Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ахметбеков дип.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.61 Mб
Скачать

1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар

Некробактериоз кезіндегі емдік шаралар организм ұлпаларында некробактериоз қоздырушысының дамуына қолайсыз жағдайлар тудыруға, ауру қоздырушысының тіршілігін тежеуге және макрооргаизмнің резистенттілігін жоғарлатуға негізделеді. Некробактериозбен ауырған жануарларды емдеуге көптеген емдік препараттар ұсынылуда және оларды қолдану тәсіліне, емдеу жағдайларына және паталогиялық процестің ауырлығына байланысты қолайлы нәтижелерге жетуге болады [4].

Алдымен некрозданған ойық жараны ластанған беткейін механикалық тазалап арнай ерітінділермен жуып шаю керек. Ол үшін пинцеттің көмегімен беткейлі қатты және қалың ластанулырды тазалап, 3%-ды сутегінің асқын тотығымен немесе фурацилин ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Жараны хирургиялық өңдеу, некротикалық ошақтан өлеттенген ұлпаны алуға және зақымданбаған ұлпа шекарасына дейін тіліп тазалау арқылы іске асырылады. Тұяқтың сылынған мүйізді қабаты алынып тасталады. Себебі сылынған мүйізді қабаты мен өлеттенген ұлпалар толығымен алынып тасталынбаса емдік шараларының тиімділігі төмен болады [5, 8, 15].

Некробактериозды емдеудің бастапқы және кейінгі сатыларында, аяқтарды 5-10% мыс купороса ерітіндісі немесе 5%-ды формалин ерітінідісі қосылған дезинфекциялағыш антисептикалық ванналрда мұқият жуып шаю керек.

В.М. Беляровтың (1986) деректері бойынша некробактериоз кезінде жараларды көп мөлшерде сульфаниламидтармен немесе келесі күрделі ұнтақтармен: йодоформ немесе күкіртқышқылды мыс; марганецқышқылды калийі бар бор қышқылымен 1:1 қатынасындағы ұсақ үгетілген ағаш күлінің қоспасы (Н.П. Глушнев, 1950); марганецқышқылды калийі бар бор қышқылы (Н.С. Островский, 1985); А.П. Шатров ұнтағы (марганецқышқылды калий; күкіртқышқылды мыс, йодоформ 1 бөліктен, бор қышқылы 10 бөлік) өңдеген жақсы нәтиже береді [16].

Жараны антисептикпен өңдегеннен кейін оған дәкеден жасалған таму салады. Бұл мақсатта М.Н. Кириллов және Д.Н. Бондарько төсенішсіз гипстік таму үлгісін ұсынды. Ол үшін, жараны өңдегеннен кейін бетін суда ылғалданған гипстенген бинтпен жабады, кейіннен бинттің шеттерін гипстік быламықпен бекітеді. Бұндай таму 7-10 күнге дейін ұсталынып процестің сауығу сатысына ауысқанша дейін сақталуына ықпал етеді [17, 18].

Аяқ зақымданулары жаппай байқалып жатса шаруашылықтағы барлық мал басын дезинфекциялағыш ванналардан өткізу ұсынылады. Ванналарды траншея ретінде жасап, оның қабырғалары мен еденін цементтейді. Траншеяны, жануардың аяғын түгелдей жабатындай етіп, ерітіндімен толтырады. Емдік және дезинфекциялағыш ерітінді ретінде: 10-30%-ды күкіртқышқылды мыс, 3%-ды креолин, 5%-ды ихтиол, 3%-ды нафтализол қолданылады [8, 19].

А.С. Кашин (1994) некробактериозды емдеу үшін келесі қоспаны ұсынады: автокөлік майы (автол) – 70-73 бөлігі, қайыңнан дайындалған қара май (дёготь) – 20 бөлігі, креолин – 5-7 бөлігі және скипидар – 2-3 бөлігі [20].

Н.К. Коровин (1961) ванна ретінде қолдануға келесі қоспаны ұсынады: 35-43°С дейін қыздырылған 20%-пайызды хлористый натрий (5л) және марганецқышқылды калий (10 г). Ваннада аяқты 20-30 минут ұстау қажет. Кейіннен жараға осы ерітіндімен ылғалданған таму салынады. Бұндай шараны 3-5 рет араларына бір күн салып жүргізіп отырса ойық жара беткейінің тазалануына ықпалын тигізеді [11].

Көптеген зерттеушілер некробактериоздық ойық жараларды емдеу кезінде формалинді тиімді пайдаланады, оны жеке дара өзін немесе басқа да препараттармен бірге қоспа түрінде қолдануға болады. Деректер бойынша формалинді аяқ ванналары үшін пайдалану тиімді, әсіресе препаратты 10%-дық концентрацияда қолданған жақсы нәтиже береді [курс нек].

30-35ºС дейін қыздырылған формалин мен ихтиолдың (1:3) жаңа дайындалған қоспасын қолдану, ұлпаға тез және тиімді ендуің арқасында қолайлы терапевтикалық әсер береді. Бұл шараны екі-үш рет қайталау, жарақаттану процесінің ағымына қолайлы ықпалын тигізіп, ойық жараның тез жазылуына себепкер болады (Х.А. Абдурагимов, В.А. Балабанов, 1971) [21].

Жануарлардың аяқтарын өңдеу кезінде жақсы нәтижелерге жету үшін екі секциялы ванналарды қолданған жөн. Олардың біріншісі тұяқтарды жууға арналған сумен толтырылып, екіншісіне дезерітінді құйылады.

Әр өңдеу кезінде ауру жануар ваннада кемдегенде бірнеше минут болғаны дұрыс. Қысты күндері минустық температура кездерінде «құрғақ» ванналарды қолдануға болады, атап кетсек 1:9 қатынасында мыс купоросының ұнтағы мен сөндірілген әк (Э.И. Веремей,1989) [14].

Сонымен қатар ванналарда қолданылатын емдік ерітінділер ретінде: 3%-ды креолин, 5%-ды ихтиол, 3%-ды нафтолизол ұсынылып отыр. Және де бұл ерітінділерді жылы түрінде немесе бір бірімен қоспа түрінде қолдану олардың тиімділігін арттырады (В.А. Лукьяновский, 1994) [15].

Некробактериалды зақымдануларға жүргізілетін жергілікті өңдеулерді антибиотикті терапиямен біріктіріп жүргізу қажет. Және де антибактериалды препараттарды қалыпты дозалардан жоғары мөлшерде қолданған дұрыс, себебі анаэробтар зақымданған ұлпалар мен тамырлардың арасында некротикалық тосқауыл түзіп емдік заттардың енуіне кедергі тудырады. Некробактериоз кезінде тиімді әсер ететін препараттар: левомицетин, тетрацеклин, эритромицин, ампицилин.

Емдеу барысында әсер ету мерзімі ұзартылған препараттарды қолдану тиімді, ол үшін: дибиомицинді 20-30 мың әсер ету бірлігі мөлшерінде 7 күнде 1 рет немесе дитетрациклинді 30-50 мың әсер ету бірлігі мөлшерінде 3 күнде 1 рет, бициллин-5 30-50 мың әсер ету бірлігі мөлшерінде 1 кг салмағына 5 күнде 1 рет, 0,25%-ды новокаинде немесе дистилденген суда ерітіп емдеу курсында 1-2 инъекция ретінде қолдануға болады (препараттарды 1 кг тірі салмағына қарасты есептейді) (А.А. Сидорчук с соавт., 1994) [22].

Некробактериоз кезінде 33%-ды сульфадилизин фосфатының ерітіндісін, күнделікті үш күн бойы, тамыр ішіне қолдану (1 кг тірі салмағына 100-200 мг) және натрий салицилатын бір бас малға күніне 30-60 грамм мөлшерінде беру арқылы қолайлы нәтижелер алынған [23].

Соңғы жылдары жануарлардың некробактериозын емдеу үшін көптеген әр түрлі дәрілік заттар және оларды қолдану тәсілдері ұсынылып өндіріске енгізілуде. Бірақ та барлық жағдайларда олар оң нәтиже бере бермейді. Көпшілік жағдайда жараны хирургиялық өңдеуден кейін, некротикалық процесс сауығу кезеңіне ауысу үшін, ең қарапайым препараратты қолдану жеткілікті болады. Сонымен қатар неғұрлым емдік шаралар ерте басталса соғұрлым жануардың індеттен толық сауығу мүмкіндігі жоғары болатынын айтып кету керек. [24].

Жануарларды үнемі және мұқият тексеріп отыру, дер кезінде ауру малдарды анықтау және емдеу, некробактериоздан туындайтын шығынды айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар барлық шаруашылықта немесе жеке бір фермада жүргізілген тиімді шаралар арқылы, жануарлардың арасында некробактериоздың туындауын күрт төмендетуге немесе мүлдем болдырмауға болады [3, 25, 26].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]