Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоргалка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.78 Mб
Скачать

Толықсытуға арналған арнайы шкафтар

Арнайы шкафтарды пішіні мен массалары өзгермейтін белгілі бір түрлі нан өнімдерін шығаратын ағынды желілерде қолданылады. Бұл қамыр дайындамаларын отырғызу, түсіру және кесу операцияларын механикаландыру үшін алғы шарттар жасайды. Осы топтың көптеген конвейерлік шкафтары құрамына аталған операцияларды орындауға арналған механизмдер мен қондырғылар кіретін агрегаттар болып табылады.

Батон тәрізді өнімдердің дайындамаларын толықсытуға арналған шкафтар (1, а – сурет). Массасы 0,4-0,5 кг қамыр дайындамаларын толықсытуға арналған. Екі нұсқада шығарылады: түбінің ауданы 25 және 50 м2 тоннельдік пештері бар ағынды желілер үшін. Шкафтар Г-тәрізді пішінді болады, олардың құрамына қоректендіргіш-тиегіш, ұстаудың бесікті конвейері, бесіктерді аударғыш және кескіш кіреді.

Шкафтың конструкциясында жеті унифицирленген секциялар – А, Б, В, Г, Д, Е, Ж қолданылады. Каркас бұрыштық болаттан орындалады және металл қаптамамен жабылған. Ж секциясы тұғыр болып табылады. Онда конвейердің жетекші білік 7, коректендіргіш-тиегіш 6 , бесіктерді аударғыш 9 және кескіш 8 орналасқан. Бұл секцияда Е, Д және Г тік секциялары орнатылған, оларға тірекке тірелген А, Б, В секцияларынан тұратын консольдік шкаф жанасып орналастырылған. Шкафтың өнімділігін қосымша консольдік шкафтарды орнату арқылы арттыруға болады.

Каркастың ішінде тізбекті жұлдызшалардың он жұбынан және екі шексіз пластинкалы втулкалы-роликті тізбектерден 4 тұратын шынжырлы конвейер орналасқан, жұлдызшалардың екі жұбы (2 және 3) – созылмалы, қалғандары – бағыттаушы болып табылады. Әрбір екі буын сайын шарнирлердің көмегімен бесіктер 5 ілінген.

Конвейердің қозғалысы (1, б – сурет) біркелкі-үздікті болып табылады және электроқозғалтқыштан 1 іске асырылады, электрқозғалтқыш сынама белдікті беріліс 2, червякты редуктор 3, кривошип 4, тяга 5, рычаг 6 және собачка 7 арқылы храпты дөңгелекті 8 айналдырады.

Конвейердің бесігі (1, в – сурет) оның көлденең осьіне қатысты ығысқан құбыр 1 арқылы қатаң жалғанған екі бүйірден 4 тұрады. Бүйірлерге екі осьтің 2 көмегімен құбырға 1 тіреліп тұратын рамка 5 бекітілген. Рамка матадан жасалған қаптамамен 10 қапталған, ол қамыр дайындамаларына арналған алты көлденең орналасқан қалталар 9 түзеді. Бүйірлерге втулкалар 6 дәнекерленген, олардың ішіне шплинттермен 7 бекітілген саусақтар 8 салынған. Бүйірлердің саусақтары конвейердің 11 тартқыш тізбектерінің втулкаларына салынған.

Қамыр дайындамалары салынған бесіктер қозғалған кезде рамка құтырға тіреліп, көлденең күйде орналасады. Ұстау аяқталған кезде бесікшені аудару механизміне жақындайды, ал ол өз кезегінде рычагпен поводокты 3 басып, рамканы оське 2 қатысты бұрады. Нәтижесінде ол аударылып, қамыр дайындамалары подқа немесе пештің отырғызу механизмінің жазықтығына түсіріледі.

1 – сурет. ЛА-23М конвейерлік шкафы:

а – жалпы көрінісі; б – бесікшелі конвейер жетегінің кинематикалық сызбасы; в – бесік.

2 – сурет. РШВ конвейерлік шкафы.

Ұстау шкафындағы ортаның оптималды температурасы мен ылғалдылығын Г секциясындағы құбыр арқылы желдеткіштен шкафқа ауа беру арқылы қамтамасыз етіледі (1, а – сурет қараңыз). Шкафтан шыққан пайдаланылған ауа А секциясындағы патрубок арқылы әкетіледі.

Ұсақ даналы және тоқаш өнімдерінің дайындамаларын толықсытуға арналған шкаф. (2 – сурет). Тік тізбекті конвейері бар шкафтарға жатады. Өнімділігіне байланысты торлы подының ауданы 25, 40 және 50 м2 болатын пештер үшін үш түрлі өлшемді шкафтар шығарылады.

Шкафтың комплектіне отырғызғыш 1 және шкаф бесіктерін түсіруге арналған және қамыр дайындамаларын пештің подына салуға арналған тасымалдағыш таспалы транспортер 11 кіреді.

Шкафтың каркасы 2 бұрыштық болаттан орындалған. Жоғарғы және бүйір жақтарынан алынатын қорщаулармен 13 жабылған. Шкафтың ішінде жұлдызшалардың 6 жиырма үш жұбы орналасқан, оларға ұстау бесіктерін 14 тасымалдайтын конвейердің 3 тізбектері тартылған. Бесік аспасының адымы тізбектің әр төрт адымы сайын қойылады. Жұлдызшалар 15 жетек білігіне 19 бекітілген. Конвейердің тартылуы тарту станциясының 16 көмегімен іске асырылады. Конвейердің 5 бос тармағы шкафтың сыртында 4, 7, 8 жұлдызшалары бойымен қозғалады, бұл бесік ұяшықтарының матасын кептіру үшін қажет. Бесіктерді тиеу таспалы транспортердің 10 барабанында 9 жүргізіледі, оның екінші ұшы пластинаның 18 дөңгеленген шетін айналып өтеді және ол қамыр дайындамаларын пештің подына салу үшін қызмет етеді.

Дайындамалар таспалы транспортер арқылы ротордың 26 қалталарына жіберіледі, одан белгіленген адыммен отырғызғыш транспортердің 17 таспасына түсіріледі. Дайындамалар толық оның үстіне түсіріліп болған кезде таспа тоқтап, арнайы механизмнің көмегімен аударылады. Бұл кезде қамыр дайындамалары толықсыту шкафының бесіктеріне түседі, ал таспа қайтадан көлденең қалыпқа енеді де, тиеу циклі қайтадан қайталана алады.

Заготовкаларды түсіру валға 12 бекітілген таспалы транспортердің 9 барабанында жүргізіледі. Оның қасынан өткен кезде ұстау шкафының бесігі таспаға жанасып, онымен бірге барабанды айналады, көлденең бөлікке шыққан кезде заготовкалар таспалы траноспортерге түседі, ал босаған бесіктер бастапқы күйіне түсіп, жоғары қарай көтеріледі.

Бесіктер конвейердің жоғарғы тік тармағымен өткен кезде кептіріледі, бұл қамыр заготовкаларының матаға жабысып қалуының алдын алады.

Конвейердің приводы электрқозғалтқыштан 23 клинбелбеулік передача 24, жылдамдық реттегіші 21, сынама белдікті беріліс 22, червякты редуктор 25 және шынжырлы беріліс 20 арқылы іске асырылады.

Бесікті конвейері тігінен орналасқан толықсыту шкафтарының өлшемдері кішкентай болып келеді, олардың дайындамаларды тиеу және түсіру операциялары толық механикаландырылған. Шкафтар пайдалануға өте қолайлы.

9.5 – сурет. Ш2-ХКА технологиялық кондиционерінің сызбасы.

Бірақ ауалы ортаның температурасы және ылғалдылығының орташа ауытқуларының айырмашылығы контейнерлердің жоғарғы және төменгі бөліктерінде сәйкесінше 5-7°С және 10-15% жетуі мүмкін. Бұл өнімдердің сапасын төмендетеді.

Дөңгелек подтық нанның заготовкаларын ұстауға арналған шкафтар (9.4 – сурет). Подының аудандары 25, 40 және 50 м2 болатын пештері бар ағынды автоматтандырылған желілер үшін үш түрлі өлшемді шкафтар шығарылады. Әр өлшемді шкафтардың конструкциялары бірдей болады, бірақ олар бір-бірінен көлденең секциялар мен бесіктердің санымен ерекшеленеді.

Шкафтың комплектіне жеткізуші таспалы транспортер 5, маятникті типті отырғызғыш 4, бесіктерден пештің подына заготовкаларды түсіру механизмі 2, басқару пульті 6 және шкафқа кондиционирленген ауа беруге арналған патрубоктар 13 кіреді. Конвейерлік шкаф унифицирленген секциялардан 1 жиналған каркас түрінде болады. Шкафтың консольдік бөлігі тұғырларғы 14 тіреледі. Каркаста бесікті конвейер монтаждалған, ол тізбекті жұлдызшалардың тоғыз жұбынан және адымы 100 мм болатын екі шексіз втулкалы-роликті тарқыш тізбектерден 9 тұрады. Жұлдызшалар 3 приводтық болып табылады, ал жұлдызшалардың екі жұбы 11 және 12 – созылмалы болып табылады. Тізбекке әр үш буын сайын 300 мм адыммен шарнирлердің көмегімен сегіз қалталы бесіктер ілінген, олар массасы 0,8-1,0 кг қамыр заготовкаларына арналған. Бесікті конвейер арасында тоқтап тұрып периодты қозғалады.

Конвейерлік шкаф қолдан және автоматты режимдерде жұмыс істей алады. Автоматты режимде қамырды бөлгіш периодты жұмыс істейді және әр сегіз қамыр заготовкасын шығарған соң тоқтайды. Бөлгіштің қосылуы пеште орналасқан датчик арқылы іске асырылады. Сегіз қамыр заготовкалары кезекпен домалатқыштан ұн шашатын механизммен 7 жабдықталған таспалы транспортерге 5 келіп түседі. Иілгіш пластиналардың 8 астынан өтіп, заготовкалар 180° бұрылады және оларды конвейер бесігінің қалталарына салатын маятникті отырғызғышқа беріледі. Бесікке сегіз заготовканы салған соң датчик конвейердің электрқозғалтқышын қосады, нәтижесінде тізбектер бесіктердің бір адымына ауысып, ұстау ұзақтығын реттеуші механизмнің соңғы ажыратқышымен тоқтатылады.

Бесік түсіруші тіреулерге 2 жеткен кезде оның кассетасы аударылады да, қамыр заготовкалары пештің подына 15 салынады. Бесік кассеталарының бастапқы күйге оралуы келесі екі түреудің көмегімен жүзеге асырылады. Өнімдерді тұйық пештерде бесіктің подында пісірген кезде шкаф конвейерінің бесіктерінен қамыр заготовкаларын түсіру отырғызу механизмінің жазықтығына жүргізіледі.

Технологиялық кондиционерлер. Ұстау шкафтарындағы ауаның температурасы мен ылғалдылығы заготовкалардың беті кеуіп кетпейтіндей және ылғалданбайтындай деңгейде ұсталып отыруы керек, яғни қамыр заготовкалары бетінің температурасы ылғалданған термометр мен шық нүктесі температураларының интервалында болуы керек. Ауалық ортаның оптималды параметрлерін кондиционер қамтамасыз етеді.

5 - лекция

Дәндерді ылғалмен өңдеу машиналары. Жуу машиналары. Сумен қауыздау машиналары. Астық өнімдерін жылумен өңдеу машиналары. Жылыту аппараттары. Жылумен кондиционерлеу. Ауалы-сулы кондиционерлер. Кондиционерлер. Ылғал төмендету аппараттары.

Астықты ылғалдаушы және ылғалдап қауыздаушы машиналар

Сортты ұн шығару технологиясында астықты ылғалдау және бөктіру – маңызды этаптарының бірі болып саналады. Жоғарғы сорт пен ұнның жалпы шығымы, осы астықты мөлшерленген сумен өңдеу технологиясымен өңдеуші

техникаға тікелей байланысты. Астықты сумен қауыздау дәннің бетіндегі топырақ, шаң және микроорганизмдерден тазалауға мүмкіндік береді.

Ұн зауыттарында астықты сумен өңдеудің екі варианты қолданылады: 1-ші вариантта астықты шамамен 1,5 – 2 % ылғалдап, астық бетін А1-БМШ машинасында ылғалдап қауыздайды. Шамамен қауыздың 0,1 % алынады. Одан соң астықты А1-БУЗ ылғалдандырушы аппаратында қосымша ылғалдандырып (шамамен 1,5 %) белгілі бір уақытқа бөктіруге жібереді. Ылғал эндоспермге каппилярлар мен микросызаттар арқылы өтіп, қабат аралық байланысты босатады, яғни эндосперм - морттанады (хрупкий), ал қауызы – иілгіш (пластичный) болады.

А1-БМШ машинасынан кейін қалдықтары бар суды А1-БСТ сепараторында қалдықтарды бөліп алып, Б6-БПО шнекті прессте сығымдап, ылғал қалдықтарды(шамамен W=50-60%) У2-БСО буландырушы кептіргіштерде(W=15% дейін) кептіреді.Бұл технологиялық операцияның мақсаты ұнтақтау алдында қауызы мен дәннің физика-механикалық айырмашылығын күшейту, бөктіру мен ылғалдау уақытын солай таңдайды, ылғал тек дәннің қауызына өтуі тиіс. Бұл этапта бөктіру уақыты 15 мин. аспайды.

А1-БМШ дәнді ылғалдап қауыздаушы машинасы.

Бұл машина астық дәндерін жуу, сығымдау және бетін қауыздау үшін қолданылады. Негізгі түйіндері: корпус, станина, ротор, торлы цилиндр және жетек.

Сурет 1 А1-БМШ дәнді ылғалдап қауыздаушы машинасы.

Дәнді ылғалдап қауыздаушы машинасының технологиялық процессі келесі ретте жүреді. Астық пен су қабылдаушы құбырға бір уақытта беріледі. Астық гонкалардың көмегімен жуу аймағынан, сығымдау және қауыздау аумағы арқылы жоғары көтеріледі. Өңдеуден кейін ротордың жоғарғы бөлігіндегі қалақшалардың көмегімен тазаланған астық құбырдан шығарылады. Өңдеу процессі кезінде астық бірнеше рет гонкалармен лақтырылып , ішіндегі цилиндр пішінді тордың бетіне ұрылады. Дәндердің өзара үйкелісу және ұрып-соққылау нәтижесінде дәннің бетін қауызынан, минералды қоспалардан, ұрықтық бөлігінен тазаланады. Тордан өткен қалдықтар мен тордың бетіндегі және корпустағы бөлшектер сумен төмен қарай сырғып, конус арасындағы сақиналы жол арқылы сыртқа шығарылады.

А1-БМШ дәнді ылғалдап қауыздаушы машинасының жұмыс тиімділігі дәнді дақылдарды 1,6...2,0 % ылғалдаумен, қалдық мөлшері 0,1 %; қалдық күлділігі 3,0 және дәннің күлділігі 0,02...0,05 %-ға төмендеуімен сипатталады. Машинаның технологиялық тиімділігі түсетін жүктемеге, ротордың айналу жиілігіне, гонка мен цилиндр пішінді тордың арасындағы саңылауына, гонкалардың орналасқан көлбеу бұрышына және т.б. байланысты.

Астық өнімдерін жылумен өңдеу машиналары. Жылыту аппараттары. Жылумен кондиционерлеу.

Дәннің құрылымды-механикалық құрамын және тағамдық сапасын жоғарылату үшін астықты жылумен өңдейтін машиналарды мына ретте жіктеуге болады. Дән өнімдерін өңдейтін машиналар ұн зауыттарында екі түрлі болып келеді: 1.Қыздырғыштар

Кондиционерлер екі түрлі болады: 1.Бумен өңдеу

2. Ауалы-сулы өңдеу

Жарма өнімдерін өңдейтін машиналар жарма зауыттарында екі түрлі болып келеді: 1. Буландырғыштар

2. Кептіргіштер

Буландырғыштар екі тәсілде: 1.Үздіксіз әрекетте

2. Үздікті әрекетте

Кептіргіштер де екі тәсілмен: 1.Таспалы(мақта өнімдерін кептіру үшін)

2. Бумен (дәннің биохимиялық және құрылымды-механикалық құрамын өзгерту үшін)

Жылыту аппараттары. Төмен температурамен өңдеуге түскен дән өнімдері морт болғандықтан, оны ұнтақтау кезінде қауызы жеңіл майда түйіршіктерге ұсақталып, ұнға түсу арқылы оның сапасын төмендетеді. Сондықтан ұн зауытының астық тазалау бөлімінде арнайы астық дәндерін жылытатын машиналар орналастырылады.

БПЗ типті жылытқышта бидай, қара бидай дәндерін -5оС – тан +15 оС дейін көтеруге болады. Жылытқыш шахтадан тұратын негізгі түйіндері келесі суретте көрсетілген.

Сурет - 2. 1-рама; 2-станина; 3,7,8-құбырлар; 4,10- жылыту секциялары; 5,6-камера; 9-көлбеу жазық бет; 11-қақпақ; 12-саңылау; 13,14-өлшеу құралдары(датчиктер); 15-деңгейін көрсететін сигнализатор; 16-винтті механизм; 17-электроқозғалтқыш; 18-редуктор; 19-кривошипті-шатунды механизм; 20-каретка; 21,22-бункер; 23-аппараттың өнімділігін реттегіш.

Жылыту секциясында шахматтағы тәртіппен доғал пішінді құбырлар 7 орналасқан, оның ішінде цилиндрлі 8 құбырлар бар. Олар екі камераға 5,6 вертикальді орналасқан бөгеттермен бөлінген өзара коллекторлармен байланысқан.

Құрғақ қаныққан бу жоғарғы секцияға коллектор 6 камерасына беріледі, одан өтпелі құбырмен төменгі секцияға коллектордың буландырушы камерасына өтеді. Камерадан 6 бу құбырларға түсіп, құбырлар 7,8 арасымен сақиналы саңылаумен камераға 5 қайта оралады. Ол конденсацияланған буды жинақтағышпен байланысқан. Жылыту секциясындағы шахтаның оң және сол жағынан астық дәндерінің қозғалысын бағыттап тұратын көлбеу жазық беттер орналасқан.

Дәндер қақпақтағы 11 екі саңылау 12 арқылы жылытқышқа түсіп, жылыту секциясын толтырады. Одан соң автоматты түрде жылытқыштың шығару механизмі қосылады. Астық дәндері құбырлар арасымен төмен баяу қозғалу арқылы қыздырылады. Төменгі жылыту секциясынан дәндер бункерге 22 шығарылып, каретканың 20 көмегімен жылытқыштың шығарушы бункері 21 арқылы шығарылады.

Кондиционерлер. Астық дәндерінің технологиялық құрамын жақсарту үшін оны жуу және ылғалдау машиналарында өңдейді. Бұл жағдайда ылғал, дәннің қауызына және эндосперм бөлігіне өтіп үлгермейді. Бұл процесс астық дәндерін 4-20сағ. бункерде бөктірумен аяқталады. Мұндай өңдеу әдісті – салқын кондиционерлеу деп атайды.

Дәнді жылумен өңдеу(ыстық кондиционерлеу) арқылы ылғалдың дәнге ену процесі үдей түседі. Бұл жағдайда жылудың ылғалданған дәннің ақуыз компоненттеріне әсерінен ұнның нан пісіру құрамы едәуір жақсарады.

Ылғалданған дәнді жылумен өңдеу үшін ауалы-сулы кондиционерлер қолданылады. Ұн зауыттарында гидротермиялық өңдеу тиімді деп есептеледі.

АСК-10 аппараты. Аппараттың дәнекерленген станинасында екі шнек орналасқан – жылытушы 14 және қосымша бақылау 23.

Шнектің қабылдау бөлігінде 14 бұрылушы қалақшалар 13 орналасқан. Ол қоректендіргіш функциясын атқарады. Винттің қадамын өзгерту арқылы аппараттың өнімділігін реттеуге болады.

Сурет-3. АСК -10 аппаратының технологиялық схемасы. 1-электромагнитті жетек; 2-өлшеуіш құрал; 3,7,9,17-микроажыратып-қосқыштар; 4,19-кедергі термометрлері; 5,11-бекіткіш; 6,10,18-құбырлар; 8,22-шынжырлы берілістер; 12-қоректендіргіш; 13- бұрылушы қалақшалар; 14,23-шнектер; 15-науа; 16-білік; 20-редуктор; 21-электроқозғалтқыш; 24-форсунка; 25-конденсаттың коллекторы; 26-бу коллекторы; 27-конденсат шығарушы.

Сурет-4. Кондиционерлеуді жылдамдату үшін АСК -10 аппараты.

Форсункадан 24 шнекке коллектор 26 арқылы 320-490 кПа дейін қысыммен бу беріледі. Форсунка арқылы дән қабатына өтіп, шнекта араласып бу өзінің жылу мен ылғалын дәнге беру арқылы конденсацияланады. Дәннің температурасы 40-60оС дейін көтеріліп 2 % ылғалданады, ал шнектағы бу қысымы атмосфералық қысыммен теңеседі.

Астық дәндерін бумен өңдеу(физика-биохимиялық құрамын өзгерту үшін) уақытты 2-4 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Қабылдаушы құбырда 10, қосымша бақылау 18 және шығарушы 6 құбырда бекіткіштер 5,11; микро-ажыратып қосқыштар және кедергіні өлшейтін(дәннің қызуын автоматты түрде реттеу үшін) термометрлер орналасқан.

АСК-10 аппаратында автоматтандырылғандар:

  • жылыту шнектерінің астық дәндеріне толған кезінде бу берілудің қосылуы;

  • қабылдаушы құрылғыға дәннің берілуі тоқтағанда бу берілудің тоқтауы;

  • дәндер шнекқа берілгенде және ол толғанда бу берілудің қайта қосылуы;

  • дәннің қызу температурасын реттеу;

Аппараттың жұмысы тиімді болуы үшін дәндер бір қалыпты және үздіксіз берілуі керек, ал қысымы тұрақты болуы тиіс.

6 - лекция

Ұнтақтау машиналары. Ұнтақтау процессінің теориялық негіздері. Білікті станоктар. Біліктер параметрлері, дайындау технологиялары. Білікті станок жетектері.

Ұнтақтау машиналары. Білікті станоктар

Ұн шығару өндірісінде астық дәндерін және аралық өнімдерді ұнтақтау процессі ең басты процесстердің бірі болып саналады, оның ұнтақталу дәрежесі дайын өнімнің сапасына және шығымына тікелей байланысты. Ұнтақтау үшін қолданылатын технологиялық қабылдау мен машиналар ұн зауытының технико-экономикалық көрсеткішін көрсетеді.

Білікті станоктарда дәндер мен аралық өнімдердің ұнтақталуы екі параллель орналасқан бір-біріне қарама-қарсы әр түрлі жылдамдықта айналатын біліктер арасында орындалады. Дәннің бұзылуы сығылу және ығысу деформациясы нәтижесінде жүзеге асады. Деформацияның болуы біліктер жылдамдығы мен біліктер бетінің симметриясына байланысты. Білікті станоктардың жұмыс істеу тиімділігі үш негізгі оптималды көрсеткішке байланысты:

-дән немесе оның бөлшектерінің ұнтақталу дәрежесіне;

-әр білік жұптарының өнімділігіне;

-электр энергиясының меншікті шығынына;

Ұнтақталу дәрежесі - бөлшектердің ірілігінің кішірейуімен және бөліп алу коэффициентімен сипатталады. Бөліп алу коэффициентін (%) білікті станокка дейін және кейін массасы 100 гр. өнімді белгілі бір нөмірленген елекпен елеп, мына формуламен анықтайды:

И = , мұндағы: - білікті станокка дейінгі өнімнің өту фракциясының мөлшері, - білікті станоктан кейінгі өнімнің өту фракциясының мөлшері;

Білік жұптарының өнімділігі оның ұзындығына, олардың арасындағы саңылауға, ұнтақталған өнімнің және оның көлемдік массасының өту жылдамдығына, сонымен қатар ұнтақтау дәрежесіне байланысты болады.

Qт = 3,6·10-6bLυпрγψ,

Мұндағы: b - білік арасындағы саңылау, мм; L – білік ұзындығы, мм; υпр – ұнтақталу аймағындағы өнімнің шамамен орташа жылдамдығы; υпр=υб+ υм/2, м/с (υб және υм – жылдам және жай айналатын біліктердің жылдамдығы); γ - ұнтақталған өнімнің көлемдік массасы, кг/м3; ψ - ұнтақталу аймағын толтыру коэффициенті.

Білік арасындағы саңылау ұнтақталатын өнімнің физика-механикалық құрамына және технологиялық схемадағы алатын орнына(бөлшектеу, жылтырату және ұнтақтау процесстері) байланысты болады. Ол 0,05-1,00 мм аралығында ауытқиды. Мысалыға:

1-ші бөлшектеу жүйесінде білік арасындағы номиналды саңылау 0,8..1,0 мм; 2-ші бөлшектеу жүйесінде 0,6...0,8 мм;

3-ші бөлшектеу жүйесінде(ірі) 0,4...0,6 мм;

3-ші бөлшектеу жүйесінде(майда) 0,2...0,4 мм;

4-ші бөлшектеу жүйесінде(майда) 0,2...0,3 мм;

Ұнтақтау жүйесінде (кедір-бұдырлы білікте) 0,1...0,2 мм;

ал қалған ұнтақтау жүйесінде - 0,05 мм;

Барлық технологиялық жүйелердегі біліктерге түсетін меншікті жүктемені белгілі бір ережелермен реттелетінін ескере отырып, білік жұптарының нақты(фактическое) өнімділігі мына формуламен анықталады:

Qф=qL,

мұндағы: q – ұнтақтау сызығының бірлік ұзындығына түсетін меншікті жүктеме, кг/(см·сағ); L – білік ұзындығы, см;

Сурет-1. Білікті станоктың схемасы. 1,2-ұнтақтаушы біліктер; 3-өнімді жеткізу механизмінің мөлшерлеуші білігі; 4- өнімді жеткізу механизмінің шнегі; 5-өлшеуіш құралдары, шторлар; 6-қабылдаушы құбыр; 7-мойындық; 8-деңгейін көрсететін сезгіш сигнализацияның элементі; 9-бекіткіш; 10-қоректендіруші саңылауды реттегіш; 11-тазалағыш пышақтар; 12-шығарушы бункер; 13-тазалағыш щеткалар;

Мұндағы: *В – шынылығы жоғары, Н – шынылығы төмен.

Білікті станок жетектері. Біліктердің жетек механизмі жоғарғы білік жетегінен және білік аралық берілістен тұрады. Электроқозғалтқыштан келетін айналу моменті қайысты беріліс арқылы басты шкивке беріледі. Ол жылдам айналатын жоғарғы біліктің оң цапфасында орналасқан. Жетекші шкивтің диаметрі кедір-бұдырлы біліктердің жетегі үшін 150 мм, ал майда бұдырлар үшін 132 мм болып келеді.

А1-БЗ-2Н станогында электроқозғалтқышты қондырудың екі варианты қарастырылған. Білік аралық беріліс, ол ені 55 мм екі қиғаш тиісті дөңгелектен тұратын редуктар болып келеді. Тістердің көлбеу бұрышы 16о 10', қалыпты модулі 6, ал ілінісу бұрышы 15о . Тиісті дөңгелекті білік аралық қашықтыққа байланысты таңдайды. Ол келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Білік аралық берілістер үшін тісті дөңгелектердің көрсеткіштері.

Орта аралық қашықтық

Тиісті дөңгелектің тістерінің саны

Барлығы

Айналмалы жылдамдылығына қатысты

2,5

1,25

Кіші

Үлкен

Кіші

Үлкен

248,8...252,0 80 22 58 36 44

245,9...249,0 79 21 58 35 44

243,0...246,0 78 20 58 35 43

239,6...243,0 77 21 56 34 43

236,7...240,0 76 20 56 33 43

Үлкен тісті дөңгелек Сч 25 маркалы шойыннан, ал кіші тісті дөңгелегі болат 35 маркасынан жасалынған, олар біліктердің сол жағындағы төменгі және жоғарғы цапфаларда орналасып, клинді шпонкамен бекітілген. Тісті дөңгелектің екеуі де қаптамаларға 10 құйылған майда (масло) айналады.

7 - лекция

Щеткалы, шыбыртқылы ұнтақтау машиналары. Балғашалы үнтақтағыштар. Балғашалы үнтактағыштың өнімділігі, жетегіндегі қуат мөлшері. Реверсті үнтақтау машиналары.

Шыбыртқылы ұнтақтау машиналар. Ұрып ысқылау әсерінен жұмыс істейтін шыбыртқылы машиналар білікті станоктардан бірінші үш бөлшектеу жүйесінен кейін өнімді қосымша ұнтақтау және сорттау кезінде ұнтақталған дәнді белсендету үшін қолданылады.

Бұл ұн зауытының өнімділігін арттыруға, елену тиімділігін көтеруге, энергия шығынын төмендетуге және құрамында қауызы минималды мөлшерде ұн алуға септігін тигізеді.

А1-БВУ типті шыбыртқылы ұнтақтау машинасы 1-ші бөлшектеу жүйесінен кейін жоғарғы өтпей қалған өнімді өңдеу арқылы эндосперм бөлшегін қауызынан бөліп алу үшін қолданылады.

Сурет-1. 1-білік; 2-гонка(бағыттаушы); 3-торлы цилиндр; 4-шыбыртқылы ротор; 5,7,13-құбырлар; 6-шнек; 8,14-подшипник түйіндері; 9-перегородка; 10-реттелетін бич; 11-корпус; 12-есік; 15-қайысты беріліс; 16-электроқозғалтқыш.

Темір корпус 11 бөгеттермен 9 екі секцияға бөлінген. Әркайсысында жылжымайтын торлы цилиндр 3, ал оның ішінде шыбыртқылы ротор орналасқан. Екі секциядағы ротор жетектері қайысты беріліс 15 арқылы электроқозғалтқыштан 16 жүзеге асады.

Шыбыртқылы ротор білікпен қатаң бекітілген 1 жартылай темір цилиндрден тұрады. Цилиндрдің сыртқы бетінде кезек-кезек үш реттелетін шыбыртқы 10, үш қатар гонка(бағыттаушы) 2 және алдында реттелмейтін шыбыртқалар орналасқан.

Барлық бичтер темір пластикалардан жасалған 20оС бұрышпен цилиндрдің бетіне пісірілген. Үш пластинаға болттармен реттелетін бичтер бекітілген. Тиісті саңылаулаға болттардың орнын ауыстыру арқылы оның торлы цилиндр арасындағы қашықтығын өзгертуге болады.

Гонкалар екі жазық тікбұрышты пластика ретінде стержендердің өсіне 20о бұрышпен пісірілген.Стержиндер цилиндрге бұрылып контргайкамен реттеледі. Бұл гонка мен торлы цилиндрдің ара-қашықтығын және вертикаль бағытта көлбеулігін өзгертуге болады.

Бастапқы өнім көлбеу қабылдаушы құбыр 5 арқылы түсіп, жұмыс аймағына (торлы цилиндр мен шыбыртқылы ротордың арасына) шнекпен еңгізіледі.

Шыбыртқының ұрып соққылау мен гонкалардың көлбеулігінің арқасында араласып және винттің жолы бойынша өнім жоғары қарай жылжып белсенді ысылады.Өтпеген өнім құбыр 13 арқылы машинадан шығарылады. Қауызынан ажыратылған эндоспермнің ұндық бөлшектері електен еленіп конусты құбыр 7 арқылы машинадан шығарылады.

Өнімді өңдеудің белсенділігін шыбартқы мен гонкаларды цилиндрдің торлы бетінен ара қашықтығын және гонкалардың көлбеу бұрышын өзгерту арқылы көтереді.

БЩО-1,5 – типті щеткалы машина ұнтақтаушы білік жүйесіндегі бөлшектенген бөлшектегі эндосерм қабатын бөліп алу үшін қолданылады. Негізгі түйіндері болып: темірден жасалған цилиндрлі корпус 13, баяу айналатын щеткалы – електі цилиндр 7, жылдам айналатын щеткалы барабан 8, жетек механизмі және станина 20. Щеткалы барабан розеткалардың көмегімен 9 білікпен 16 байланысқан бес щеткадан 14 тұрады. Қайысты беріліс 4 арқылы электроқозғалтқыштан 1 барабан қозғалысқа келеді. Щеткалар арасында розеткаларға өнімді цилиндрлі електен шығару үшін гонкалар 12 бекітілген.Өнім құбыр 18 арқылы сыртқа шығарылады.

Сурет – 1. БЩО – 1,5 типті щеткалы машина. 1-электроқозғалтқыш; 2-контржетек; 3-қоршау; 4- қайысты беріліс; 5,18,19-құбырлар; 6,9,16-розеткалар; 7- щеткалы – електі цилиндр; 8- щеткалы барабан; 10,14-щеткалар; 11-електі рама; 12-гонка; 13-корпус; 15-ступица; 17-подшипник; 20-станина;

Щеткалы – електі цилиндр шойынды алмалы-салмалы розеткалармен байланысқан үш щеткадан 10 және үш електі рамасынан 11 тұрады. Олар ступицалар 15 арқылы подшипникке 17 тіреледі. Електі цилиндрдің сыртына гонкалар бекітілген. Щеткалы – електі цилиндр қайысты беріліс пен тісті беріліс, контржетек арқылы 2 біліктен қозғалысқа келеді. Бастапқы өнім қабылдау құбыр 5 арқылы щеткалы – електі цилиндрге түсіп, әр түрлі жылдамдықта айналатын барабан 8 щеткасы 14 мен щеткалар 10 арасында өңделуге түседі. Өңдеу нәтижесінде пайда болған майда фракция електен еленіп машинадан құбыр 19 арқылы шығарылады. Өтпей қалған қалдықтар құбыр 18 арқылы шығарылады. Қабылдаушы құбырда 5 бекіткіш орналасқан. Машина тоқтағанда бекіткіш жабылады.Щеткалардың бекіту механизмі олар желінгенде реттеуге мүмкіндік туғызады.

БЩО-1,5 – типті щеткалы машинаның техникалық сипаттамасы

Өнімділігі, тн/сағ. ...........................................................................1,5

Айналу жиілігі, айн/мин.:

щеткалы барабан..............................................................300

щеткалы електі-цилиндр..................................................18

Щеткалы – електі цилиндрдің диаметрі, мм................................750

Еленетін беттің ауданы, м2............................................................2,75

Электроқозғалтқыш:

қуаты, кВт.........................................................................5,5

ротрдың айналу жиілігі, айн/мин. .................................950

Салмағы, кг.......................................................................................930

8 - лекция