Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көлікте жүктерді ауыстыру технологиясы каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)

3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Молдабаев Б.Г.– машинатану кафедрасының аға оқытушысы, №113 кабинетте.

3.2 Пререквизиттері Үйренушілер берілген пәнді меңгеруі үшін сызба геометрия, теориялық механика, инженерлік геодезия, жоғары математика курстарын білуі қажет.

3.3 Постреквизиттері: Алынған білім мамандықтың келесі пәндерінде кеңінен қолданылады:

– бірінғай көлік жүйесі;

– көлік қүралдары;

– көлік логистикасы

3.4 Пәннің қысқаша мазмұнында пәннің мақсаттары мен міндеттері. Пәнді оқытудың мақсаты – автомобиль.темиржол ,ауа , су көліктері арқылы жүк тасымалдаудың құрамдық бөлігі болып табылатын тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы бойынша білім қалыптастыру.

Курстың теориялық жағдайларың меңгеру процесінде оқушылар тиеу-түсіру машиналардың және механизмдердің негізгі түрлерімен, олардың қүрылысы және негізгі тораптарымең, өндірісте пайдалану жағдайларымен, оған қоса контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыруымен танысады.

Практикалық сабақтарда оқушылар жүк көтергіш крандармен және тиеуіш машиналармен, механизмдердің такелаждық құралдардың параметрлерін есептейді; көлік құралдарының жұмыс уақытының нормаларымен және бос тұрып қалу уақытын анықтайды, контейнерлерді өндіру технологиясымен танысады, оған қоса іс жүзінде көлік құралдарын тиеу-түсіру уақыт нормаларын қолдануға үйренеді.

Жұмыс істеу барысында инженерге өндірісті ұйымдастыру мен байланысқан кешендік мәселелерді шешуіне, есептеулер жүргізіп, оларды іс жүзінде қолдануға тура келеді.

Алынған білімдер автокөлік саласында тиімді жұмыс істеу үшін өнім шығару және берілетін қызмет сапаларын көтеру бағытында өкіметтің саясатын түсіну үшін қажет, олар қазіргі кезде кез келген саладағы осы уақыттағы мамандардың жалпы мәдениетінің негізгі элементі болып табылады.

Теориялық және практикалық сабақтарда студенттердің тапсырманы тиімді орындауы үшін оларды шығармашылық процеске араластырып, сабақ мақсатына жетуді, дағды мен іскерлікті қалыптастыруды қарастыру қажет.

Оқу процесін ұйымдастыру кезінде студенттердің өзіндік жұмыстарына аса зор көңіл аудару қажет, өйткені практикалық сабақтардың есептік бөліктерін олар өз беттерімен орындайды.

3.5 Оқыту нәтижелері Кәзіргі заманғы тиеу-тісу\іру машиналарың, қондырғылар мен автоматтандыру жұмыстырын, олардың техникалық-пайдалану көрсеткіштерін, эстетикалық, табиғатты және енбекті қорғау көрсеткіштерін білу керек

3.6 Курстың саясаты мен процедурасы : Студенттер сабаққа үнемі қатысуға, пән бойынша тапсырмаларды орындау графигін ұстануға, әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге міндетті.

Студенттердің кешігуі, сабақ жіберуі, басқа студенттердің білім алуына кедергі жасауы «ҚарМУ-дің ішкі ережелерімен» анықталады.

Жазба жұмыстарын көрсетілген мерзімнен («пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру» қараңыз) кеш тапсырғанда баға рейтингісі 10%-ға төмендетіледі.

Студенттің жеке қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеген жағдайлардың барлығы «ҚарМУ-дің оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен» реттеледі.