- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «мирас» университеті
- •«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»
- •050113-Биология мамандығының студенттеріне арналған
- •Шымкент-2011
- •Лекция № 1 Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi
- •Лекция № 2 в.В. Докучаев және т.Б. Ғалымдардардың еңбектері
- •Ірілігіне қарай топырақ бөлшектерін топтарға бөлу
- •Топырақтарды механикалық құрамына қарай топқа бөлу
- •4 Апта: Лекция 7. Топырақтың химиялық құрамы
- •11 Апта: Лекция 21. Топырақ және оның құнарлылығы
- •Лекция 24. Фосфорлы, калий тыңайтқыштар
- •13 Апта: Лекция 25. Микротыңайтқыштар, аралас, органикалық
- •Лекция 26. Бактериалы тыңайтқыштар
- •Лекция 27. Егістік дақылдардың классификациясы
- •Лекция 28. Дәнді бұршақты дақылдар
- •Бақылау сұрақтар:
- •Лекция 29. Майлы дақылдар
- •Бақылау сұрақтар:
- •Лекция 30. Мал шаруашылығы негiздерi
- •Бақылау сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
13 Апта: Лекция 25. Микротыңайтқыштар, аралас, органикалық
тыңайтқыштар
Жоспар:
Микротыңайтқыштар
Күрделі тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштар
1. Микротыңайтқыштар өсімдікке өте аз мөлшерде қажет құрамында мыс, кобальт, мырыш, тағы басқа элементтер болатын қосылыстар. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса, дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады.
Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы үлкен. Олар ферменттер құрамына кіреді, дақылдың өнімін арттырады.
Агротехникалық талапқа сәйкес егістіктің 1 кг топырағында 1 мг бор, 50-100 мг марганец, 6 мг мыс, 1-2 мг мырыш, 0,3 мг молибден болуы керек, ал орташа есеппен Қазақстанның егістік жеріндегі топырақтың 1 кг-да 0,4 мг бор, 45 мг марганец, 0,5-5 мг мыс, 0,17 мг мырыш, 0,2 мг молибден бар. Республика жағдайында кейбір микроэлементтер жеткіліксіз болғандықтан, дақылдың өнімін және сапасын арттыру үшін микроэлементтер қолдану қажет.
2. Аралас тыңайтқыштар –құрамында азот, фосфор, калий бар тыңайтқыш қоспасы. Әр тыңайтқышты жеке шашқаннан гөрі бұған еңбек пен уақыт аз жұмсалады, әрі тыңайтқыштың физикалық қасиеті артады. Аралас тыңайтқышқа көбінесе үстеме микротыңайтқыш ретінде өнеркәсіп қалдықтары қосылады. Аралас тыңайтқыш минерал тыңайтқыштарын органикалық тыңайтқыштармен араластыру арқылы да дайындалады. Мұндағы әр түрлі қоректік заттардың мөлшері-топырақтың ерекшеліктеріне, ауыл шаруашылық дақылдарының қоректік қажетіне қарай белгіленеді.
3.Органикалық тыңайтқыштар тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болатындықтан, күрделі тыңайтқыштар қатарына да жатады.
Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су, тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы жатады. Аса маңызды көң, көң садырасы, құс саңғырығы.
Органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады, қышқылдылығын азайтады, ондағы көмір қышқыл газын көбейтеді. Олар минералды тыңайтқыштарды үнемді де тиімді пайдалануға көмектеседі, өйткені көңнің құрамында біршама мөлшерде негізгі қоректік заттар: азот, фосфор, калий, сонымен қатар бор, мыс, йод, марганец, молибден, кобальт, темір, т.б. сияқты микроэлементтер болады.
Органикалық тыңайтқыштар топырақтағы микроорганизмдер үшін аса қажетті қорек болып табылады. Мұнымен қатар көптеген органикалық тыңайтқыштардың өзімен бірге, топыраққа микроорганизмдер келеді.
Бақылау сұрақтар:
Микротыңайтқыштар туралы түсiнiк, олардың маңызы
1.Құрамында микроэлементтер бар микротыңайтқыштар
2.Құрделi тыңайтқыштар
3.Құрделi тыңайтқыштардың формалары
4.Органикалық тыңайтқыштар
Лекция 26. Бактериалы тыңайтқыштар
Жоспар:
Бактериалы тыңайтқыштар
Нитрагин
Азотбактерин
Фосфорбактерин
1. Бактериалы тыңайтқыштар-құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар препараттар. Бұл өсімдік тамырының айналасына микроорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуі жақсарады. Олар топырақты тиісті микроорганизхмдермен байытады. Бактериалық тыңайтқыштардың түріне қарай өсімдік фосфор, азот, тағы басқа элементтерді көбірек сіңіреді. Мұнда микробтар әрқашан өсімдікке жетіспейтін биологиялық заттарды құрайды.
2. Нитрагин-бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қолданады, түйнек бактериялары өсімдік тамырында өсіп көбееді. Осымен қатар нитрагиннің көмегімен атмосфера азотын биологиялық айналымға қосуға жол ашылады. Нитрагин препаратының негізін түйнек бактериялары құрайды. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердіңң түріне қарай түйнек бактерияның түрі де әр алуан болады.
3. Азотбактерин-құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Азотбактеринді де заводтарда қоректік ортада (агар—агарда) дайындайды. Оны бұршақ тұқымдастардан басқа барлық дақылға қолданады. Әсіресе, көкөніс пен картопқа өте пайдалы. Басқа микроорганизмдерге қарағанда азотобактер ылғалды көбірек қажет етеді.
Күріш егісінде де азотбактер кездеседі. Ол өнебойы су астында болатын күріштің тамыр жүйесі жайылған топырақтың азот режимін жақсартады. Азотбактеринді тұқым шашатын, не түйнектерді отырғызатын күні ғана араластырады. Азотбактерин топырақта бос күйінде болады, ол ондағы түрлі органикалық қалдықтарды пайдаланып, атмосферадан азот жинайды.
4.Фосфобактерин-құрамында көп мөлшерде, мәселен бір гектарында 6-8,5 млрд микроорганизм спорасы бар сұр түсті тыңайтқыш, фосфор басқа элементтер сияқты белоктар құрамына енеді. Топырақта фосфордың қиын түрде еритін тұздарын және органикалық фосфорды сіңімді күйге айналдыратын ерекше фосфор бактериялар бар. Бұл бактериалардың ерекшеліктері –фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай дәрежеге келтіреді.
Басқа бактериялық тыңайтқыштар тәрізді фосфобактерин де дақылдардың өнімін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, ол өнімнің сапасын да жақсартады, өсімдіктегі белок мөлшерін арттырады, картоптың крахмалын жарты процентке көтеруге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтар:
1.Топырақтың құнарлығын арттыруға қидың маңызы
2.Торф және оның түрлерi
3.Бактерияларды тыңайтқыштар туралы түсiнiк
