Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_Respublikasy_Bilim_zh_1241_n...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.42 Кб
Скачать

Лидерлікті дамыту

Лидерлікті дамыту дегеніміз – лидерлік қасиеттерді көздеп қалыптастыру. Лидерлік қасиеттерді оқыту немесе өздігінен оқу арқылы дамытуды меңзейді. Лидерлік қасиеттерді дамыту үшін келесі жұмыстарды жүргізу керек:

Жеке мотивацияны қалыптастыру – лидер болам деген сезімді, өзіне-өзі сенімділік сезімін, шешім қабылдау мен өзіне жауапкершілік жүктеу қасиетін, ортақ мақсаттарды іске асыруда жүйелілік пен табандылық сақтауды, өз күшін, энтузиазмын бағалауды және т.б қалыптастыру. Осы қасиеттердің жиынтығы лидердің белсенділік параметрлерін сипаттайды. Индивидуалды өзін-өзі мотивациялау тәсілдері сәйкес әдебиеттерде берілген.

Индивидуалды интеллектуалдық және адамгершілік лидерлік қасиеттерді қалыптастыру. Оларға профессионалдық құзіреттілік, парасаттылық, интеллект,болжамдылық, мақсат қою мен жобалау жатады.

Лидер әлеуметтік құзыреттілікті және топ мүшелеріне адамгершілігін қамтамасыз етуі. Ол дегеніміз сөйлесу мәдениеті, ойларын қысқа және нақты жеткізу, қызметкерлірді тыңдар білу, ескерту жасау, кеңес беру, өзге адамдарды құрметтеу, эмпатия қасиеттерінің болуын меңзейді.

Жағдайды жылдам әрі дұрыс бағалау қасиетіне иемдену, топ мүшелерінің қажеттіліктерін, күтулері мен қызығушылықтарын білу лидердің міндеті. Осы идея Ұлттық әйелдер ұыймының лидерлікті дамыту ұсыныстарында қолдау тапқан.

Лидерлікті дамыту деңгейлері:

1 деңгей: статус/құқық

  • Жұмыс бойынша өз міндеттерін білу;

  • Өз мекемесінің тарихын жете меңгеру;

  • Мекеме тарихын ішіне кіретін адамдармен ұштастыру, командада жұмыс істеу;

  • Жауапкершілікті өзіне алу;

  • Күтілетін нәтижеден артық жұмыс атқару;

  • Мекеме жұмысын жақсартатын идеялар ұсыну.

2 деңгей: қолдау/қарым-қатынас

  • Адамдарды шың жүректен жақсы көру;

  • Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдардың жетістіктерін қолдау;

  • Заттар мен құбылыстарға басқа адам көзімен қарай білу;

  • Өзге адамдармен бірге өсу;

  • Барлығы жеңімпаз болып шығатындай жұмыс атқару;

  • «Қиын» адамдарға саналы қарау.

3 деңгей: жемістілік/ жетістіктер

  • Мекеменің өсуіне байланысты жауапкершілікті өз мойнына алу;

  • Мекеме мақсаттарын қалыптастырып, соған сәйкес іс-әрекет жасау;

  • Өзінініздің атқаратын жұмысыныз бен энергиянызды мекеменің жалпы мақсатының бөлігі ретінде қабылданыз;

  • Адамдардың нәтиже үшін жауапкершілігін өзінізден бастап ұлғайтыныз;

  • Жоғары нәтижелерге не әсер ететінін біліп, білімді тәжірибиеде қолдану;

  • Әрбір топ мүшесіне мекеменің стратегиялық мақсаттарын жеткізу, және болашағы жайлы ақпараттандыру;

  • Мекемінің өзгергіштік факторына айналу, уақытты тиімді пайдалану;

  • Оңтайлы нәтижеге әкелетін күрделі шешімдер қабылдау.

4 деңгей: жетекшілік ету / өңдіріс

  • Сіздің басты капиталыныз – адамдар екенін түсіну;

  • Адамдардың тұлғалық өсуіне жағдай жасау;

  • Ізбасарларға өнеге көрсету;

  • Топтағы ең белсенді 20% адамдарға көңіл бөлу;

  • Сіздің тобыныздағы жетекші лидерлер үшін даму мүмкіндігін беру;

  • Ортақ мақсатқа жету үшін өзге лидерлерді тарту;

  • Өз айналанызда «ішкі лидерлер» тобын құрыныз.

5 деңгей: Тұлға/ Қадірлеу

  • Сіздің ізбасарларыныз сізге адал қызмет көрсетіп, бәріне баруға дайын;

  • Сіз көптеген жылдарды лидерлерді оқыту мен тәрбиелеуге жұмсыдыныз;

  • Сіз қоғам немесе мемлекет қайраткеріне, кеңесшіге айналдыныз, адамдар сіздің қолдауынызды алуға ұмтылады;

  • Сіз үшін ең үлкен бақыт – адамдар тұлға ретінде дамып, өсіп келе жатқанын көру;

  • Сіздің беделініз мекеменін шегінен асады.[12]

Қорытынды:

Зерттеу жұмысы барысында лидерлік, лидер анықтамаларының жалпы мағынасын анықтап, оны әлеуметтік психологиядағы лидерлік анықтамасымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын зерттеп, жалпы жастар арасындағы лидерлік дегеніміз не деген сұраққа жауап бердік, лидерліктің зерттелу тарихына қысқаша шолу жасадық.

Лидерлік феномені қалай қалыптасады, пайда болу теорияларын атап өттік, оларға түсініктеме бердік. Лидерлердің лидер атануына қандай себептер әсер ететінін анықтадық.

Лидерлердің атқаратын жұмыстарына қарай функцияларын бөліп қарастырдық, лидердің басқару стильдерін, басқару деңгейлерін анықтадық. Жыныс ерекшеліктеріне байланысты лидерлік басқару стильдерінің айырмашылықтарын анықтадық.

Жастар қауымдастықтарындағы лидерлердің өзіндік ерекшеліктерін, сапаларын, міндеттерін мен жауапкершілігін анықтадық.

Лидерлерді жас кезінен бастап диагностикалау тәсілдерін қарастырдық.

Лидерлік қасиеттерді дамыту жолдарын айқындадық.

Қорытындылай келе – лидер болу әрбір адамның қолынан келеді, бірақ та барлығы лидер бола алмайды. Лидер болу дегеніміз үлкен жауапкершілікті көздейді, өз күшіне сенімді құзіреттілігі жоғары лидерлер ғана басшы функциясын атқару керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Г.М.Андреева. Социальная психология. Третье издание. М.: Наука 1994г.

  2. Т.В.Бендас. Вестник практической психологии образования № 4(17) октябрь—декабрь

  3. Дэвид Майерс. Социальная психология. Интенсивный курс.

  4. Морозов Александр Владимирович.Имидж современного молодежного лидера и особенности его формирования.

  5. Т.В.Бендас. Гендерная психология. Изд.Питер. С.П. 2006г.

  6. Фетискин Н.П., Козлов В.В., Мануйлов Г.М. - Социально-психологическая диагностика развития личности и малых групп. Изд-во Института Психотерапии. 2002 г.

  7. Майкл Аргайл. Психология счастья. Москва 2003.

  8. Евгений Павлович Ильин. Дифференциальная психофизиология мужчины и женщины. 2003г.

  9. Роберт Чалдини. Психология влияния. 4-ое международное издание. М. 2001г.

  10. Психологическая энциклопедия. От рождения до смерти. Под ред. А.А.Реана.

  11. Б.Г.Ананьев. Человек как предмет познания. СП. 2001 г.

  12. Р.И Федечкин. Лидерство как социальный феномен. Самара 2010.

  13. Всероссийская школа студенческого самоуправления. http://lider21vek.narod.ru/

  14. Лидерство в неформальных группах молодежи.http://revolution.allbest.ru

  15. Лидерство. Определение лидерства. http://lib.4i5.ru

  16. Лидер общественного мнения http://yavibral.ru

  17. А.К.Тихомов. Ступени лидерского роста. Вестник, НЛП

  18. «Мен» концепциясы өмірлік стильдің негізі ретіндеhttp://kaz-referatik.ru/news/men_koncepcijasy_mirlik_stildi_negizi_retinde/2012-10-19-68

  19. №38

35