Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсавой МАТЕМАТИКА АЙДАНА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

Логикалық есептердің түрлері:

  • Күнделікті өмірмен байланысты есептер – баланың күнделікті өмірде байқампаздығын арттырады;

  • Кеңістікте ойлау қабілетін жоғарлатуға арналған есептер – бұл есептерді шығару арқылы баланың кеңістегі ойлау қабілеті артып, кез келген заттарды, оқиғаларды кеңістікте көре алады;

  • Математикалық негізде шығарылатын есептер – баланың математикалық негіздегі білімі, тәжірибиесі артады;

  • Салыстыру арқылы шешім табуға арналған есептер – заттардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын анықтап, белгілері бойынша ажырата алды;

  • Ұқсас ерекшеліктерге байланысты топтастыру арқылы шығарылатын есептер – ұқсас ерекшеліктеріне байланысты заттарды іріктеп, топтастыруға үйретеді.

Логикалық есептер:

        1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?

  1. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

  2. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?

  3. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

  4. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

Дидактикалық ойындар- мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше.Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады.

Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып,бала қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ізеттілік,ізгілік,инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі.

Дидактикалық ойындар:

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.

Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.

1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.

2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).

3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

Мектепке дейінгі ұйымдарда математика сабақтарында осындай жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізетін болса, онда балалардың шығармашылық қабілеттері ғана емес, логикалық ойлау, санау, есептер шығару қабілеттері де дамитын болады.

2.2 Математика сабақтары арқылы балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық оқу іс-әрекетінен тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануға баланың шығармашылығын қолдап отырады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың көркемдік –шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында математика сабақтарында төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қолдануға болады.

Тақырыбы: Логикалық есептер сайысы

Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: асық, пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке,

Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика ғылымы жайында

«Логикалық есептер» сайысын

Бастаймыз!

Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/

Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

/Дауыс/

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы №20 «Дидар» мектепке дейінгі ұйымы аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!

Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.

Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/

1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,

Арайлап ата берсін әрбір таңын.

Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,

От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.

2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашан да үміткерміз жеңіске.

/Дауыс/ Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!

Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!

1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»

Блиц-турнир

1-топ:

  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)

  3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)

  4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

  5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

2-топ:

  1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)

  2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)

  3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)

  4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

  5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

2 - аялдама: Тапқырлар патшалығы

Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жауабын парақтардан табасыңдар. Есептердің мәндерін суретті жинау керек - 1 ұпай. Суретте кім бейнеленгенін шешсеңдер тағы – 1 ұпай саны қосылады.

2+5 2+8

10-5 1+1 6+1

3+3 5+0

1. Жанкүйерлерге сұрақ (Фокус).Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)

3 - аялдама: «Ойлан, тап!» аялдамасы. Суретте жетіспейтін фигура тауып, алдында жатқан фигуралар арасынан тауып көрсету керек.

4-аялдама: Пуассон есебі. Назарларыңызға өмірде жиі кездесетін практикалық маңызы бар бір есеп ұсынбақпыз. Бұл есепті кезінде француз математигі Пуассон шешкен екен. Сондықтан, бұл есеп Пуассон есебі деп аталады.

Бір ыдысқа 3л, екінші ыдысқа 5л су сияды. Осы ыдыстарды пайдаланып, 4л. суды қалай құйып алуға болады?

5 – аялдама: 6*6 аялдамасы: Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.

И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

(Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш

Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз))

Жанкүйерлерге тапсырма:

Қолды тақтадан үзбей екі қолмен бір уақытта екі фигура салу.

Қосымша: Сергіту аялдамасы

Есеп: Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)

/Дауыс/

Құрметті жолаушылар! Пойыз Елтай орта мектебінде. Абайлаңыздар, сақ болыңыздар!

Жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып, әділ сына

Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші: Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны белгілі. Біздің жас математиктер математика туралы не дер екен?

Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!

Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрермен баршаңызға

Мың алғыс, мың рахмет!

Осы ұйымдастырылған жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері дамиды.