Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция интелектуалды меншік.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.66 Кб
Скачать

1.Салық салудағы жұмыс системасының мінездемесі.

2.Салық төлеу көздері мен бағалау капиталының байланыстылығы.

1.Салық салудағы жұмыс системасының мінездемесі

Ғылыми-техникалық материалдық емес активті өндірістің бағалау объектілері болып мыналар табылады: тәсіл, құрылғы, зат, микроағза штаммы, ноу-хау.

Өнертабыстарға төмендегідей шектеулер қойылады:

- өнертабыстық идея мазмұны бойынша шектеулер;

- деңгейі бойынша шектеулер;

- өнертабысқа жататын объектілердің түріне байланысты шектеулер;

- басқада шектеулер.

Мазмұны бойынша шектеу үшін қорғауға жарайтын өнертабыстар қатарына мыналар жатпайды: бүгінгі таңда қорғалуы қисынға келмейтін «басқарушылық» өнертабыстар (кез келген шаруашылықты басқарып ұйымдастырудың жаңа тәсілдері); қорғалуы қисынды бірақ өнертабыстарды қорғау нормаларынан ерекшеленетін ережелері бар өнертабыстар (өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін шығару).

Деңгейі бойынша шектеу өнертабыстардың жалпы мөлшерінен объективті түрде жаңа болып табылмайтындарын (демек жаңалығы субъективтілерін) құрастыру, белгілі алгоритімдер көмегімен-ақ жобалауға болатындарын, жасалуында өнертапқыштықты қажет етпейтіндер «ысырып тастауға» мүмкіндік береді.

Объективті түрі бойынша шектеулер объектілер шеңбері бойынша шектеулер сияқты өнертабыстардың патенттелу мүмкіндігіне байланысты.

Басқада шектеулерге келетін болсақ оларға адамгершілік пен мораль принциптері алға тартылатындарын жатқызуға болады.

  1. Активті жиналу әдісі бойынша бағалау.

Патенттелуге жарамайтындар деп танылатындары жалпылама түрде мыналар:

- ғылыми теориялар мен математикалық тәсілдер ;

- шартты белгілеулер, ережелер, тізбелер;

- шаруашылықты басқару мен ұйымдастыру тәсілдері;

- ойша операцияларды орындау тәсілдері;

- есептеу машиналарына алгоритмдер мен программалар;

- құрылыс, ғимарат, территориялар жопсарларының проектілері мен схемалары;

- бұйымдардың сыртқы пішініне ғана мән беріп, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыратын шешімдер;

- интегралдық микросхемалар топологиясы;

- өсімдік сорттары мен жануарлар түрлері;

- қоғамның қызығушылықтарына, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы шешімдер;

Өнертабыс, қорғалу объектісі ретінде мыналарға қатысты болуы мүмкін: құрылым, тәсіл, зат, микроағзалар штаммдары, өсімдік пен жануар жасушаларының түрлері, сонымен қатар бұрыннан белгілі құрылымды, затты, микроағза штаммың жаңа мақсатта пайдалану.

Жоғарыда келтірілген өнертабыс объектілері, құрамында адам іс-әрекетінің құрамдас элементтерінің болуына негізделген принциптерден құралған.

- белгілі қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет;

- іс-әрекет пәні;

- затпен іс-әрекет;

- іс-әрекет құралдары;

- іс-әрекет нәтижесі.

Осы элементтер мен өнертабыс объектілерін салыстыру олардың сәкес екендігін көрсетеді.

3. Үнемі ақшалай түсімнің әдісі бойынша бағалау.

Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде дегеніміз- функционалдық конструктивті бірлік күйіндегі элемент немесе конструктивті элементтер жиынтығы болып табылатын ғимарат, немесе бұйым. Әдетте оны пайдаланып қызмет еткізгенде қоғамның белгілі қажеттілік терін қанағаттандырады.

Құрылғылар төмендегі қасиеттерді білдіруі мүмкін:

-конструктивті элементтің бар болуы;

-элементтер арасында байланыстың болуы;

-элементтердің өзара орналасуы;

-элементтің немесе жалпы қондырғыны жасау формасы, жиі геометриялық форма;

-элементтің параметрлері мен басқа да сипаттамалары және олардың өзара байланысы;

-элемент немесе жалпы қондырғы жасалған материал;

-элемент функциясын атқаратын орта.

Машиналар, аспаптар, механизмдер, құрал саймандар, көлік құралдары, жабдықтар, құрылыстар т.б. конструкция және бұйым болып табылады. Қондырғы міндетті түрде өзінің статистикалық жағдайында, өзара байланысқан конструктивті элементтер жиынтығы ретінде сипатталуы тиіс. Сөйте тұра «статистикалық» жағдай принципы қондырғының жұмыс режимы параметрлерін қолдану мүмкіндігін жоққа шығарады. Сонымен қатар жұмыс параметрлерін функциясына жатпайтын материалдардың физикалық сипаттары қолданылуы мүмкін.

Тәсіл өнертабыс объектісі ретінде.

Тәсіл өнертабыс объектісі ретінде дегеніміз- материалдық объектілер көмегімен материалдық объектіге өзара байланысқан әрекет ету тәсілі, жүйесі, процессі. Тәсілге тән ерекшелік, ол бірнеше әрекет жиынтығы күйінде болған жағдайда уақытпен сәкестендірілген болады (кезекпен, бір уақытта т.б. орындалады).

Әрекет немесе әрекеттердің болуы, негізгі нышаны болып табылатын тәсіл сипаттамасында сол әрекеттерді жасайтын қондырғылар мен заттар қатысуы мүмкін.

Тәсілді сипаттау үшін төмендегі белгідер пайдаланылады:

- әрекет немесе әрекеттер жиынтығының болуы;

- уақытқа қатысты осындай әрекеттердің жиынтығы;

Әрекеттердің орындалу жағдайы;

- заттарды, қондырғыларды (құрал-сайман, жабдықтарды т.б.), микроағза штаммдарын, жануарлар мен өсімдік жасушалары түрлерін пайдалану тәртібі.

Материалдық объектіге әсер ету жағдайы мен соңғы нәтижесіне байланысты, тәсілдерді төмендегідей топтарға бөлуге болады;

- өнімді (бұйымдар, заттар) дайындауға бағытталған тәсілдер;

- материалдық әлем заттарының күйін өзгертуге бағытталған тәсілдер (өңдеу, реттеу т.б.) ;

- материалдық әлем заттары жағдайын анықтауға бағытталған тәсілдер (өлшеу, бақылау, диагностика т.б.).

11 -тақырып. Жылжымайтын мүлік бағасының кіріс әдіс-тәсілдері

(2 сағат)

Сұрақтар: