- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •5В011100 - Информатика мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •Түсініктеме
- •Пән мазмұны
- •Практикалық сабақтар тізімі
- •Соөж -ге арналған тақырыптар тізімі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Глосарий
- •Дәрістік кешен
- •Стандартты математикалық функциялар
- •Тақырып. Айнымалылар және өрнектер.
- •Switch таңдау операторы
- •Тақырып. Қайталану операторлары Жоспар:
- •For(инициализация; өрнек; модификация) операторлар;
- •While (өрнек) оператор
- •Тақырып. Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. Жоспар:
- •Функциялар, main функциясы
- •Тақырып. Жолдармен жұмыс.
- •Тақырып. Құрылымдар мен біріктірулер.
- •Тақырып. Графикалық операторларды өңдеу
- •Тақырып. Файлдар.
- •Fprintf және fscanf функцияларын пайдалану
- •Fgets және fputs функцияларын пайдалану
- •Fwrite және fread функцияларын пайдалану
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау—өлшем құралдары
- •Оқу сабақтарының программалық және мультимедиалық тізімі
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тараулар бойынша лекция тақырыптары |
Сағат саны |
Апта |
Әдебиет |
1 |
Тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар. |
1 |
1 |
1-5, 1-2, 7 |
2 |
Амалдар белгілері. Тұрақтылар. Түсініктемелер. Басқарушы тізбектер. Программаны құру технологиясы. |
1 |
2 |
1-5, 1-2 |
3 |
С++ мәліметтердің типтері. Қолданушымен анықталатын типтер. |
1 |
3 |
1-5, 4 |
4 |
Айнымалылар және өрнектер. |
1 |
4 |
1-5, 6-7 |
5 |
Тармақталу операторлары. |
2 |
5 |
1-5, 1, 6 |
6 |
Қайталану операторлары |
2 |
6,7 |
1-5, 6 |
7 |
Басқаруды беру операторлары. |
1 |
8 |
1-5, 1, 6 |
8 |
Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. |
1 |
9 |
1-5,4, 8 |
9 |
Көрсеткіштер және массивтер |
1 |
10, 11 |
1-5, 4, 10 |
10 |
Жолдармен жұмыс. |
1 |
12 |
1-5, 7-10 |
11 |
Құрылымдар мен біріктірулер. |
1 |
13 |
1-5,4, 5, 10 |
12 |
Графикалық операторларды өңдеу. |
1 |
14 |
1-5, 5, 7, 8 |
13 |
Файлдар. |
1 |
15 |
1-5, 4, 8,10 |
|
Барлығы |
15 |
|
|
Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы және мазмұны |
Сағат саны |
Апта |
Өткізу түрі |
1 |
Тақырыбы: Тілдің жалпы сипаттамасы. Негізгі ұғымдар. Тапсырма: Төмендегі тақырыптар бойынша конспект жасау: 1. Компьютер жадысы және оның қызметі 2. Си, С++ тілдерінің шығу тарихы. |
2 |
1 |
Семинар |
2 |
Тақырыбы: Амалдар белгілері. Тұрақтылар. Түсініктемелер. Басқарушы тізбектер. Программаны құру технологиясы. Тапсырмалар: Тапсырма 1.Математикалық өрнектерді Си, С++ тілінде арифметикалық өрнек түрінде жазу және программасын құру керек. 1.x2-7x+6
2.
3.
Тапсырма 2. Күрделі бояғыш заттың 60% - көк компонент, 10% - ақ, 18% - сары компонент, қалғаны -қоспалар. N килограмм бояғыш затта әр компоненттен қанша килограммнан бар? |
2 |
2 |
Практикалық жұмыс |
3 |
Тақырыбы: С++ мәліметтердің типтері. Қолданушымен анықталатын типтер. Тапсырмалар: Тапсырма 1. Сауда фирмасында төмендегідей тауарлар бар: тоңазытқыш бағасы - $300, теледидар бағасы - $350, бейнемагнитофон бағасы -$320, аудиоплеерлер бағасы- $40. Бір айда 7 тоңазытқыш , 20 теледидар, 15 бейнемагнитофон , 12 аудиоплеер сатылды. Сатылған тауардың бағасын (теңге, доллармен) есептеңіз. Тапсырма 2. Сынып оқушыларының информатика курсынан алған бағаларының пайыздық құрамын анықтайтын («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») бағдарлама жаз. Жауабы мәтін түрінде берілсін (мысалы, «Үштік баға» _____ «пайыз»). Тапсырма 3. Үшбұрыштың бір қабырғасы 4 см, екіншісі оның жартысына тең, ал үшіншісінің ұзындығы алғашқы екеуінің ұзындықтарының қосындысынан 2 есе қысқа. Үшбұрыштың ауданын есепте. |
2 |
3 |
Практикалық жұмыс |
4 |
Тақырыбы: Айнымалылар және өрнектер. Тапсырма: Тапсырма 1. Х айнымалысына клавиатура арқылы енгізілген үш орынды К санының цифрларының қосындысын меншікте Тапсырма 2. Пайдаланушыдан жазықтықтағы ұшбырыштың төбелерінің координаттарын сұрайтын және оның периметрімі мен ауданын экранға шығаратын бағдарлама құр. Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның табаны және биіктігі берілген. Трапецияның периметрін табыңыздар. Тапсырма 4. Екі сан берілген. Осы сандардың кубтарының арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын тап. |
2 |
4 |
Практикалық жұмыс |
5 |
Тақырыбы: Тармақталу операторлары. Тапсырма:
Тапсырма
1.
a) y=
ә)
y=
Тапсырма 2. X,Y,Z үш нақты сандардың ішінен ең үлкенін табу керек. Тапсырма 3. Үш нақты сандар берілген. Мәндері теріс еместерін квадраттау, ал терістерін төртінші дәрежеге шығару керек. Тапсырма 4. А(х1, у1) және В(х2, у2) нүктелері берілген. Нүктелердің қайсысының координата басына жақын орналасқандығын анықтайтын программа құру керек. Тапсырма 5. Үшбұрыштың екі бұрышы (градуспен) берілген. Осындай үшбұрыштың болатындығын анықтау керек. Егер болса, ол тікбұрышты ма. Тапсырма 6. Бір-біріне тең емес х және у нақты сандары берілген. Екеуінің кішісін олардың қосындысының жартысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек. Тапсырма 7. ХОУ жазықтығында өзінің координаталарымен А нүктесі берілген. Оның қай осьте немесе қай ширекте орналасқанын көрсету керек. Тапсырма 8. Енгізілген өлшем бірліктерінің номеріне (1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр) және түзудің ұзындығы L-ге байланысты түзудің ұзындығының сәйкес мәндерін метрмен беретін программа құру керек. Тапсырма 9. Берілген 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға (ай номеріне) байланысты осы айға кіретін мереке күндерін (мысалы, егер 1 саны енгізілген болса, онда: 1 қаңтар-Жаңа жыл, 8 наурыз-халықаралық әйелдер мейрамы) шығаратын програма құру керек. Тапсырма 10. N натурал саны берілген. Егер ол 4-ке бөлінсе, экранға N=4k жауабын шығару керек. Егер 4-ке бөлген қалдық 1-ге тең болса, N=4k+1; егер 4-ке бөлген қалдық 2-ге тең болса, N=4k+2; егер 4-ке бөлген қалдық 3-ке тең болса, N=4k+3. Мысалы, 12=4*3; 22=4*5+2 |
4 |
5, 6 |
Практикалық жұмыс |
6 |
Тақырыбы: Қайталану операторлары Тапсырма: Қатардың қосындысын есептеңіз Тапсырма 1.
Тапсырма 2.
Тапсырма 3.
Тапсырма 4.
Тапсырма 5.
|
4 |
7, 8 |
Практикалық жұмыс |
7 |
Тақырыбы: Басқаруды беру операторлары. Тапсырма: Тапсырма 1. Қаздар мен қояндарды бірге алғанда барлығы 64 аяқ бар. Неше қоян мен қаз болуы мүмкін (барлық мүмкін сәйкестікті көрсету керек). Тапсырма 2. Спортшы жаттығуды бастап, бірінші күні 10 км жүгіріп өтті. Әр күн сайын ол күнделікті мөлшерін 10 %-ға арттырып отырған. 7 күннің ішінде спортсмен барлығы қандай арақашықты жүгіріп өтеді? Тапсырма 3.
Тапсырма 4. (fn) Фибоначчи саны n=2, 3, …- болғандағы f0=f1=1, fn=fn-1+fn-2 формулаларымен анықталады. f40-ті анықтау керек. Тапсырма 5. Есептеу керек:
|
2 |
9 |
Практикалық жұмыс |
8 |
Тақырыбы: Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері. Тапсырма: Тапсырма 1. Ұшбұрыш төбелерінің координаталарымен берілген. Оның ауданын есептейтін программа құру керек. Тапсырма 2. Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін және ең кіші ортақ еселігін (кратный) табатын программа құру керек. Тапсырма 3. Ұшбұрыштың ауданын есептейтін ішкі программаны пайдаланып, қабырғалары а болатын дұрыс алтыбұрыштың ауданын есептеу керек. Тапсырма 4. 3 санның ең үлкені мен ең кішісінің қосындысын есептейтін программа құру керек. |
2 |
10 |
Практикалық жұмыс |
9 |
Тақырыбы: Көрсеткіштер және массивтер. Тапсырма: Тапсырма 1. а1, а2,…, аn нақты сандардың тізбегі берілген. Z-тен үлкен оның барлық мүшелерін осы санмен ауыстыру керек. Ауыстыру санын санау керек. Тапсырма 2. Өлшемі – N болатын нақты сандар массиві берілген. Онда қанша теріс, оң және нөлдік элементтер бар екенін санау керек. Тапсырма 3. а1, а2,…, аn нақты сандардың тізбегі берілген. Ең үлкен және ең кіші элементтерінің орнын ауыстыру керек. Тапсырма 4. Элементтер саны N болатын массив берілген. Екі массив құрыңыз: біріншісіне бастапқы массивтің жұп нөмірлі элементтерді, ал екіншісіне тақ нөмірлі элементтерді қосу керек. Тапсырма 5. а1, а2,…, аn бүтін сандар тізбегі берілген. ai+aj=m болатын ai,aj сандар жұбын көрсету керек. Тапсырма 6. а1, а2,…, аn бүтін сандары берілген. Осы тізбектің ең кіші мүшесін барлық элементтердің арифметикалық ортасының бүтін бөлігімен ауыстыру керек, ал қалғандарын өзгеріссіз қалдыру керек. Тапсырма 7. Екі өлшемді массивтің бағандарының қосындысынан бір өлшемді массив алу бағдарламасын жаз. Тапсырма 8. Берілген массивтің қатар бойынша теріс элементерінің қосындасын есептеп жауабын В[10] массивіне меншіктейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. Тапсырма 9. Берілген массивтің бағана бойынша теріс элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері нақты сандар. Тапсырма 10. Берілген массивтен негізгі диоганалдың оң элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. |
4 |
11, 12 |
Практикалық жұмыс |
10 |
Тақырыбы: Жолдармен жұмыс. Тапсырма: Тапсырма 1. Нүктемен аяқталатын жол берілген. Жолда неше сөз бар екенін санау керек. Тапсырма 2. Ағылшын тіліндегі мәтіннен тұратын жол берілген. B әрпінен басталатын сөздер санын табу керек. Тапсырма 3. Мәтіннен тұратын жол және қандай да бір әріп берілген. Қанша сөз берілген әріптен басталатынын санау керек. Тапсырма 4. Мәтіннен тұратын жол берілген. Ең қысқа және ең ұзын сөздердің ұзындықтарын табу керек. Тапсырма 5. Жол берілген. Ондағы *, ;, : симводарының санын анықтау керек. Тапсырма 6. Кіші әріптерімен жазылған мәтіннен тұратын жол берілген. Келесі жолға осы мәтіннің бас әріппен жазылған нұсқасын алу керек. |
2 |
13 |
Практикалық жұмыс |
11 |
Тақырыбы: Графикалық операторларды өңдеу. Тапсырма: Тапсырма 1. Төмендегі суреттегі бейнелерді экранға шығаратын және қозғалысқа келтіретін программа жазыңыз.
Тапсырма 2. «Аққал» бейнесін шығаратын программа жазыңыз. Тапсырма 3. Экрандағы шеңбер центрінің орналасуын және оның радиуысын анықтайтын үш бүтін сан берілген. Егер шеңбер экран центрі арқылы өтетін горизонталь түзумен қиылыспайтын болса, онда берілген шеңберді және осы түзуге симметриялы болатын шеңберді ағарту керек. Тапсырма 4. Экран центріне қабырғалары 10, 20, 30,..., 100 болатын бірінің ішіне бірі орналасқан 10 квадраттың бейнесін (төмендегі сурет) салу керек. Тапсырма 5. Экранға екі төртбұрышты шығару керек. Олардың біреуі вертикаль түзулермен, ал екіншісі горизонталь түзулермен штрихталған (төмендегі сурет).
Тапсырма 6. Бірінің ішіне бірі орналасқан кезек-кезек жасыл, қызыл және қоңыр түске боялатын 9 шеңбер салу керек. |
4 |
14, 15 |
Практикалық жұмыс |
|
Барлығы |
30 |
|
|
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар: Студенттер тапсырмалар алып, программасын жазғаннан кейін, программаны жөндеуден өткізіп, тестілеп, анализ жасап, нәтижелерін дәптерлеріне жазып, оқытушыға тексертулері керек.
