Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом 17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

1.1.1 Зауытың жұмыс тәртібі

Цехтың жұмыс тәртібі жылдағы жұмыс күнімен, тәуліктегі ауысым санымен және ауысымдағы сағат санымен сипатталады. Осы үш көрсеткіштің туындысымен цехтың жұмыс уақытының немесе бөлек цехтардың номиналды жылдық қоры анықталады.

Қабылданған өндірістік бағдарлама мен цехтың жұмыс тәртібі өңделетін шикізаттарды, технологиялық жабдықтарды және жұмысшы құрамын есептеуде алғашқы мәліметтер болып табылады.

Үзілмелі жұмыс істейтін линиялардың жылдық жұмыс күнінің мөлшерін төмендегі формуламен есептеуге болады:

()

мұндағы: В – күндік жұмыс аптасындағы демалыс күндердің саны;

П – мейрам күндердің саны

Жабдықтың жұмыс істеу уақытының номинальды жылдық қоры төмендегі формуламен анықталады:

()

мұндағы: N –жылдық жұмыс күнінің мөлшері;

n – тәуліктегі жұмыс ауысымының мөлшері;

t – ауысымдағы жұмыстың сағаттық ұзақтылығы;

Жалпы және бөлек тізбектер мен өндіріс қуатына негізделген үздіксіз және үзілмелі аптадағы сағаттық жұмыс істейтін технологиялық жабдықтардың жұмыс уақытын есептеу қоры төмендегі формуламен анықталады:

()

мұндағы, Т – бір жылдағы тәуліктік жұмыс саны, сағат;

Кт.н - қолданылған жабдықтардың орташа жылдық коэффициенті (0,8-0,95);

С – тәуліктегі жұмыс сағатының мөлшері.

Зауытта қабылданған жұмыс тәртібі 1-ші кестеге енгізіледі.

Кесте 1. Жылдық жұмыс уақыты қорының есебі

Шектердің атауыы

Жылдағы жұмыс күнінің саны

Тәуліктегі ауысым саны

Жұмыс ауысымының ұзақтылығы, сағат

Қолданылған жабдықтардың орташа жылдық коэффициенті

Жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ

1

ТББ цехы

253

2

8

0,8

3238

2

Қалыптау және термоөңдеу бөлімі

253

2

8

0,8

3238

3

Арматура дайындау бөлімі

253

2

8

0,8

3238

4

Қосымша цех

Жабдықтарды жөндеу қызметкерлері

253

2

8

0,8

3238

5

Негізгі энергетика қызметкерлері

253

2

8

0,8

3238

6

Жабдықтарды жөндейтін қызметкерлері

253

2

8

0,8

3238

7

Жинақтаушы және дайын өнімді жөнелту цехы

253

2

8

0,8

3238

8

Материалдық қойма қызметкерлері

253

2

8

0,8

3238

9

Зертхана

253

1

8

0,8

1619

1.1.2 Өндірілетін өнімнің номенклатурасы

Қысымсыз темірбетон құбырын дайындай ГОСТ 6482-88 сәйкес жүзеге асырылады және сызбалар сериясы 3.820-7. 1, 2 шығару, В30 классты, М400 маркалы, тиімді қойылымдылығы (Ш.К) – 1,0-5 см.

Құбырлар өндірістің және тұрмыстық құбыр жүргізу жұмыстарында қажет. Бұйымның өлшемдері еуро стандартқа сәйкестендіріледі.

Құбыр диаметрі 1000 мм-ден 1400 мм аралығында. Тиімді ұзындығы - 2500/3000 мм

Бұйымның аязғатөзімділігі: F200-ден аз емес

Бетонның суөткізбегіштігі – W6.

Темірбетон құбырлары 0,05 МПа-дан кем емес ішкі гидростатикалық қысымға төзімді.

Қысымсыз темірбетон құбырлар мынадай топтарға бөлінеді:

1 топ - 0,7 м-ден 2 м-ге дейінгі топырақ төгіндісінің (құбыр үстіне дейін) есептік биіктігінде қолданылады;

2 топ – құбыр үстіне дейін 4 м ;

3 топ – құбыр үстіне дейін 6 м;

4 топ – 8 м-ге дейін;

5 топ – 10 м-ге дейін;

Тығыздалған қабырғалы құбырлар 5 м-ден жоғары тереңдікте төсеуге не агрессивті ортада пайдаланғанда қолданылады.

Темірбетон құбырын өндіруде жоғары сапалы материалдар мен химиялық қоспалар пайдаланылады.

Қысымсыз және резеңке тығыздағышты темірбетон құбырларының кепілдік қызмет көрсету мерзімі 50 жылдан астам уақыт.

Қысымсыз темірбетон құбырын виброгидропрестеу және центрифугалау әдісімен дайындайды. Сапаны бақылау өнімдер мен шикізаттың барлық стандартты сипаттамаларын бақылау үшін сертификатталған аттестатталған зертханасы арқылы жүзеге асырылады.

Құбырлар, целиндрлік өту саңылауы бар геометриялық пішініне қарай және жалғау түріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

ТБ және ТС - дөңгелек тесігі бар цилиндрлік қонышты құбыр, тірек ұшы бар немесе құбыр саңылауының аяғы (соңы) сатылы бетті және түйістіріле жалғанады, резеңке сақина немесе басқа да иілгіш материалмен нығыздалады.

ТБП – сол секілді, тек етекті (с подошвой).

Таблица 1.2

Өндірілетін өнімнің номенклатурасы

Бұйым түрі

Маркасы

Өлшемдері, мм

Массасы, кг

Болат арматура, кг

Бетон, м3

(D)

(l)

(t)

ТБ 100.25-2

1000

2500

110

2800

63,2

1,4

ТБП 140.25-2

1400

2500

110

3600

139,9

1,7

ТС 120.30-3

1200

3000

100

3850

207,5

1,8

ТС 140.30-3

1400

3000

100

4460

286,5

2,1

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Бетонның сығуға беріктілік класы (маркасы)

В30 (М400)

Аязғатөзімділігі

F200

Суөткізбеушілігі бойынша бетон маркасы, кем емес

W 6