Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - тіл мәдениеті.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.41 Кб
Скачать

Тілдің қоғамдық қызметі

Тілдің ең басты қасиеті не?

Оның ең басты қасиеті –қатынас құралы болу қызметі .Тіл –адам баласы қоғамында қатынасқұралы, сөйлесіп ,пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс.

Тіл мен қоғамның арасындағы байланыс екі жақты болады.Біріншісі: тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды .Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі мүмкін емес .Өйткені тіл –қоғамның өмір сүруінің басты шарты .Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді .Қоғамнан тыс тіл жоқ .

Тілдің екінші басты қызметі-ол ойлаудың ,ойды жарыққа шығарудың құралы .Адамның ойы тіл (сөйлемдер) арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты .

Тілдің бұл екі қызметінен басқа ,яғни қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметінен басқа, тағы бір қызметі бар .Ол – оның атауыштық(номинативтік) қызметі .Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі – белгілі бір заттың, ұғымның ,қимылдың ,сынның аты ,атауы болып табылады.

Тілдің төртінші қызметі – экспрессивті-эмоциональдық қызмет.Тілдің экспрессивті –эмоциональдық қызметі деп – адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік (субъективті) қатынасын, эмоциясын, яғни не жақсы көру, не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы, алақай, масқара, қап, айналайын т.б.

Тіл халықтың тарихы, оның өмірінің ізі. Тілден сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті ,қайғысы мен қуанышы сезіліп тұрады .

Тіл –талай заманның жемісі. Ол бірнеші қоғамға қызмет ете береді. Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға да ,социалистік қоғамға да қызмет етті .Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызмет етіп отыр.

Тіл белгілі бір топтың, айталық, не байдың , не кедейдің мұқтажын өтеу үшін емес ,қоғамдағы барлық таптар үшін қызмет атқарады.Олай болса,тіл таптық сипатқа емес ,жалпы халықтьқ сипатқа ие болады. Бұл-оның ең басты ерекшелігі .

Сонымен ,тіл таптық құбылыс емес. Ол- қоғамдық құбылыс.

Тіл және ойлау

Тіл мен ойлау өзара байланысты .Дыбыстық тіл де,абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар.Біріншіден, тіл де, ойлау да –адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да қоғамдық құбылыстар.Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер,сөз тіркестері,сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі.Мұнсыз адамдар бір –бірімен сөйлесе алмаған болар еді .Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары .Сондықтан да ,біз :тіл –ойлаудың құралы,- дейміз.

Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады .Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді .Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді .Сондықтан болар, К.Маркс :«Тіл дегеніміз-ойдың тікелей шындығы »-деген болатын.Ой тіл арқылы,тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді .Демек, тіл –пікір алмасу құраы , ойлаудың құралы ,ойды жарыққа шығару құралы .

Тағы да қайталайық :ойлау мен тіл бір –бірімен тығыз байланысты.Тіл ойлаудың шығуымен бірге,бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді .Ендеше тілдің ойлаудан тыс болуы мүмкін емес екен .

Бір нәрсені танып білуде тілдің атқаратын рөлі зор. Олай дейтін себебіміз, белгілі бір затты жақсы тану үшін, яғни оған ат қою үшін, ең алдымен сол заттың басты белгілерін білу керек. Сол басты белгілерін жақсы білсең, оны тану да, оған ат қою да оңай .Мысалы, ненец (Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тұрады) тілінде қардың түрлерін білдіретін 40 шақты арнаулы атаумен бірге жалпы қар ұғымын білдіретін сыра(мағынасы –«қар») деген сөз бар.

Бұдан шығатын қорытынды: атау сөз (ұғым) жалпы (абстракты) және нақтылы(конкретті) немесе деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді .

Адам тіл арқылы ойлайды .Ұғым сөз арқылы жатталып қалады .Ал сөз мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады .Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен мағынасы жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады. Ұғымның сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса, сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл- ойды айтып жеткізудің құралы.

Тіл біздің ойымызды туғызып,оны жеткізіп қана қоймайды,сонымен бірге,ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды үрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

Дыбыс-тілдің материалдық бірлігі, сөздің құрастырушы бөлшегі.Ол тілдік форма болып саналады.Ендеше,сөз де,сөз тіркесі де, сөйлем де тілдік формалар,тілдік элементтер болып есептелінеді.Сөздің формасы оның дыбыстық құрамынан көрінеді де,мазмұны оның мағынасынан белгілі болады.Тілдегі әрбір сөз,сөз тіркесі,сөйлем қандай да болсын белгілі бір мағынаны,ұғымды ойды бiлдiредi. Ұғым мен мағына және ой тілдiк бірліктердің мазмұны болып табылады .

Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, яғни сөз бен мағынаның арасындағы байланыс –табиғи байланыс емес,ол шартты байланыс.Мысалы, «ұннан иленіп,тапаға пісірілген тағам» деген ұғым мен оның нан деген лексикалық атауының арасындағы байланыс-табиғи байланыс болса, дүние жүзі халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жоқ .Олай емес оны біреу-нан, екiншiлер – хлеб ,үшiншiлер - brot (нем.), төртiншici - bread (ағыл.) деп атайды. Олай болса, олардың арасындaғы байланыс - кейiннен қалыптасқан байланыс екен.

Адам өз ойын сөйлеп не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын,әрі түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса,ол анық, айқын ойлай алады.

Бұған қарап, тіл мен ойлау тепе-тең,бірдей нәрсе деп ұғып қалуға болмайды.Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай ұққан. Ол әр түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі,-деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын.

«Тіл мен ойлау тепе-тең »деп қателесушлер сияқты, «тіл мен ойлаудың арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде бөлек» деп,қате тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен З.Харис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате.

Сонымен тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де , ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен –бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.

Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады.Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады,солар арқылы басқаларға белгілі болады.Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.

С

p

,, . .

б

)

Тіл мен сөйлеу. Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ!» Тіл – адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүруінің шарты.

Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Онда оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

«Тіл тек қатынас құралы болып қомайды, сонымен бірге ол логикалық ойлауды дамыту құралы болып табылады. Өйткені сөз дарындылығының өрлеуі ойлау логикасымен тығыз байланысты. Өз заманында «логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны логикалық сөйлеуді отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен педагог К.Д.Ушинский.

Тіл қарым – қатынас құралы болып табылса, сөйлеу деп тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның тіл пайдалануы. (Жарықбаев Қ. Психология. А., 1963. 162б.)

Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат тән. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Бірінші, сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлілігі. Айтылатын сөзде мазмұн болмаса ол өзіндік мәнін жояды. Ал сөздің мазмұндылығы дегеніміз – сөз болып отырған айналадағы зат не құбылыстың немесе іс-әрекеттің мәнді белгілерін сөз етуді айтамыз. Өйткені айтылатын ойға негіз болып отырған зат не құбылыстың негізгі белгісі – қасиеттері оның басты мазмұнын құрайды.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. А.А.Макаренко бұл жөнінде : «...сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатында болу керек»,- деген болатын.

Сөйлеу алдымен сырттай және іштей сөйлеу болып екіге бөлінеді.Сырттай сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Диалог деп екі немесе одан да көп адамдардың кезектесіп пікір алысуын айтсақ, монолог деп бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтап баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, ұзақ сөз сөйлеу формасында көрінеді.

Сөйлеудің ерекше түрі – жазбаша сөйлеу. А.Байтұрсынов: «біздің заманымыз – жазу заманы, жазу болса сөйлеу ауызша сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман»,- деп бекер айтпаған. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуге қарағанда күрделі процесс. (А.Байтұрсынов Тіл тағлымы. А., 1992ж. 142 б.)

Іштей сөйлеу деп – тілдік материалдар негізінде адамның өзімен-өзі сөйлесіп, пікір алысуын айтамыз. Іштей сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға бағытталған. Оны адам өзімен-өзі ақылдасу, ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Мұны ғылыми тілде диекурсивтік ойлау просесі деп аталады. Өйткені мұнда ой ағымы болады, әлде бір шешім тауып, пікірін білдіруге сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдер таңдайды.

5-6-лекция.

Лекцияның тақырыбы: Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары. Сөз әдебі. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

Лекцияның мақсаты: Сөйлеу стиліне тән өзіндік ерекшеліктерді айқындау.

Лекция сұрақтары : - Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

- Лекторлар мен үгітшілерге қойылатын талаптар ата.

- Шешендік өнер туралы.

- Сөзді сазына келтіріп сөйлеу дегеніміз не?.

- Жазғанды дұрыс оқу шеберлігі дегеніміз не?

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Сөздердің айтылу нормасы туралы.

- Сөздердің айтылуы мен жазылуы.

- Сөздерді бұзып айту туралы.

- Кейбір дыбыстардың айтылуы.

- Радио және теледидар хабарларының мәдениеті.

- Ғылыми және ресми стиль мәдениеті.

- Баспасөз тілінің мәдениеті.

Әдебиет: 1. Сыздықова Р. Орфоэпиялық нормалар жайы. Жинақ: Өнерлі өнер А,1976. Сөз сазы. А.,1983ж.