Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588.29 Кб
Скачать

11.Ақшаның болашақ құны. Ақшаның ағымдағы құны.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,себебі олардың меншікті құны жоқ.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады.Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады:

  1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ шоттардағы,сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрәнде қоғамдық қорлану формасында.

  2. Банктердегі халық салымдарында,облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүние жүзілік ақша.Сыртқы сауда байланыстары,халықаралық зайемдар,сыртқы серәктестіктерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды.Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдықбайлықтың материялдану құралы болып табылады.

Ақша жүйесі-бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады.Аұша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды.Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:

  • Метел ақша айналысы,яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып ,ақшаның барлық қызметтерін атқарады,ал несиелік ақшалар метелға ауыстырылады.

  • Несиелік және қағаз ақшалар жүйесі,яғни алтын айналыстан алынып тасталып,оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Ақша ағымын дисконттау әдісі.

Кәсіпорын меншік құқықтарын бағалаған кезде,кәсіпорынның уақыт өте табыс әкелу мүмкіншілігі негізгі көрсеткіш болып табылады. Оны капитализация формуласы арқылы анықтаймыз:

V=I / K

Мұнда

V= ағымдағы құн

I = кезеңдік табыс

K= капитализация коэффиценті

Табыстық тәсілдің негізгі қағидасы болып,күті қағида жатады.

Болашақ табыстарды дисконттау әдісі-бұл әдіс,объекті иемденгеннен, болашақта алынатын табыстардың ағымдағы құны ретінде,табысты жылжымайтын мүлікті бағалау үшін қолданылады.

Жылжымайтын мүлікпен жүгізілетін операциялардың болашақтағы артықшылықтары болып,иемдену мерзімі кезіндегі болашақ табыстар түріндегі уақытылы түсімдер мен реверсияны, яғни иемдену мерзімі біткен кездегі объекті сатудан түскен пайданы көрсетеді.

12.Жалгерліктің түсінігі. Жалдың жіктелуі.

. Жалдың жіктелуі. Жал алушылардың қаржылық есебінде жалдың бейнеленуі

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болу мүмкін.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамаы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т. б. қарастырылады.

Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді.

Жалгерлік есеп №17 «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымды болып бөлінеді.

Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шарнтпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуңы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]