Ішектік өзіндік уыттану.
Адам ішектерінде, есіресе тоғышектің төменгі бөліктерінде анаэробты микробтардан түратын микрофлора міндетті түрде болады. Қалыпты ішек микрофлорасы дерттуындататын микробтардың дамуын тежеп, қорғаныстық қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар ішекте кейбір витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ішекте аз мөлшерде іру-шіру өнімдері (индол, скатол, крезол, фенол, әсерлі аминдер т.б.) болады. Олар ішек қабырғаларының жөне бауырдың тосқауылдық әрекеттерінщ нәтижесівде организмге уытты әсер етпейді. Ал, тоғышектің қабынуы (колит), іш қату жөне ішек бітелуі, дисбактериоз кездерінде тағамдық заттардың ішектерде іріп-шіруі күшеюі бауырдың тосқауылдық әрекетінен асып кетіп, организмнің уыттануына әкеледі.
Осыдан тез дамитын өзіндік уыттанудың нәтижесівде артериялық қан қысымы төмендейді, жүрек әлсіздігі дамиды, ми қызметтері тежеледі, тыныс алу нашарлайды, кома дамуы мүмкін.
Созылмалы ішектік өзіндік уыттану кездерінде бас ауыруы, жүрек дистрофиясы, анемия дамиды. Ас қорыту жоддарының сол бөлу қабілеті төмеңдейді, төбет жоғалады, ас қорытылуының жеткіліксіздігі байқалады.
Ішек дисбактериозы.
Ішек дисбактериозы деп қалыпты микрофлораның ішектерде таралуы мен қүрамының дерттік өзгерістерін айтады. Ол организмнің әлсіреуінде, антибиотиктерді бақылаусыз жиі қабылдағанда дамиды. Осыдан тоғышекте тағамдық өнімдердің ашып кетуі, ірш-шіруі көбейіп кетеді, іяіектердің толқи жиырылулары артып, іш өтулер байқалады. Ішек дисбактериозы кезіңце ішек пен бауыр арасында әт бөлшектершің оралымдары бүзыла-ды, кейбір витамивдердің (К-витаминінің) ішекте түзілуі азаяды.
Ішек дисбактериозын емдеу үшін И. И. Мечников сүт қышқылы бактерияларын үсынды. Бүл бактериялар адамның ішектерінде бейімделіп, өсіп-өнеді де, басқа ауру туындататьш бактериялардың өст-өнуін тежейді.
Ішек-қарынның ішке сөлденістік (инкрецияльщ) әрекеттерінің бүзылыстары.
Ас қорыту жолдарында, үйқыбезде АПУД- (ағылш. — атіпе ргесшог иргаке аесагЬохіІаІіоп — амин қүрушьшарының артық декарбоксидде-ну) жүйесі бар. Биогевдік амиңцерді және өртүрлі пептидтік гормондар өндіретін жасушаларды апудоциттер деп атайды. Бұл апудоциттердің ішінде Ес-жасушалары (энтерохромаффин жасушалары) биогендік амиңдер-серотонин, мелатонин, пептидтік гормондар-мотилин, Р(пи)-затын өвдіріп жинақтайды.
