісі
- •Жұмысшы ерітінділер
- •Титрлеу қисықтары
- •20, 40, 45 Мл эдта қосылғаңда, мынадай
- •Комплексонометрия индикаторлары
Комплексонометриялықтитрлеу. Жоспар.
1.Әдістің негізі.
2.Титрлеу әдісі.
3. Комплексонометрия индикаторлары
Әдістің негізі
Комплексон деп аталатын кейбір органикалық реактивтермен комплекстік қосылыстар түзетін иондарды анықтау реакцияларына комплексонометрия негізделген. Мұнда өте берік, суда жақсы еритін комплекстік қосылыстар түзеледі. Әдіс тездігімен және жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді.
Комплексондар аминополикорбон қышқылдарының туындысы болып табылады.
Комплексонометриялық титрлеу ертеректен белгілі (150 жылдан астам). Алғашқы жұмыстар иодид иондарын анықтауға жатады.
KI + Hg(NO3)2 ↔ K2[HgI4] + 2KNO3 (5)
1851 ж Либих цианидтерді күміс нитраты ерітіндісімен комплексонометриялық анықтау туралы жазды:
КСN + АgNOз ↔ К[Аg(СN)2] + КNO3 (6)
Бейорганикалық титранттар қазіргі уақытта шектеулі қолданылады. Оларды ішінен ең кең тарағаны хлоридтерді, бромидтерді, роданидтерді, цианидтерді және тиомочевинаны миркуриметриялық титрлеу әдісі.
4КХ + Нg(NO)3)2 ↔ К2[НgX4] + 2КNO3 (7)
Органикалық титранттар айтарлықтай көп таралған. Соңғы уақытта тиолдар, купферон, дитизон және басқалар қолданылып жүр.
Олардың комплекстерге қарағанда артықшылығы арнайылығында. Органикалық комплекс түзушілерді қолданатын титриметриялық әдістерде эквиваленттік нүктесін металлохромдық индикатормен анықтайды (электрохимиялық әдіспен).
Комплексонометрия реакцияларына қойылатын жалпы талаптар барлық титриметриялық әдістегілерге ұқсас: - олар тез, соңына дейін, қосымша процестерсіз және т.с.с. өтуі керек.
Комплексонометриялық әдістің сұрыпталуы (селективтігі) әдетте үлкен емес, және қандай донордық атомдар катионмен әрекеттесуде қатысатынына байлынысты. Иодидтер кейбір элементтермен ғана (Нg22+, Аg+, Рb2+, Ві3+) тұнба және комплекстер түзетін болғандақтан, калий иодидімен титрлеу жоғары сұрыпталуға алып келеді. Аммиак және полиаминдердің де, әсіресе, комплексондарға қарағанда сұрыпталуы жоғары. Мысалы, тетраэтиленпентаминді қолдану әрекеттесу сұрыпталуы бойынша ерекшелігі үлкен, себебі ол элементтердің аз санымен тұрақты комплекстер түзеді.
Эдта-мен комплекстердің құрылымы, тұрақтылығы және құрамы
Әр түрлі комплекстердің саны бірнеше жүзге жетсе де "Комплек-сонометрия" немесе "хелатометрия" терминімен атағанда аналитикалық тәжі-рибеде, кеңінен тараған этилендиаминтетрасірке қышқылының тұзымен, жиі трилон Б немесе ЭДТА (Nа2Н2Ү*2Н20) деп аталатын оның қоснатрилі тұзымен титрлеу реакцияларын есте тұтады.
Этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДТСҚ) төрт негізді болып табылады:
Н – ООС – СН2 \ / CH2 – COOH
N – CH2 – CH2 – N
Н – ООС – СН2 / \ CH2 – COOH
Оның сулы ерітінділерінде келесі протолитгік тепе-тендік орнайды(Ү4- - ЭДТСҚ анионы):
Н4Ү + Н20 ↔ Н3Ү- + Н3О+, K1 = 10-2pK1= 2 (8)
Н3Ү- + Н20 ↔ Н2Ү2- + Н30+, K2= 1,8*10-3pK2= 2,67 (9)
Н2Ү2- + Н20 ↔ НҮ3- + Н30+, K3= 6,9*10-4pK3= 6,16 (10)
НҮ3- + Н20 ↔ НҮ4- + Н30+, K4= 5,5*10-11pK4= 10,26 (11)
ЭДТСҚ-ның әр түрлі катиондармен әрекеттесу реакциясы мына тендіктермен өтеді:
Са2+ + НҮ2- ↔ СаҮ2-+ 2Н+ (12)
А13+ + Н2Ү2- ↔ А1Ү- + 2Н+ (13)
Zr4+ + Н2Ү2- ↔ ZrҮ + 2Н+ (14)
яғни, катионның зарядына байланыссыз комплекс түзілу реакциясында онымен бірге бір анион қатысады да екі протонды ығыстырып шығарады. Титранттар және анықталатын катиондар эквиваленттерінің мольдік массалары олардың мольдік массаларына тең.
Магний, кальций және басқаларды тек сілтідік ортада титрлеуге болады. Көптеген катиондар аммиакты буферлі ерітіндідетитрленеді, Ғе3+Zr4+ сияқты өте берік комплекс түзетін катиондарқышқылдығы басым ерітіндіде титрленеді.
рН = 3-6 болғанда ерітіндіде негізінен Н2Ү2- иондары, ал рH < 2 — қышқыл болады. ЭДТСҚ өзінің құрамына 6 функциональдық топқа ие; екі амин және төрт карбоксильдік — осыған орай хелат түзуші мүмкіндігі (алты дентатты лиганд) бар.
