Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты

Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат

Егер толықжұмысбастылық деңгейі N1 –дің сол жағында жатса артылған жиынтық сұраныстың нәтижесінде «инфляция аралығы» пайда болады. Сондықтан Кейнстің ойынша мемлекет жиынтық сұраныстың деңгейіне әсер етуге тиіс.

Мемлекеттің экономикалық саясаты – мемлекеттің мақсаты, міндеті, қызығушылықтарына сәйкес экономиканы басқару саласында үкіметтің жүргізетін іс-шараларының жүйесі

Кейнсиандықтар жиынтық сұраныс сұраныс төрт компоненттен тұрады деп қарастырады:

  1. тұтыну (үй шаруашылығы сұранысы)

  2. инвестициялар (кәсіпорын сұранысы)

  3. мемлекеттіің сатып алуы (үкімет сұранысы)

  4. таза экспорт (шет ел сұранысы)

Экспансиялық саясатты мемлекет жұмыссыздықты азайту үшін қолданады. Жиынтық сұранысты көбейту үшін мемлекеттік шығындарды арттырып, салықты азайту қажет. Екінші жолы – инвестицияны ынталандыру, мысалы пайыз мөлшерін төмендету арқылы.

Инфляция кезінде Кейнс экономиканы ұстау үшін рестриктивті (ұстамды) саясат ұсынады. Мұндай саясат халықтың сатып алу қабілетін төмендету үшін мемлекеттік шығынды қысқартуды немесе салықты көбейтуді қажет етеді. Ол тағы инвестицияны азайту үшін пайыз мөлшерін көбейтуді ескереді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды, «инфляция аралығы» қысқарады.

Мемлекеттің сәлеуметтік-экономкалық саясатының негізгі мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің экономикалық өсуіне ықпал ету. Бұл жалпы мақсатты төмендегі мақсаттармен нақтылауға болады:

  • экономикалық өсу (жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді);

  • толық жұмысбастылық (тұрғындарды табыспен қамтамасыз етеді;

  • экономикалық тиімділігін (ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану);

  • экономикалық тиімділігін (таңдау еркіндігі, кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі т.б.);

  • азаматтардың жағдайының жақсаруы;

  • баға тұрақтылығы;

  • басқа елдермен берік қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Экономикалық заңды тұрақтандыру саясатты үш құрама бөліктен тұрады:

  1. циклға қарсы саясат,

  2. толық жұмысбастылықты қолдау және соған жету саясаты,

  3. инфляцияға қарсы саясат.

Бұл жерде тұрақтандыру саясатының әр бағыты басқа бағыттардан бөлек жүргізіле алмайды.

  1. Әкімшілік әдіс мемлекеттік биліктің күшіне негізделген, оған тыйым салу, рұсат ету және күштеп орындату жатады. Мұнда мемлекет өзінің ерекше құқықтарын қолданады. Дамыған елдерде бұл әдіс көбінесе қоршаған ортаны қорғауға, төмен жағдайлы адамдарға көмек туралы мәліметтер талап етуге т.б. бағтталған.

  2. Экономикалық әдіс экономкалық субъектілерге жанама әсер ету әдісі болып табылады, ол қосымша материалдық игіліктер жасаумен немесе қаржылық жазалаулармен байланысты. Оның екі түрі бар:

  • Ақша-несие саясаты экономикалық реттеуге бағытталған ақша айналымы және несие саласындағы іс-шаралардың жиынтығы.

  • Бюджеттік саясат – экономиканы реттеу мақсатында бюджеттің табысы мен шығынның көлемін өзгертуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

  1. Экономикадағы мемлекеттік сектор – мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы реттеу. Мұның экономикада екі жақты мағынасы бар:

  • біріншіден, мемлекет жеке өндірушілерге тиімсіз тауарлар мен қызмет көрсетулерді,

  • екіншіден, халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтарды бақылауда ұстайды. Мысалы, білім беру, денсаулық, мәдениет немесе энергия көлік, байланыс т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]