- •А.С.Сағымова, м.Н.Жакипова, ә.Ж.Баялиева, г.Ә.Имаханова, б.С.Бөпішева
- •«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Тоқыма бұйымдарын жобалау технологиясы», «Дизайн» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жеңіл өнеркәсіп.
- •Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?
- •Саба ненің белгісі болған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Киім туралы түсінік
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Киім жіктемесі
- •Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Дизайнер мамандығы
- •Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығы
- •Тігін өнеркәсібі саласының мәселелері
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Өлшем нышандарын түсіру және олардың реті
- •Иығы босады – уһ деп дем алды, жеңілдеп қалды.
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Біздің университетімізде студенттер ательесі бар ма?
- •Жастардың қазіргі киіп жүрген сән киімі жөнінде пікіріңіз қандай?
- •Трикотаж
- •Трикотаж өрімдері
- •Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары
- •Өнім сапасын стандарттау және бақылау
- •Жүн және одан жасалатын бұйымдар
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
- •Тоқыма өнеркәсібінің даму тарихы
- •Алматы мақта-мата комбинаты
- •Жеңіл өнеркәсіп саласына арналған қазақша-орысша сөздік:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Киім туралы түсінік
Киім – өсімдіктен, жануар терісінен, жасанды талшықтардан өңделіп жасалған материалдардан дайындалған бұйым. Киімнің тарихына көз жүгіртсек, киім құрастыру киім пішуден басталған. Костюмнің ең қарапайым құрастырылуы ежелгі римдіктер мен гректерде болды. Олардың киімдерінің құрылымы өте қарапайым бесбұрыш, дөңгелек, түрлі бұрышты геометриялық пішіндерге ұқсас болатын. Кейін келе бесбұрышты маталардан тігілген киімдер пайда болды. Олар бастан киілетін ойығы, алдында жырығы бар, жеңі жоқ, екі жағынан бес бұрышты мата қиындысынан тігілген, тарихта «римдік туника» деген атаумен қалған киім үлгілері болатын. Киімді осылайша пішу ХІ ғасырға дейін жалғасып келді.
Киімді адамның денесіне жабысып тұратын етіп пішу өнері алғаш рет Шығыста пайда болып, содан соң бүкіл дүниежүзіне тарады. Мұндай киімді тігу бүгудің, қатпардың, пішудің, тігудің әдістерін ойлап табуға итермеледі. ХІІ ғасырдың басында киімде үш тігіс пайда болды: жанынан, ортадан, арқадан. Жанынан түсірілетін тігіс киім тігуде өте қажет болғанымен, ол киімнің әдемілігіне нұсқан келтірді. Сол себепті киімді дененің мүшелеріне қарай бөліктерге бөлу пайда болды. ХІІІ-XIV ғасырларда киімді адамның денесіне өлшеп тігу кең етек жайды. XIV ғасырда киімді пішіп құрастыратын мамандар пайда болды. Орта ғасырларда сырып тігу, жеңдерді қайырып, сопақ формада тігу күнделікті тұрмысқа енді. Көп уақытқа дейін жеңді бөлек тігіп, оның киімге бөлекше жалғау орын алып келді. Шалбарлар да талайға дейін бірге тігілмей, әр аяққа әр балағы бөлек киілетін болған. XIV ғасырда көйлектің етегінің түрлі формаларымен бірге белдемше тігілетін болды. Жалпы орта ғасырларда киімге деген жаңа көзқарас қалыптасып, сәннің алғашқы белгілері пайда бола бастады. ХVІ-XVIІ ғасырларда корсет әйелдер киіміне ең үлкен жаңалық болып енді. XVIІІ ғасырда түрлі киімдердің суреттері салынған алғашқы сән журналдары шыға бастады. Тек ХІХ ғасырдың басында ғана пішудің алғашқы сызбалары, киімнің кескіндемелері арнайы жасалатын болды.
(Андреева Р.П. Энциклопедия моды)
Киім дегеніміз не?
Киім құрастыру неден басталған?
Римдіктер мен гректердің киімдерінің құрылымы қандай болған?
Киімді адамның денесіне жабысып тұратын етіп пішу алғаш рет қай жерде пайда болды?
ХІІІ-XIV ғасырларда киім тігуде қандай өзгерістер енді?
Сәннің алғашқы белгілері қай кезде пайда бола бастады?
4-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, көршіңізбен сұқбат құрыңыз.
5-тапсырма. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді тауып, олардың қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Киім құрастыру киім пішуден басталған. Костюмнің ең қарапайым құрастырылуы ежелгі римдіктер мен гректерде болды. Олардың киімдерінің құрылымы өте қарапайым бесбұрыш, дөңгелек, түрлі бұрышты геометриялық пішіндерге ұқсас болатын. Кейін келе бесбұрышты маталардан тігілген киімдер пайда болды. Тарихта «римдік туника» деген атаумен қалған киім үлгілері болатын. Олардың тек бастан киілетін ойығы, алдында жырығы бар еді. Туникалар жеңсіз, екі жағынан бес бұрышты мата қиындысынан тігілген. Киімді осылайша пішу ХІ ғасырға дейін жалғасып келді.
6-тапсырма. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз.
1) Киімнің ең қарапайым ... ежелгі Римда пайда болды. 2) Олардың киімдерінің ... түрлі геометриялық ... ұқсас болатын. 3) ... осылайша ... 11 ғасырға дейін жалғасып келді. 4) Киімді адам денесіне жабысып тұратын етіп ... ... бүкіл дүниежүзіне тарады. 5) Мұндай киімді тігу ..., ..., пішудің жаңа ... ойлап табуға итермеледі. 6) Орта ғасырларда ... деген жаңа ... қалыптасты. 7) 13 ғасырда түрлі киімдердің суреттері салынған алғашқы ... ... шыға бастады. 8) Тек 19 ғасырда ғана киімнің алғашқы сызбалары, киімнің ... арнайы жасалатын болды.
7-тапсырма. Мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын жазыңыз.
Ұзын, қарапайым, пайда, қамтамасыз ету, төзімді, көркем, жаңа, алғашқы.
8-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасаңыз.
Киім, костюм, тігу, бүгу, қатпар, тігіс, пішін, сыру, жең, құрастыру.
1. Есімдіктен болған баяндауышы көрсетіңіз.
А) Киім пішуден басталады.
Ә) Олар келсе екен
Б) Бұл кітап менікі
В) Мен үйге қайтып барамын.
Г) Қысқы кеш.
2. Сөйлемнің бастауышы қай сөз табынан: «Ананың көңілі балада».
А) Сын есім
Ә) Етістік
Б) Есімдік
В) Зат есім
Г) Сан есім
3 Бастауыш, баяндауыштың қандай сөз табынан болғанын көрсетіңіз
Біз-студентпіз
А) Зат есім-зат есім
Ә) Сын есім-зат есім
Б) Етістік-үстеу
В) Есімдік-зат есім
Г) Үстеу -зат есім
4. Үстеу қай сөйлем мүшесін атқарып тұр
Үйге қайтатын күнім ертең
А) Пысықтауыш
Ә)Бастауыш
Б) Анықтауыш
В) Баяндауыш
Г) Толықтауыш
5. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз
А) Біз киноға барамыз
Ә) Біз киноға бармаймыз
Б) Біз ертең киноға барамыз
В) Менің киноға барғым келеді
Г) Айгүл киноға бара алмайды
СОӨЖ: Киім қызметі
Киім қызметі дегеніміз – киімнің киілетін ортасы, міндеті мен оған қойылатын талаптар. Киім қызметінің тарихи мәні жоғары. Себебі адамзат дамуының тарих беттеріндегі өзгерістері сол кезеңнің киім үлгілерінен көрініс тауып отырған. Бұған дәлел – әр ғасырдағы киім үлгілерінің әр түрлі болуы. Дегенмен қай ғасырда болмасын киімнің ең басты қызметі адам денесін сыртқы жайсыз жайттардан қорғау болған. Сонымен бірге түрлі қызмет салаларының көбеюіне байланысты біртіндеп киімдердің әр салаға арналған түрлері мен оларға тән өзіндік элементтері пайда болды. Жеке мемлекеттер құрылып, саяси жағдайлар қалыптасты. Олардың арасында шайқастардың болуына байланысты соғыс жағдайына икемделген киім түрлері де дүниеге келді. Алғашқы кездерде адам киімді тек сыртқы жағдайдан қорғану үшін ғана кисе, келе-келе оның үлгілерін жасауда эстетикалық көзқарас қалыптасты. Еңбек қызметімен тікелей байланысқан, көбінесе қарапайым, үнемді пайдалануға болатын киімдер де жасала бастады. Олар еңбек етуге де, дем алуға да бірдей ыңғайлы болды. Сөйтіп, киімнің атқарған қызметі көп салалы болып, кеңейіп, өсе берді.
Қазіргі таңда киім қызметінің пайдалылық, әлеуметтік, эстетикалық түрлері бар. Пайдалылық қызметі практикалық, қорғаныштық, гигиеналық және экономикалық салаларды қамтиды. Әлеуметтікке аймақтық, кәсіптік, дәстүрлік, символдық қызметтері жатады. Эстетикалық қызметіне киімнің көркем әсемдік пен нәзік талғамның үйлесімділік табуы жатады.
Осылайша киімнің уақыт көшімен дамыған басты қызметі төзімділікке, сәнділікке бағытталып, біздің өмірімізде үлкен рөл атқарып отыр.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
Киім қызметі дегеніміз не?
«Қызмет» сөзінің киімге қатысы жайлы әңгімелеңіз.
Киім түрлері неге байланысты өзгеріп, көбейді?
Талғам мен киім қызметінің қатынасы бар ма?
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
Екінші бөлімдегі сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тауып, талдаңыз.
СӨЖ: «Киім түрінің киілетін ортасы» тақырыбына эссе жазыңыз.
3-тақырып
Грамматика: Тұрлаусыз мүшелер.
Лексика: Киім жіктемесі.
Тұрлаусыз мүшелер – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш жатады.
Тұрлаусыз мүшелер
Толықтауыш |
кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? |
Сәбит Жанарға хат жазды. Олар қаланы аралады. Айданада шана бар. Кітапты Мирадан ал. Анасы баласымен отыр. |
Анықтауыш |
қандай? қай? кімнің? ненің? қанша? неше? |
Аян – озат оқушы. Жәнібектің шаңғысы бар. Оның екі үйі бар. |
Пысықтауыш |
қалай? қайда? қайдан? қашан? |
Арба тез жүреді. Олар далаға шықты. Жәнібек ауылдан келді. Жазда күн ыстық болады. |
