Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.43 Кб
Скачать

Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.

Шығындар есебінің объектілері болып – шығындардың пайда болу орындар, шығындардың орталығы және жауапкершілік орталықтары саналады. Шығындардың пайда болу орындары - өндіріс шығындарының жұмсалуын бақылау және басқару үшін, сонымен қатар ұйым қызметінің нәтижесін анықтау үшін шығындарды жоспарлау, нормалау, және есебін ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшелері. өнеркәсіп кәсіпорындарында шығындардың пайда болу орындары болып өндіріс, цехтар, учаскілер, бөлімдер, бригадалар, және басқа да құрылымдық бөлімшелер саналады. Шығындардың пайда болу орындары өнімнің түрлеріне байланысты өзіндік құн баптары бойынша шығындардың аналитикалық есебінің объектілері болып табылады. Шығын орталықтары – бұл бір бірінен қызметі, өндірістік операциялары, техникалық жарақтануы, еңбекті ұйымдастыру және шығындардың бағыты бойынша айырмашылығы бар алғашқы өндірістік және қызмет көрсетуші бірліктер болып табылады. Оларға учаскілерді, бригадаларды, қызметі, механизациялануы, еңбекті ұйымдастыру тәптіптері бірдей құрылғылардың топтарын жатқызуға болады.

Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын

Шығындар есебінің нормативтік әдісінде қолданыстағы нормалардың өзгеруінің есебін жүргізу маңызды рөл атқарады. Ол нормативтік базаны жүйелі түрде нақтылау үшін қажет. Нормалар жаңа техника, технология енгізудің, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, тиімділік пен сапаны арттырудың әсерінен өзгереді. Қолданыстағы нормалардың өзгеруі арнайы құжаттармен – өзгерудің себептері көрсетілген нормалардың өзгергені жөніндегі хабарламалармен ресімделеді (қызметтер жаңа нысан енгізілген нақты күннен бастап жазады). Хабарламалардың негізінде нормативтік калькуляцияларға өзгерістер келесі айдың басынан бастап енгізіледі. Есепті айдың ішіндегі ағымдағы норманың мөлшері айтарлықтай өзгеруі есепті кезеңнің соңына дейін есептеледі, ал осы өзгерістің мөлшері шамалы болған жағдайда ол нормадан ауытқумен бірге жеке позицияда көрсетіледі. Хабарламаның негізінде осы өзгерістердің іс-шарасы, себебі, орындаушы бойынша жедел есебі жүргізіледі. Өзгерісті жедел анықтау (оның ішінде сигналдық құжаттаманың көмегімен) мен шығындардың нормалардан ауытқуының есебін бөлек жүргізу (шығын баптары, пайда болған жері, себептері, ауытқу үшін жауапты тұлғалар бойынша) маңызды рөл атқарады. Ауытқудың есебі нақты өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша ұйымдастырылады. Ауытқу деп шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикатттарды пайдаланғанда, жұмысшыларға еңбекақы төлегенде белгіленген нормалар мен нормативтерден әр түрлі ауытқулар мен үстеме шығыстардан ауытқулар аталады.

97