- •Рмқк «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
- •1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •1 Жаттығу.
- •2 Жаттығу.
- •3 Жаттығу.
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.
- •-Жаттығу
- •Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.
- •Экология және біз
- •Дара сын есім. Күрделі сын есім.
- •Арал, оралсаңшы қайтадан
- •Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
- •Тәнді қоздырар темекі
- •Сан есім.Дара және күрделі сан есім
- •Қазақ елі-менің Отаным
- •Есептік сан есім
- •Бөлшектік сан есім
- •Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
- •Топтау сан есім
- •Болжалдық сан есім
- •Жетелі жұрттың жеті белгісі
- •Қазақстан рәміздері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Болымды және болымсыз етістіктер.
- •Наурыз қыз
- •Келер шақ
- •Көсемше
- •Өздік етістің жұрнақтарын қосыңыз.
- •Оқы, сұра, жина,ойна етістіктерін ырықсыз етіске айналдырып,сөйлем құраңыз.
- •Ырықсыз етістерге мысал келтір.
- •Өзіңіз келтірген мысалдарға сөйлем құраңыз.
- •Елордадағы еңселі сарай.
- •Мәтінді тірек ете отырып жүйке жүйесі туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Бүгінгі колледж
- •Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
- •1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
- •3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
- •2.Көсемше арқылы : -п, -й
- •2. Көсемше арқылы:
- •3.Шартты рай арқылы:
- •1. Көсемше арқылы:
- •2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:
- •1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:
- •2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:
- •3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:
- •Автор -сөзі төл сөз
- •Автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
- •Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен
- •(Сәрсембегөнерлүекен)
- •Абай оқиды
- •Кітапты оқиды
- •Президент н.Назарбаевтың Қазақстанның Туын, Елтаңбасын таныстыруда сөйлеген сөзі
- •1) Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;
- •2) Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- •3) Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
- •4 Жаттығу
- •Қазіргі жағдайда ақпаратты – электрондық кітапха
- •«Қазақ тілі » пәні бойынша білімгерлердің білімін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
- •Оқу құралдары және әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Бөлшектік сан есім
Бөлшектік сан есімдер-таза математикалық ұғымға негізделген сөздер.
Бөлшектік сан есімнің құрамы
1. Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің екісі, онның бірі.
2. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жавлғауда тұрады:екіден бірі, оннан бесі.
3. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септігінде тұрады: оннан төрт, мыңнан бір
4. Есептік сан есімдерге жарым, ширек, жарты сөздері тіркеседі: үш жарым, төрт ширек.
Француз саяхатшысы г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты
1885 жылы Парижде француз тілінде Генрих Мозердің « Орталық Азия мен қазақ даласы және Түркістан, Бұхара, Хиуа, Персия жеріне барған сапарлары туралы жолжазбалары» деген кітабы жарияланған.
Бұл кітапта саяхатшының аталған елдерге қалай барғаны туралы деректер баяндалады.
1868 жылы Г.Мозер 24 жасында Петербургтен Шығысқа бет алған.
1882 жылы Г.Мозердің Шығысқа кезекті сапары болды. Сол сапары туралы жазған кітабында: « Қазақтар жылдың төрт мезгілінде үлкен территорияда көшіп – қонып жүреді.Отандарын өлеңге қосып мадақтайды, шексіз, жазық далада өздерін бақытты санайды, әрі еркіндікте өмір сүреді, қазақтай төзімді халық – дүние жүзінде жоқ!» деп жазыпты.
Содан соң, Г.Мозер қазақтардың әдет – ғұрыптарын суреттейді: қазақтар сәнді киінеді, әсіресе қыздар мен әйелдерінің киімдері жібектен, барқыттан, ал қысқы киімдері төрт түлік малдың жұқалап иленген терісінен жасалады.
Ыстық күнде бастарына тақия, қыста түлкі тұмақ немесе қойдың терісінен бөрік киеді. Қыздары үкі қадап, шолпы тағады.
Қорыта айтқанда, Г.Мозердің жолжазбаларының екі түрлі құндылығы бар: бірінші, көшпелі дәуірдегі қазақтардың жақсы қасиеттері жөнінде және олардың этнографиясы туралы мол мағлұмат береді, екінші Қазақстан мен Францияның достық қарым – қатынасы XIX ғасырдың сексенінші жылдарынан басталғанын білдіреді.
Саяхат-тутешествие
Әдет-ғұрып-традиция
Дала-степь
Бақыт-счастье
Достық қарым-қатынас-дружное отношение
Аймақ-территория
1-жаттығу
Мәтінді оқып, түсінігін айтыңдар
2-жаттығу
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңдар.
....жылы .... француз тілінде «.... . ....Орталық Азия мен қазақ даласы және.....,...., ...., .... жеріне барған сапарлары туралы ....» деген кітабы жарияланған.
.... жылы .... ..... 24 жасында .... атанып Шығысқа бет алған
.... жылы Г.Мозердің ... еліне кезекті сапары басталады.
Г.Мозер кітабында қазақтардың .... .... суреттейді.
.... жылы Г.Мозердің .... мен .... ....үшінші сапары болды
Саяхатшы .... қаласына келді.
Кітап көшпелі қазақтардың .... ..... туралы мол мағлұмат береді.
3- жаттығу
Аралас сөздерден сөйлем құраңыз
Болды/жарым/тоғыз/сағат
Үшке/қалды/он бес/сағат/минут
Таңғы/сағат/он/жиырма бес
Бес/кетті/сағат/минут/төрттен
4-жаттығу
Мына бөлшектік сан есімдерді оқыңыз
2/7,1/3,5/9, 23/4, 10/5
5-жаттығу
Мына сұрақтарға жауап жазыңыз
Астана поезы сағат...(нешеде) жүреді? Сіз таңертең ...(нешеде) тұрасыз? Институтқа ...(қаншада) жетесіз?Сабақ ...(нешеде) басталады? Сабақ ...()қаншада
аяқталады? Күніне...(неше) сағат ұйықтайсыз? Аптасына ...(неше рет) кітапханаға барасың?
6-жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, ондағы сан есімдердің астын сызыңыз
Сіз білесіз бе?
Құрлықта өмір сүретін аңдардың ең үлкені-африка пілі. Оның салмағы бес тонна, бойының биіктігі үш жарым метр, дене тұрқының ұзындығы төрт жарым метр.Алайда бұл піл әлемдегі ең үлкен алып саналатын көк китпен салыстырғанда кіп-кішкентай. Бұл киттің жүрегі алтыжүз-жеті жүз килогграмм, тілінің салмағы-үш тонна, бауыры бір мың екі жүз килограмм тартады. Ал оның өзінің салмағы отыз пілдің, бір жүз елу бұқаның салмағына тең, яғни жүз елу тонна. Киттің ұзындығы отыз үш метрге дейін жетеді. Оның етінің салмағы жетпіс бес тонна болса, миы бар болғаны-сегіз килограмм шамасындав. Көк киттің жаңа туылған баласының ұзындығы-жеті метр,салмағы бес-алты тонна болады. Тәулігіне екі жүз литрден сүт ішетін ол күніне алпыс-жүз килограммға дейін салмақ қосады.
Сабақтың тақырыбы: Топтық сан есім. Болжалдық сан есім.
Тәуелсіз ел- Қазақстан тұрағы
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Топтық сан есімнің, болжалдық сан есімнің жасалу жолдарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
Өткен тақырып бойынша бағалау;
Жақсы жауаптарды ескеру;
Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Тәуелсіз ел-Қазақстан тұрағы мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Топтау сан есімі мен болжалдық сан есімдерге сөйлемдер құрастырып жазу.
