Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зияткерлік меншік курстык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.84 Кб
Скачать

2 Зияткерлік (интеллектуалды)меншік объектілерін бағалау 2. 1 Зияткерлік (интеллектуалды)меншік объектілерін бағалау тәсілдері

Зияткерлік меншікті бағалау – иеленушісіне белгілі бір пайда беретін зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық  көлемінің құнын айқындау. 

Халықаралық нормаларға сәйкес зияткерлік меншік өндірістік, ғылым, әдеби және көркем салалардағы зияткерлік қызметке қатысты құқықтар деген мағынаны білдіреді. Зияткерлік меншік өнеркәсіптік меншікке, коммерциялық құпия құқығына,авторлық құқық пен сабақтас құқықтарға бөлінеді. Зияткерлік меншік кәсіпорында жасалуы немесе сатып алынуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда оның құны бағалануды талап етеді, бұл баға зияткерлік еңбектің нақты нәтижелеріне құқықтарды иелену үшінзаңды немесе жеке тұлға қанша төлеуге дайын екенінің ақшалай өлшемі болып табылады. Зияткерлік меншікті бағалау кезінде құнның бірнеше түрлері: нарықтық, есептік, инвестициялық, теңгерімдік құн түрлері пайдаланылады.Зияткерлік меншікпен жасалатын

  операциялардың тұрпатына қарай құнның келісімді, өткізу, бастапқы, қалдықтық, қалпына келтіру, тарату (жою), тағы басқалар түрлері де пайдаланылады. Құнның түрі бағалау мақсатына байланысты таңдалады. Зияткерлік меншіктің құны халықаралық тәжірибеде қабылданған тәсілдердің: шығындық, салыстырмалы (нарықтық) және табыстық тәсілдердің көмегімен бағаланады.

Бағалау әдісін дұрыс таңдау зияткерлік меншік құнын нақты және объективті анықталуы үшін өте маңызды. Зияткерлік меншікті бағалаудың үш тәсілі бар: шығындық, салыстырмалы және табыстық.

Салыстырмалы тәсіл зияткерлік меншікті бағалаудың үш тәсілінің бірі болып табылады және ол сәйкес сатулар әдісімен түсіндіріледі. Табыстық және шығындық тәсілде көп жағдайда нарықтағы ақпаратты қолданады:

  • Табыстық тәсілде, нарық мәліметтеріне сүйене отырып капитализация коэффициенті, дисконттау мөлшерлемесі анықталады;

  • Шығындық тәсілде, орын басу немесе қалпына келтіру құнын анықтау үшін бағалаушы зияткерлік меншік объектілерін патенттеуге кеткен шығындарды және құжаттамалық шығындарды , үстеме шығындар мен роялти деңгейі туралы нарықтық мағұлматтарға сүйенеді.

Дегенмен, сәйкес сатулар әдісі бағалау объектісін жақында сатылған ұқсас объектілермен тура салыстыруға негізделгендіктен, салыстырмалы тәсілді- нарықтық тәсіл, ал сәйкес сатуларды салыстыру әдісін- нарықтық ақпарат әдісі деп атайды.

СОСБ+/- Т =БОНҚ

Мұндағы, СОСБ-салыстыру объектісінің сату бағасы

Т- салыстыру объектісіне жүргізілетін түзетулер

БОНҚ- бағалау объектісінің нарықтық құны

Бағалаудағы салыстырмалы тәсіл - бағалау объектісін оның аналогымен жасалған мәміле туралы қолда бар мәліметтерге қатысты салыстыруға негізделген құнды бағалау әдістерінің жиынтығы.

Салыстырмалы тәсілді қолдану шарттары:

  • Объект ерекше немесе өзгеше (уникальный) болмауы керек;

  • Ақпарат жасалған мәміленің шарттарын біріктіруі керек;

  • Бағаланатын объектімен салыстыратын аналогтар құнына әсер ететін факторлар сәйкес болуы керек.

Аналогқа қойылатын негізгі талаптар:

- Аналог бағалау объектісіне негізгі экономикалық, материалдық, техникалық және басқа да сипаттары бойынша ұқсас болуы керек;

- Мәміле шарттары ұқсас болуы керек.

Салыстырмалы тәсіл келесі қағидаларға негізделеді:

- Орын басу;

- Теңестіру;

- Сұраныс пен ұсыныс.

Салыстырмалы тәсілдің кезеңдері:

- Нарықты зерттеу;

- Бағалау объектісінің жақында сатылған немесе сатуға ұсынылған аналогтары туралы мағұлматтарды жинау және нақтылығын тексеру;

- Бағалау объектісі мен таңдалған аналогтардың мәліметтерін салыстыру. Бағалау объектісінен ерекшеленуіне сәйкес таңдалған аналогтардың сату бағаларына түзету енгізу;

- Бағалау объектісінің құнын бекіту.

Бағаланатын зияткерлік меншіктің қорытынды құнын анықтау үшін сәйкес сатуларға түзету жүргізу қажет. Түзету коэффициентін дұрыс анықтау өте маңызды.

Шығындық тәсіл - жинақталған тозуды ескере отырып бағалау объектісінің қалпына келтіру немесе орнын басуға қажетті шығындарды анықтауға негізделген бағалау әдістерінің жиынтығы. Тәсілді қолдану кезінде мердігерлердің емес, инвесторлардың шығындары ескеріледі. Бұл тәсілдің негізінде орын басу қағидасы жатыр. Шығындық тәсіл объектінің толық қалпына келтіру құнынан тозуды алып тастағанға тең.

Шығындық тәсілді қолдану үшін қажетті ақпарат:

- Тікелей шығындар;

- Үстеме шығындар мөлшері;

- Патенттеуге кеткен шығындар;

- Роялти пайда нормасы;

Шығындық тәсіл кезеңдері:

- Неғұрлым тиімді пайдалануды ескере отырып, жер телімінің құнын есептеу (Қж);

- Бағаланатын құрылыстың жаңа құрылысына шығындарды есептеу (Қжқ);

- Жиналған тозуды анықтау (Тж).

Физикалық тозу - табиғи физикалық ескіру мен сыртқы қолайсыз факторлардың әсері нәтижесінде объектінің жұмыс істеу қабілетінің төмендеуімен байланысты тозу.

Функционалдық тозу (моральдік тозу) - жаңа заман талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тозу.

Сыртқы тозу - сыртқы экономикалық факторлардың өзгеру нәтижесіндегі тозу.

- Жиналған тозуды ескере отырып жақсартулар құнын есептеу:

Қж= Қжқ – Тж

- Зияткерлік меншіктіңқорытынды құнын анықтау:

Қшт=Қж + Қж

Табыстық тәсіл. Инвестор болашақтағы табыс деңгейін қамтамасыз ету үшін өз капиталын салады. Сондықтан да, табыс әкелетін зияткерлік меншікобъектісін сатып алу туралы шешім қабылдағанда инвестор табыстық тәсіл бойынша бағалау нәтижелеріне негізделеді. Табыстық тәсіл - Зияткерлік меншіктібағалаудың дәстүрлі үш тәсілінің бірі. Ол бағалау объектісінен күтілетін табыс капитализациясына негізделген әдістер жиынтығы. Табыстық тәсіл - салым салынған зияткерлік меншікқұны осы мүлік әкеле алатын табыс мөлшері мен сапаның ағымдық бағасына сәйкес келетіндігіне негізделген. Табыстық тәсіл одан күтілетін табыстардың ағымдық құнын анықтауға негізделген зияткерлік меншік құнын бағалау әдістерінің жиынтығы. Бұл тәсілмен есептеудің негізі зияткерлік меншік объектісін жалға беру болып табылады. Зияткерлік меншіктіңболашақ табысын ағымдық құнға айналдыру үшін табыс капитализациясы қолданылады.

Табыс капитализациясы - бұл объектінің ағымдық құны мен болашақ пайдасының байланысын анықтайтын үрдіс.

Табыстық тәсілдің базалық формуласы:

V=I/R

Мұндағы, V - Зияткерлік меншік құны;

I - бағаланатын объектіден күтілетін табыс.

Табыс деп зияткерлік меншік период аралығында әкеле алатын таза операциялық табыс түсіндіріледі

R- табыс немесе пайда нормасы - бұл капитализация мөлшерлемесі немесе коэффициенті.

Капитализация коэффициенті - бағалау объектісінің құны мен табыс арасындағы байланысты бейнелейтін табыс нормасы. Капитализацияның екі түрі бар:

-тура капитализация

-каптиталға берілген норма бойынша табыс капитализациясы

Тура капитализация кезінде екі мөлшер қарастырылады: жылдық табыс және капитализация мөлшерлемесі. Капитализация мөлшерлемесі - мүліктің нарықтық құнының ол әкелетін таза табысқа қатынасы. Күтілген табыс Зияткерлік меншіктіиемдену аралығындағы табысты талдау нәтижесінде анықталады. Дисконттау мөлшерлемесі - мүлікті пайдалану нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдарының құнын белгілі бір уақытта қайта есептеу кезінде қолданылатын күрделі пайыз нормасы.

Табыстық тәсіл кезеңдері:

- Бағалау объектісінен түсуі мүмкін барлық соманы есептеу;

- ТЖӨ есептеу;

- Бағалау объектісімен байланысты шығындарды есептеу;

- Таза операциялық табыс мөлшерін анықтау;

- Күтілетін табыстарды ағымдық құнға ауыстыру