- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •3. Өндірістік ғимараттарға және үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •4. Өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістер мен жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •5. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •6. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау
- •4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдерін белгілеу
- •5. Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі
- •1. Химиялық өндірістер
- •2. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері
- •3. Кен, кенсіз қазбалар, табиғи газ өндіру
- •4. Құрылыс өнеркәсібі
- •5. Ағашты өңдеу
- •6. Тоқыма өндірісі және жеңіл өнеркәсіп өндірісі
- •7. Мал өнімдерін өңдеу
- •8. Тамақ өнімдерін және дәмдеуіш заттарды өңдеу
- •9. Микробиология енеркәсібі
- •10. Ауыл шаруашылығы объектілері
- •11. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілер
- •12. Жүк қоймалары, айлақтары және түсіру және сақтау орындары, жүктер мен кемелер фумигациясы, газ дезинфекциясы, дератизациясы және дезинсекциясы өндірістері
- •13. Минералды отын жаққан кездегі электр және жылу энергиясын өндіру
3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау
30. СҚА-ны жобалау жекелеген өнеркәсіптік объектіні және өндірісті және/немесе өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер топтарының қала салу құжаттамасын, құрылыс жобаларын әзірлеу, қайта жаңарту мен пайдаланудың барлық сатысында жүзеге асырылады. СҚА-ның көлемі мен шекаралары СҚА жобасында айқындалады. СҚА көлемдерін негіздеу осы Санитариялық қағидаларда жазылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 31. Жаңа объектілер салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңартуға немесе техникалық қайта жарақтауға арналған СҚА Жобасында СҚА-ны ұйымдастыруға және абаттандыруға арналған іс-шаралар мен құралдар көзделеді. 32. СҚА шекаралары шеткі химиялық, биологиялық және/немесе физикалық әсер ету көздерінен не өнеркәсіптік өндіріске және объектіге жататын жер учаскесінің шекарасынан бастап белгіленген бағытта оның сыртқы шекарасына дейін белгіленеді. 33. Шығарындылар мен өндірістердің сипаттамасына байланысты, олар бойынша СҚА белгілеу үшін жетекші фактор атмосфералық ауаның химиялық ластануы болып табылады, СҚА көлемі өнеркәсіп алаңы шекарасынан және/немесе ластайтын заттарды шығару көздерінен бастап белгіленеді. Өнеркәсіптік алаң аумағының шекаралары: 1) ашық алаңдарда технологиялық жабдық бар болғанда ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздерден; 2) өндірісті өнеркәсіп алаңында бытырап орналасқан көздермен ұйымдастырған кезде; 3) жер беті және төмен көздер, орташа биіктіктегі салқын шығарындылар бар болғанда; 4) қыздырылған шығарындылардың жоғары, орташа көздері бар болғанда шығарындылар көздерінен бастап есептеледі. 34. Фон көрсеткіштерінің жоғарылауы гигиеналық нормативтерден артық аумақта адамның денсаулығына әсер ету және өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Адамның өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын жұмыс істеп тұрған объектілер үшін өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және биологиялық әсер кезінде РЕШШ-ға дейін және фонды есепке ала отырып, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде РЕШД-ге дейін азайтқан жағдайда өндірістерді қайта жаңарту немесе қайта бейіндеу жүргізуге рұқсат етіледі. 35. Есепті СҚА және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерді натурлық зерттеулер мен өлшеулер, тәуекелді бағалау (қауіптілік сыныбы І-ІІ объектілер үшін) негізінде алынған көлемнің сәйкес келмеуі жағдайында, СҚА көлемі бойынша шешім халықтың денсаулығы үшін барынша үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады. 36. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің санитариялық сыныптамасына сәйкес адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына табиғаты бойынша әртүрлі қолайсыз факторларды төмендету бойынша көзделетін шараларды ескере отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектінің қауіптілік сыныбына сәйкес келетін СҚА өлшемдері белгіленеді. 37. Өндірістің көлемін уақытша қысқарту ең үлкен жобалық немесе объектінің іс жүзінде қол жеткізілген қуаты үшін қабылданған СҚА көлемін қайта қарауға негіз болып табылмайды. 38. Графикалық материалдарда (қаланың бас жоспары, аумақтық жоспарлау схемасы, топографиялық карта, ситуациялық схема) өнеркәсіп алаңының сыртындағы СҚА шекарасы арнайы ақпараттық белгілермен белгіленеді. 39. СҚА өлшемін негіздеу кезінде: 1) СҚА өлшемі мен шекаралары; 2) халықты зиянды химиялық қоспалар шығарындыларының атмосфералық ауаға әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар; 3) СҚА аумағын функциялық аймақтау және әртүрлі аймақтарды пайдалану режимі белгіленеді. 40. Жобаланатын, қайта жаңартылатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауіптілік сыныбының I және II объектілері үшін денсаулыққа тәуекелді бағалай отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемелер бойынша атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластануының сейілуін есептеулер және адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету тәуекелін бағалау негізінде белгіленеді. 41. Объектілер топтары немесе өнеркәсіп желісі үшін СҚА өлшемі өнеркәсіптік аймаққа, өнеркәсіп желісіне (кешен) кіретін объектілер көздерінің физикалық әсерін және жиынтық шығарындыларды есепке ала отырып белгіленеді. Олар үшін бірыңғай есепті СҚА белгіленеді және есептеу параметрлерін натурлық зерттеулерді халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау деректерімен растаудан кейін СҚА көлемі түпкілікті белгіленеді. Халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамына қауіптілік сыныбының I және II объектілері кіретін объектілер топтары үшін жүргізіледі. Өнеркәсіп аймағының, өнеркәсіп желісінің (кешендерінің) құрамына кіретін өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер үшін СҚА әр объект үшін жеке белгіленуі мүмкін. 42. Объектілерді қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру есепті шекаралары бар СҚА жобасының құрамында орындалған атмосфералық ауаның күтілетін ластануын, атмосфералық ауаға физикалық әсерді есептеулер бар жоба болған кезде жүргізіледі. Объектіні қайта жаңарту және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептеу параметрлері атмосфералық ауаны натурлық зерттеулер және атмосфералық ауаға физикалық факторлардың әсерлерін өлшеулер нәтижелерінде расталады. 43. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты зиянды химиялық немесе биологиялық компоненттердің шығарындылардың атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлардың әсерлерін болдырмауға және оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы ресурсты сақтау, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады. 44. Құрылыс және қайта жаңарту жобаларында әзірленетін технологиялық және техникалық шешімдер жаңа технологиялар - тәжірибелік-эксперименталдық өндірістердің деректері, осыған ұқсас өндірісті құру жөніндегі шетел тәжірибесінің материалдары негізінде өндірісті жоспарлау кезінде, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелерімен негізделеді. 45. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және жобаланатын өнеркәсіптік объектілер мен өндірістердің СҚА өлшемін өзгерту (көбейту, азайту) қажетті өзгерістерді дәлелдейтін жобаның әзірлемесімен қоса жүруі тиіс.
