Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

12 Тақырып. Халықаралық сауда

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық сауда бөлінісі негізінде біріккен ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы

Халықаралық сауда – тауар мен қызмет көрсету экспорты мен импорты арқылы жүргізілетін халықаралық экономикалық қатыснастар түрі.

Халықаралық сауданың негізгі сипаты:

  1. көлемі;

  2. құрылымы;

  3. басқа елдермен байланысы;

  4. өндіріс деңгейі.

Халықаралық сауданың себептері:

  1. Әр түрлі экономикалық ресурстардың, табиғи ресурстардың болуы;

  2. Әр елде әр деңгейдегі техниканың болуы.

Халықаралық сауданың маңызы:

  • жетіспеген ұлттық ресурсты толықтыру;

  • ішкі рынокты кеңейту, ұлттық нарықты әлемдік рынокпен байланыстыру;

  • қосымша табыс табу;

  • өндіріс көлемін кеңейту;

Халықаралық сауда көлемі экспорт, импорт, таза экспорттан көрінеді. Осы көрсеткіштердің ЖІӨ-ге қатынасы олардың экономикадағы орнын көрсетеді:

  1. сыртқы саду айналымы = Э +И активі « + »

  2. сауда балансы (таза экспорт) = Э – И пассиві « - »

Халықаралық сауда пайдасы әр экономикалық мектепте әр түрлі бағаланды:

  • Меркантилстер импорт экспорттан өсу керек деді;

  • А.Смит «абсолютті артықшылық» теориясын айтты, басқа ел арзан бағамен өндіретін тауарды сатып алу керек деді;

  • Давид Рикардо «салыстырмалы артықшылық» теориясын жасаған. Әр тауарды шығыны аз аз елдер өндіру керек. Рикардо теориясын келе-келе Маршалл мен Миль дамытқан. Мемлекет протекционизм мен еркін сауда саясатын жүргізу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейді.

Протекционизм – импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шетел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат

Фритредерлық саясат – еркін сауда саясаты

Протекционизм әдістері:

  1. импорттан жоғары алып, экспорттан төмен салымдар;

  2. тарифтік барьерлер:

    1. вкоталар экспортқа, импортқа (санын, түрін шектеу);

    2. лицензиялау – сыртқы экономикалық қызмет жүргізуге мемлекеттен рұқсат алу;

    3. мемлекеттік монополия – мемлекеттік органдарға сыртқы экономиклық қызмет жүргізуге берілетін ерекше құқық.

ТИК – трансұлттық компаниялар – серіктес компанияларды бірнеше елге орналастыру.

АҚШ-та импорт құны ЖІӨ 7%, Канада - 25%, Норвегия - 50%, экспорт Жапонияда – 15% ЖІӨ, Франция - 30%, Норвегия - 50% ЖІӨ.

ДЕМПИНГ (АНТИДЕМПИНГТІК САЯАТ)

Жеті елге (АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Канада) (50% әлемдік экспорт)

Эскпорт үлесі = экспорт (теңге) / ЖҰӨ

Импорт үлесі = импорт / ЖҰӨ

Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері:

  1. халықаралық сауда;

  2. халықаралық валюталық қатынастар;

  3. капитал шығару және халықаралық несие;

  4. жұмыс күшінің халықаралық миграциясы;

  5. ғылым мен техникадағы халықаралық айырбас.

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

Халықаралық валюталық қатынастар – дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келісім шарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйенің түрлері

Ұлттық

валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

Аймақтық

немесе

мемлекет аралық валюталық жүйе

Валюта – елдің ақша бірлігі; шетел мемлекеттерінің ақша бірлігі; халықаралық есептеу бірліктері және төлем құралы

Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігімен көрсетілетін бағасы

Валюталық бағамның қажеттігі:

  • тауар мен қызмет көрсетуді сату, сатып алуда, несие қозғалысында;

  • әлемдік нарықтағы бағаларды салыстыруға;

  • банктердің, фирмаларджың шетел валютасындағы капиталын бағалауға.

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар:

  1. Инфляция қарқыны

Инфляция ↑, сол елдің валюта бағамы ↓, өйткені ол ел валютасының төлем қабілеттілігі ↓

  1. Төлем балансының жағдайы

Егер ол активті « + » болса, шетел борышқорлары жағынан ұлттық валютаға сұраныс өседі

  1. Пайыз мөлшерлемесі

Егер пайыз мөлшерлемесі ↑, шетелден арзан несие алуға ұмтылады, яғни шетел капиталы ішке ағылады, ал ↓ ұлттық капитал шетелге кетеді

  1. Халықаралық есеп айырысуда белгілі бір валютаның пайдалану дәрежесі Еуробанктер 60–70% операцияларды АҚШ ($) жасайды, соған сәйкес D мен S

  2. Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі

  3. Валюталық саясат, нарықтық және мемлекеттік реттеудің әсері.

Кросс бағам – үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның қатынасы

Мысалы, теңгенің кросс бағамы:

К К(теңге) = шетел валютасы долларға қатынасты бағамы / теңгенің долларға қатынасты бағамы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ:

  1. Жаңа валюталық жүйенің құрылуының алғышарттары, ХІХ ғасырда өнеркәсіп революциядан кейін алтын – монета стандарты формасында қалыптасты;

  2. Париждің валюталық жүйесі 1867 жылы бекітілді, алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды;

  3. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.);

    • Алтын валюта сақталды;

    • Шетел валюталары да қолданылды, валюта мәртебесі берілмеді

  4. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі (1944 ж., АҚШ). Принциптері:

    • Алтынға негізделген;

    • АҚШ доллары мен фунт-стерлигке негізделген алтын-девиз стандарты.

1 троиск унциясы = 31,1035 г = 35$

Тарихта бірінші рет ХВҚ және Дүниежүзілік қайта құру және даму банкісі.

  1. Ямайка валюталық жүйесі (1976-1978 жж.). Ерекшелігі:

    • Алтын құн өлшемі қызметін атқармайтын болды;

    • Алтын – девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді;

    • Доллар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

  2. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж.). Принциптері:

    • Еуропалық валюталық бірлікке негізделді. 1999 жылы «еуро» енгізілді, 2002 жылы банкноты мен монетасы енгізілді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет аралық ұйымдары – ХВҚ және Еуропалық валюталық институт (аймақтық) құрылды.

Валюталық саясат – халықаралық валюталық және халықаралық экономикалық қатынастар көлемінде жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы

Валюталық саясаттың мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтату, төлем балансын тепе-теңдікте ұстау.

Валюталық саясаттың құралы – валюталлық реттеу.

Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

  1. нарықтық реттеу, ол бәсекеге негізделген, дамуды ынталандырады;

  2. мемлекеттік валюталық ретеу, ол нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған.

Валюталық саясаттың формалары:

  1. Дисконттық (есепке алу) саясаты – ОҰБ-ң пайыз мөлшерлемесін өзгертуіне бағытталған;

  2. Девиздік саясат – ОҰБ шетел валютасын сату, сатып алу арқылы ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі

Валюталық саясаттың әдістері:

  1. Валюталық интервенция – шетел валютасын сату, сатып алу;

  2. Валюталық резервті диверсификациялау – валюталық резервтердің құрылымын зерттеу;

  3. Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатысты төмендету;

  4. Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлату.

1$ = 150 теңге 1$ = 130 теңге Д = (150- 130) / 150 х 100% = 13%

1тг = 0,0066 < 1 тг = 0,0076 Р = (0,0076 – 0,0066) / 0,0066 х 10% = 15%

Д = Бе – Бж / Бе х 100% Бе – ескі бағам Бж – жаңа бағам

Р = Бж – Бе / Бе х 100% Бе – ескі бағам Бж – жаңа бағам

Есеп. Мысалы, фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2,8 ден 2,4$ дейін төмендетілді.

Д = 2,8 – 2,4 / 2,8 х 100% = 14,3%

Енді 1$ неше фунт стерлиг барын анықтайық.

1ф.с. = 2,8$ 1 ф.с. = 2,4%

х ф. с. = 1% х ф.с. = 1$

х = 1 / 2,8 = 0,35 х = 1 / 2,4 = 0,41

1$ = 0,35 ф.с. 1$ = 0,41 ф.с.

Доллардың ревальвациялау мөлшері:

Р = 0,41 – 0,35 / 0,35 х 100% = 16,7%

  1. Валюталық шектеу – валюталар операцияларын заңды түрде тыйм салу, шектеу.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИКТАНТ

  1. Экспорт пен импорттың санын, түрін шектеу тарифтер деп аталады (квота);

  2. Импорт үлесін анықтау үшін ЖІӨ -ді импорт сомасына бөліп, 100%-ке көбейту керек, (керісінше);

  3. Абсолютті артықшылық теориясы салыстырмалы артықшылық теориясынан кейін шықты;

  4. Сауда балансы = Э + И (Э - И) сауда айналымы;

  5. Халықаралық есептесу бірлігі – валюта деп аталады;

  6. Валюталық жүйенің екі түрі бар – дүниежүзілік, ұлттыө (аймақтық);

  7. Инфляцияның ↓, сол елдің валюта бағамы ↑;

  8. Егер % мөлшерлемесі ↓, ұлттық капитал шетке кетеді;

  9. Кросс- бағамды анықтау үшін 3 валюта тұрі қажет;

  10. Валюталық жүйенің эволюциясы ХІХ ғасырдан басталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]