Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эконом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.34 Кб
Скачать

9.4 Басқа кәсіпорындармен келісілген өзарақатынастарға негізделген шығындар

Ақылы қызмет көрсету бойынша басқа кәсіпорындармен келісілген өзарақатынастарға негізделген шығындар :

– SMA-16 орнатылған орындардағы электр энергиясын тұтыну 0,8 кВт/сағ құраса, өндірістік орындарда ЦЛКС-1,5 кВт/сағ. 1 кВт/сағ бағасы 4 теңге деп аламыз.

– Коммуналды қызметтер, келісімге сай, SMA-16 орнатылған орындарда–3000 тг, өндірісті орындарда ЦЛКС- 15000 тг құрады. Келісімді өзарақатынастарға негізделген кірістер есебі Кесте 9.7 келтірілген.

Кесте 9.7

Келісілген өзарақатынастарға негізделген кірістер есебі

Шығындар

SMA-16 орнатылған орын

ЦЛКС

Барлығы , тг.

кВт/сағ

0,8

1,5

7

кВт айына

576

1080

5040

1 айдағы сома

2304

4320

20160

1 жылдағы сома

27648

51840

241920

1 айдағы коммуналды қызметтер

3000

15000

45000

1жылдағы коммуналды қызметтер

36000

180000

540000

1 ай ішіндегі шығындар

5304

19320

65160

1 жыл ішіндегі шығындар

63648

231840

781920

9.5 Амортизациялық бөлінулердің есебі

Байланыс қызметін өндіру процесіне кіре отырып негізгі өндірістік қорлар біртіндеп тозып, өздерінің эксплуатациялық қасиеттерін жоғалтады. Бұл құбылыс тозу деп аталады. Оның экономикалық мәні негізгі қорлармен өзінің тұтынушылық құны мен құнын жоғалту болып табылады. Негізгі өндірістік қорлардың физикалық және рухани тозуын ажыратады.

Физикалық тозу құрал-жабдықтың тозуы мен ескіруі, эксплуатация процесі немесе қоршаған орта әсерінен өздерінің эксплуатация-техникалық қасиеттерін жоғалтуларымен байланысты. Физикалық тозуды жиі материалды деп те атайды, өйткені оның заттық сипаты болып еңбек құралы параметрлерінің айқын байқалатын өзгерістер табылады. Мысалы, ұзақ уақыт бойы қолданылатын болса, онда түйіскен жерлері мен қозғалмалы бөліктері қажалып, статистикалық және динамикалық жүктемелердің әсерінен жеке конструкцияларының деформациялануы пайда болады, осының салдарынан оның беріктігі мен сенімділігі төмендейді. Қолайсыз қоршаған орта (жоғары ылғалдылық, тотықтырғыштар әсері) металды бөліктердің коррозиясына, желілік құралдардың қорғағыш жабынының бұзылуына және т.б. әкеледі. Нәтижесінде негізгі қорлар толығымен немесе бөлшектеп белгілі бір функцияларды орындау қабілеттерін және талап етілетін қызмет көрсету сапасын жоғалтады. Бұл олардың тұтынушылық құндылықтары мен құндылықтарының жоғалтуларына әкеп соғады.

Негізгі қорлардың әртүрлі түрлері физикалық түрде тозуы бірдей жылдамдықпен өтпейді екен: ғимараттар мен құрылыстар баяу, ал жұмысшы машиналар мен транспорт құралдары тез тозады. Осы бойынша құрал-жабдықтардың әрбір түрінің бекітілетін нормативті қызмет көрсету мерзімдері анықталады. Негізгі қордың бірдей элементтері жағдайының өзінде де тозу процесі әртүрлі жүреді. Бұл өндіріс жағдайы мен еңбек құралдарының эксплуатациясын анықтайтын көптеген факторлардан тәуелді болады. Олардың ең маңызды дегендеріне мыналар жатады:

Қолданудың қарқындылығы мен жұмыс ұзақтығы;

Негізгі қорлардың сапасы (қолданылушы материалдардың көпке шыдауы, құрылыс және монтаж сапасы, конструкцияның жетілдірілуі);

Қоршаған ортаның агрессивтілік дәреждесі мен құрал-жабдықтарды қолайсыз сыртқы орта әсерлерден қорғау эффективтілігі;

Профилактика мен техникалық қызмет көрсетуінің, ағымдық және капиталды жөндеуден өтуінң периодтылығы мен сапасы;

Қызмет көрсетуші персоналдың (қызметкердің) квалификациясы.

Көп жағдайда негізгі қорлардың оларлың қызмет ету серзімі ішінде физикалық тозуы біркелкі болмайды. Эксплуатацияның бастапқы периодында оның жылдамдығы біршама жоғары келеді, өйткені жаңа құрал-жабдықты жасау кезінде, оны монтаждау және байланыс объектілерін құру кезінде жіберілетін кемшіліктер анықталады. Бұл жерде енгізілген қорлардың сапалы жұмыс істеуін қамтмамсыз ете алмайтын өндірістік қызметкерлер тәжірибесінің мол болмау факторы да сипат табады. Содан осң, ұзақ уақыт бойы қызмет ету мерзімінің соңына қарай күрт жоғарлап кететін физикалық тозу аздаған темптармен (қарқындылықпен) артып отырады.

Физикалық тозудың қарқындылығы мен өлшемдерінің баяулауы- байланыс кәсіпорнының іс-әрекеттернің маңызды сферасы. Оған құрал-жабдықты уақыт және қуаты бойынша рационалды қолдану арқылы, оның қызмет көрсетуінің прогрессивті формалары мен әдістерін енгізу, оны уақытылы және сапалы жөндеуден өткізу және кәіпорынға қолайлы климаттық жағдай (температура, ылғалдылық) жасау, зиянды сыртқы әсерлерден қорғау арқылы қол жеткізуге болады. Осылардың барлығы кәсіпорынның материалды-техникалық базасы жағдайын қолайлы әсерін тигізеді, оның өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, іс-әрекеттердің эффективтілігін толығымен арттырады.

Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында негізгі қорлар сонымен қатар жиі олардың физикалық тозуларымен байланысты болмайтын рухани тозуға да ұшырайды. Рухани немесе экономикалық тозу негізінде ғылыми-техникалық прогресс әсерінен еңбек қүралдарымен олардың тұтынушылық құндылықтарының және құндылықтарының жоғалуы жатыр.

Рухани тозудың екі формасы белгілі. Олардың біріншісі негізгі қорлардың өндірісіне қоғамдық-қажетті еңбек шығындарын қысқарту болып табылады. Бұл байланыс құралдарын шығарушы салаларда еңбек өнімділігі артып, салдарынан техниканың аналогты түрлерін жасау біршама арзанға түседі. Рухани тозудың бірінші формасында негізгі қорлардың құны төмендегенімен олардың тұтынушылық құндылығы толығымен сақталады.

Рухани тозудың екінші формасының мазмұны болып нарықтра одан да жетілдірілген, жаңашыл, жоғары өнімділікті жән етиімді түрлерінің пайда болуы салдарынан негізгі қорлардың тұтынушылық құндылығы мен құнын жоғалту табылады.

Толық қалпына келтірудің амортизациялық бөлінуін орташа жылдық құны (капиталды салымдар) мен амортизацияның сәйкесті нормаларын негізге ала отырып құнын біркелкі алып тастау әдісі арқылы мына формула бойынша анықтаймыз:

(9.1)

мұндағы А – жылдық амортизациялық бөлінуле сомасы, тг;

- і-түрінің негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнынан пайыз түріндегі амортизациялық бөліну нормасы; i = 1,n (n – негізгі қор түрлерінің саны);

- негізіг өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, тг

Біздің жағдайда Ф = 588776723,1 а = 5 %.

А = = 29438836 (тг.)

9.6 Мүлікке салынаты салықты есептеу

Мүлікке салынатын салық негізгі өндірістік қорлардың қалдық құнынан 1% құрайды, тг:

=5593379 (тг.)

9.7 Басқа да шығындар

Басқадай шығындарға банк қызмсеттері, маркетинг пен жарнамаға жұмсалған қаражаттар, іссапар төлемдері, концелярлық және шаруашылық шығындар жән ет.с.с шығындар жатады.

9.8 Эксплуатациялық шығындарды есептеу

Құрал – жабдықты қамтамасыз ету және қызмет көрсетуге арналған эксплуатациялық шығындар, бұл – барлық шығындардың жиынтығы: еңбек жалақысын төлеу қоры, әлеуметтік салық, келісілген өзарақатынастарға негізделген шығындар, мсатериалдар, амортизациялық бөлінулер, мүлікке салынатын салық және басқа да т.с.сшығындар. эксплуатациялық шығындар есебі Кесте 9.8 келтірілген.