- •Жетекші: Шаянбаева Салима Босқынбаевна
- •Мазмұны
- •Жазаны тағайындау және іске асыру
- •Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың болу және өршу себептері
- •Жастар арасындағы қылмыстың өршуіне әсер ететін факторлар
- •Зерттеу бөлімі
- •Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
- •28 Қаңтар күні сауалнамаға 42 адам қатысты, 29 күні 33 адам, 30 қаңтарда 35 адам жауап берді.
- •Психологтармен жүргізілген сұхбаттың нәтижелері
- •Қолданылған әдебиет
- •Қосымша әдебиеттер:
Жастар арасындағы қылмыстың өршуіне әсер ететін факторлар
Нигметжанова Г. және Карбаева М.-ның зерттеу жұмысына сүйенсек, әсер етуші факторларды үш үлкен топқа бөлуге болады:
Социологиялық фактор
Психологиялық фактор
Биологиялық фактор
Социологиялық факторларғажеткіншектің қоғамдағы орны,бұқаралық ақпарат құралдары, зиянды әдеттерге бет бұру жәнеқұрдастарының әсері жатады.
Қылмыстыңпсихологиялық факторларынаажырасқан отбасында немесе ұрыс керіс жиі болатын отбасыларда өмір сүру жатады, яғни жанұядағы атмосфераның әсері.
Қылмыстыңбиологиялық факторларға органикалық, гендік аурулар, нейрофизиологиялық ауытқулар, психологиялық бұзылыстар жатады. Мидың жетілмеу немесе ауытқуларының кесірінен жас жеткіншек өз ісіне жауап бермеуіне әкеп соқтырады[8].
Зерттеу бөлімі
Жұмысты жазу барысында сенімді көзден мәлімет жинау мақсатында әр түрлі әдістер қолданылды. Оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі нақты факттар мен статистикалық ақпарат жинау үшін электронды ақпарат көздері, яғни ғаламтор, әлеуметтік желілер, блогтар мен форумдар. Екінші мәлімет көзі жергілікті мектеп психологтарымен жүргізілген интервью, тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама.
Сауалнама SurveyMonkey веб сайтының көмегімен жасалды. Себебі, біріншіден, жиналғн ақпартаттарды сараптауға өте жеңіл. Бағдарлама әр сұрақтың жауаптарын ыңғайлы график немесе кесте түрінде ұсынады. Сонымен қатар, жауап беру көп уақыт алмайды. Егер сауалнама көп уақытты талап етсе, жалықтырып жібереді, ал бұл өз кезегінде жауаптың растығы мен сенімділігіне күмән келтіреді. Екіншіден, сұрақтар ұғынықты және жауап беруге оңай. Сауалдардың барлығы тест түрінде. Дегенмен, бұл нақты мәлімет бермейді, сол себепті, қатысушы өз ұсынысын білдіріп, жеке пікірін, қосымша ойын жазуға мүмкіндік жасалған. Сауалнамаға әр түрлі жастағы азаматтар арасында алынды. Сұрақтар қазақ тілінде құрастырылған. Барлығы 100 адам қатысты. Олардың 19- ы 25- тен асқандар, ,басым көп бөлігі (81 адам) 10 мен 24 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер. Сауалнамада мәселенің себептері, оған әсер етуші факторлар мен алдын алу және шешу жолдары жайлы сұрақтар қарастырылған. Төрт сұрақтан ғана құралғандықтан, шамамен 2-3 минут уақыт алады.
Келесі ақпарат көзі мектеп психологтарымен жүргізілген сұхбат. Жасөспірімдермен жұмыс істегендіктен, олардың бұл мәселе төңірегінде білімдері жетерлік. Психологтармен сұхбат жүргізудің себебі ақпараттың сенімділігі. Мамандар нақты ақпарат бере алады. Дегенменде, мұнда кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалға, алынған ақпаратты сараптау оңай емес. Психологтың жауабы диктофонға жазылады. Себебі, қайталап тыңдау, деректерге анализ жасау қиынға соқпайды. Сонымен қатар, кейбір психологтар орыс тілінде сөйлейді. Дей тұрғанмен, алынған пікірлерді жазбадан қайталап тыңдай отырып аудару істі жеңілдетеді.
Нақты статистикалық мәліметтер алу үшін ШҚО прокурорының орынбасары Макулбаев Нурбулан Есенгелдіұлынан сұхбат алдым. Сұхбат онлайн ғаламтор желісі арқылы өтті. Осының арқасында ШҚО бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс жайлы сенімді көзден ақпарат алдым.
