- •1.Статистиканың қысқаша даму тарихы
- •XX ғасырдың басында ( 1993 жылға дейін) әлемде статистиканың екі әдістемесін болуы:
- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •5 . Белгінің вариациясы –
- •10. Заңдылық негізінен қайталамашылық, реттілік, әр түрлі құбылыстардағы өзгеру тәртібі.
- •6. Статистикалық бақылау туралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14 . Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •19. Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі
- •21. Динамика қатарларының статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамика қатарларын өңдеудің негізгі тәсілдері.
- •3 .2.Аралықты динамика қатарлары-құбылыстың белгілі бір уақыт аралығындағы (ай,тоқсан,жыл) дамуының қорытындысын сипаттайтын статистикалық шамалар қатарлары.(жай) (өлшенген)
- •23. Жыл ішіндегі динамика қатарларының маусымдық ауытқуы.
- •24. Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •25. Орташа сызықтық ауытқуы, вариаци,ялық коэффицентi: ұғым, мәнi, есептеу формулалары
- •27.Дисперсиялардың қосу ережесі; детерминация коэффициенті
- •28. Альтернативтi белгiнiң дисперсиясы.
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
- •1. Статистиканың қысқаша даму тарихы.
- •2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
График әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мазмұнын сызықтар, нүктелер, геометриялық фигуралар, карт-схемалар арқылы бейнелейтін көрнекті құрал. Графиктер құрылымды сипаттау үшін; аумақтар және фирмалар бойынша салыстырулар жүргізу үшін; динамиканың және жоспардың орындалуын бағалау үшін; вариацияны сипаттау үшін; өзара байланыстарды бағалау үшін құрылады. Графиктер құрылу тәсіліне байланысты диаграммаларға және статистикалық карталарға бөлінеді.
Диаграммалар графиктердің ең көп тараған түрі және практикада жиі қолданылады.
Диаграммалардың мынадай түрлері болады:
жазықтық;
көлемдік;
сызықтық;
фигуралы.
Жазықтық және көлемдік диаграммалар секторлар, бағаналы немесе лента түрінде беріледі. Сызықтық диаграммалар уақытқа байланысты құбылыстардың өзгерісін бағалау үшін, таратпалы қатарлардағы вариацияны, және де құбылыстар арасындағы өзара байланыстарды сипаттау үшін қолданылады. Сызықтық диаграмманы құру үшін координатаның сызықтық жүйесі қолданылады. Графиктің абсцисса өсіне уақыт мерзімі, ал ордината өсіне динамикалық қатардың дәрежесі немесе олардың өзгерістерінің қарқыны орналастырылады.Алынған нүктелердің арасын сынық сызықтармен қосады. Сызықтық диаграммалар полигонға ұқсас келеді. Полигон деп - дискретті вариациялық таратпалы қатардың графигін айтады. Ал интервалды вариациялық таратпалы қатардың графигі гистограмма (бағаналы диаграмма) түрінде беріледі. Гистограмманы құру үшін қатардың интервалдарын абсцисса өсіне, жиіліктерді ордината өсіне орналастырамыз. Егер вариациялық қатардың интервалдары әр түрлі болса, ордината өсіне үлестіру тығыздығының көрсеткіштерін орналастырады. Егер ордината өсіне қатардың жинақталған мәліметтерін орналастырсақ, онда график кумулята түрінде болады .Кумулятаны құрған кезде бірінші интервалдың төменгі шегіне 0-ге тең жиілік сәйкес келеді, ал жоғарғы шегі осы интервалдың жиілігіне сәйкес келеді. Екінші интервалдың жоғарғы шегі алғашқы екі интервалдың шамаларының қосындысына тең болады және т.с.с.. Кумулятаны қолдану вариациялық қатарларды салыстыру үшін, өндірістің шоғырлануын талдау үшін қолайлы. Графиктің төмендегідей негізгі элементтері болады:
графикалық бейне (нүктелер, бағаналар, сектолар және т.б.);
графиктің өрісі (графиктің бейнесі орналасатын орын);
кеңістік бағыты (абсцисса, ордината өстері және т.б.);
масштаб (сандық шаманы графикалық шамаға ауыстырудың шартты өлшемі);
экспликация (графиктің аты, геометриялық белгілері). Графиктің атауының алдында суреттердің сандық рет нөмірлері мен «... . сурет» сөзі жазылады. Егер экономикалық-статистикалық мәліметтерді өңдеу нәтижесінде салыстырулар жүргізу, бір көрсеткіштің келесі көрсеткішке тәуелділігін анықтау қажеттігі туындайтын болса, онда арнайы жұмыс кестесін құруға болады. Мұнда топтастыру белгісі ретінде алдымен бір көрсеткіш, содан кейін келесісі алынады. Әр топтағы кәсіпорындардың нөмірлері, сонымен бірге осы кәсіпорындардың белгілерінің сандық мәндері көрсетіледі.Жиыны әр топ (интервал) бойынша есептеледі.
