Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_Ekonomicheskaya_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

7 Тақырып. Фирма шығындары.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Экономикалық пайданың бухгалтерлік пайдадан айырмашылығын көрсету

  2. Шекті пайдалылықтың кему заңын анықтау

  3. Мысал арқылы фирма шығындарының деңгей мен шығаратын өнім көлемі арасындағы байланысты табу

  4. Шығындардың өзара байланысын график арқылы көрсету

Сабақтың міндеттері:

  1. Экономикалық пайданы бухгалтерліктен айыра білуге үйрету

  2. Көрінетін және көрінбейтін шығындарды айыра білуге үйрету

  3. Еңбек өнімін анықтай білу

  4. Шығындарды есептей білу

  5. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерді айыра білу

  6. Жеке және топпен, жұппен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Қазіргі фирмалардың жағдайы, мәні

  • Фирманың жалпы, орташа, шекті өнімдерінің мәні

  • Шекті тиімділіктің кему заңы

  • Бухгалтерлік, экономикалық шығындарға жататындар, олардың мәні

  • Фирма өндірісінің көлемі мен шығындар деңгейінің арасындағы байланыс

  • Өндіріс масштабының әсері

Оқушылар нені білуі керек:

  • Бухгалтерлік және экономикалық шығындарға және пайдаға не кіретінін

  • Фирманың жалпы орташа шекті өнімдерін айыра білу

  • Шығындар деңгейі мен фирманың өндіру көлемінің арасындағы байланысты анықтай білу

  • Өндіріс масштабының әсерін түсіну

Қолданылған әдебиет тізімі:

  • «Экономика JA» Алматы, 2003г.

  • К.Р.Макконнел, С.Л. Брю «Экономикс» Москва. ИНФРА-М 2006г.

  • «Экономика для старших классов. Активные формы обучения» МЦЭБО, Москва, 2004г.

  • «Экономика. Сборник задач» Москва, Рольф, 2002г.

  • С. Равичев, С. Григорьев, Т. Протасевич, А. Свахин«Сборник тестовых заданий по экономике», МЦЭБО, Москва, 2003г.

  • С. Равичев, С. Григорьев, Т. Протасевич, А. Свахин«Сборник задач по экономике», МЦЭБО, Москва, 2003г.

  • «Основы экономической теории», под редакцией доктора экономических наук, профессора С.И. Иванова. Учебник для 10- 11 классов. Изд. «Вита - Пресс», Москва, 2004г.

Шығындар

Фирма - өндіріс факторларының өзара әрекетінің нәтижесінде өнім мен қызмет көрсету жасалатын және өткізілетін орын. Кез келген фирма өте қатаң экономикалық шектеуде әрекет етеді. Бұл шектеу осы рыноктың құрылымына, әсіресе бағаға және осы өнімді өндіруге қажетті фирма шығындарына немесе өндіріс ерекшеліктеріне байланысты болады.

Экономикалық шығындардың болуы ресурстардың шектеулілігі мен және оларды балама қолдану мүмкіндігі мен түсіндіріледі. Қандайда бір өнімді өндіру үшін белгілі бір ресурстар көлемін қолдану басқа өндіріс мүмкіндіктерінен бас тартуды білдіреді. Экономикадағы шығындар альтернативті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіру мүмкіндігінен бас тартуға тікелей байланысы. Дәлірек айтқанда, кез келген ресурстың тауар өндіруде пайдаланатын экономикалық немесе альтернативтік шығындары оның қолданылатын мүмкін варианттарының ең құндысына немесе бағалысына тең.

Шығын түрлері

Көрінетін және көрінбейтін шығындар

Экономикалық шығындар – фирманың ресурстарды альтернативті қолдану варианттарынан өзіне қаратып алу үшін жабдықтаушыларға міндетті түрде төлейтін және оларды табыспен қамтамасыз ететін төленімдер. Бұл төленімдер немесе табыстар көрінетін және көрінбейтін болуы мүмкін.

Өндіріс факторларының иесіне барлық шығындар альтернативтік шығындар болып табылады, өйткені кәсіпкердің фирмаға салған қаржысын басқаша да қолдану жолдары бар. Меншік иесі экономикалық шығындарды ескере отырып, фирманың осы саладағы әрекетінің дұрыстығы туралы шешім қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]