- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері:
- •1.4. Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.8. Әдебиеттер тізімінің мазмұны: Нормативтік актілер
- •1.9. Баға туралы ақпараттар:
- •2.0. Курстың саясаты мен процедурасы
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Лекция сабақтарының тезистері Тақырып 1. Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Тақырып 2. Әкімшілік жауаптылық
- •Тақырып 3. Әкімшілік мәжбүрлеу.
- •Тақырып 4. Әкімшілік жаза
- •Тақырып 5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар.
- •Тақырып 6. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері және оның ерекшеліктерін анықтау.
- •Тақырып 7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу.
- •Тақырып 8. Әкімшілік үрдіс.
- •Тақырып 9. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.
- •2.3. Семинар сабақтарының тақырыбы
- •2.4. Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған.
- •2.5. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен жасалатын өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары шегіндегі сабақ жоспары.
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе қарастырылмаған
- •2.8. Өз білімін тексеру үшін тест сұрақтары
- •1. Жеке адамға салынатын минимальды айыппұлдың мөлшері:
- •2. Ескерту қандай түрде жасалады:
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қашан қабылданды:
- •4. Әкімшілік қамауға алу мерзімі:
- •5. Арнаулы құқықтан айыруды кім қолданады:
- •6. Әкімшілік қамауға алуды кімдерге қолдануға болмайды:
- •7. Арнуалы құқықтан айыру жазасының мерзімі:
- •8. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзімі
- •9. Қазақ сср әқ бк қашан қабылданды:
- •10. Сыбайлас жемқорлық және төтенше жағдай режим талаптарын бұзғаны үшін белгіленетін мерзім:
- •11. Әқб жасаған адамға әкімшілік ұстау мерзімі қанша:
- •12. Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы туындайтын жолы:
- •13. Лауазымды адамға салынатын минимальды айыппұлдық мөлшері:
- •14. Әкімшілік айыппұлдық лауазымды адамға салынатын максимальды мөлшері:
- •15. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық минимальды мөлшері:
- •16. Жеке адамға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •17. Заңды тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдық максимальды мөлшері:
- •18. Кәмелетке толмаған адам әкімшілік жазаға ұшырады деп есептеледі жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан бастап
- •19. Кәмелетке толмаған адам ол:
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер 3
- •1.2. Оқу туралы мәліметтер 3
- •Әкімшілік жауапкершілік пәні бойынша
- •«050301-Юриспруденция», «050304-Кеден ісі» мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь кµшесі, 38
Тақырып 5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың ұғымы және жүйесі.
Әкімшілік юрисдикция органдарының түрлері.
Әкімшілік жауапкершілікке тартатын тұлғалардың жазалар қолдану жөніндегі құзіреті.
Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекс бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кез-келген бір iс бойынша құқық нормасын бірнеше органдар қолдана алады. Іс бір органнан екінші органға жиі беріледі, бұл ретте олардың әрқайсысы тек өзінің құзіретіне жатқызылған құқық қолдану іс-әрекеттерін ғана атқарады.
Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын органдардың біртұтас жүйесі жоқ, тек жекелеген құрылымдар бар, олар бір-бірімен белгілі бір басшылық жасайтын немесе үйлестіретін орталықпен байланыстырылмаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын органдар жүйесі сондай – ақ олардың арасында юрисдикциялық өкілеттіктерді ұйымдық – құрылымдық бөлу ерекшеліктерімен де сипатталады.
Бұл органдардың ұйымдық құрылуына және әкімшілік құқық бұзушылықтың ерекшеліктеріне байланысты бұл бұзушылықтар туралы істерді: Жүйенің тек төменгі буындары (әскери комиссариаттар); Жүйенің төменгі және жоғары тұрған буындары (қозғалыс қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдары); Жүйенің барлық буындары қарайды.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, , iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 538 – бабының бұл санаттың істерін қарауға уәкілетті органдардың екі негізгі түрін белгілеген:
1)мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары.
Мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi, егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған әкiмшiлiк сот құрылмаса, аудандық (қалалық) соттардың судьялары қарауға құқылы. Мамандандырылған әкімшілік соттардың судъялары Кодекспен өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. Салалық әкімшілік юрисдикция органдарының дербес және ең көп тобын ішкі істер органдары; мемлекеттік инспекция органдары және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген басқа органдар құрайды.
Юрисдикциялық органдарға ішкі істер органдары; мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдары; әр түрлі көлік органдар; салық қызметі органдары; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар; қалалық және аудандық әскери комиссариаттар және тағы басқа органдар жатады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартатын тұлғалардың жазалар қолдану жөніндегі құзіреті:
Cоттар - мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспай, басқа баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Iшкi iстер органдары (полиция) - ішкi iстер органдары осы ішкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы: 1) ӘҚБтКодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары; iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары; iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары; iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары; Өртке қарсы күрес қызметi органдары -өртке қарсы күрес қызметi органдары ӘҚБт Кодекстiң 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Өртке қарсы күрес қызметi органдары атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға: өртке қарсы қызметтiң қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өртке қарсы қызметтiң аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; Көлiк бақылау органдары -көлiк бақылау органдары құқық бұзушылықтарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері немесе тасымалдаушылар жасаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әдiлет органдары - әдiлет органдары ӘҚБт Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Көшi-қон жөнiндегi органдар - көшi-қон жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган - мемлекеттiк заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Нормативтік актілер: [1], [2], [3].
Негізгі әдебиеттер: [1], [2], [3], [10],[16].
Қосымша әдебиеттер: [1], [4], [9].
