- •1.Білім беру саласы түсінігі және оның маңызы
- •2.Білім берудің ел экономикасында алатын орны
- •3.Білім беру экономикасының зерттеу пәні
- •4.Білім берудегі экономикалық қатынастар түсінігі және оның ерекшеліктері
- •5.Білім беру бағдарламалары және оларға сәйкес білім алу типтері
- •6.Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру деңгейлерi
- •7.Бiлiм беру ұйымдары және олардың қызмет ету принциптері
- •8.Білім беруді басқару деңгейлері.
- •9.Білім беру қызметін қаржыландыру формалары
- •10. Қр Білім беру жүйесін қаржыландыру Мақсаты: Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
- •11.Білім беру мекемелерінің негізгі қорлары және олардың құрамы мен құрылымы
- •12. Білім беру мекемелерінің айналым қорлары, құрамы және құрылымы
- •13.Білім беру қызметтерінің өзіндік құны
- •14. Білім беру қызметтерін жүзеге асыру шығындары және олардың құрамы
- •15.Білім беру ұйымдарында шығындарды азайту жолдары
- •16.Білім беру ұйымының табысы және пайдасы
- •1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
- •2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
- •3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
- •17.Пайданың түрлері және пайданы бөлу
- •18. Білім берудегі баға белгілеу негіздері
- •19.Білім беру қызметтерінің құнын анықтау әдістері
- •20. Жалақы экономикалық және заңдық категория ретінде
- •21.Білім беру мекемелерінде жалақыны ұйымдастыру қағидалары.
- •22. Білім беру саласын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
- •24. Білім беру саласын қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі
- •25. Білім беру саласын мемлекеттік реттеу моделдері
- •1.Денсаулық сақтау саласының маңызы.
- •2.Денсаулық сақтау саласы және оның деңгейлері.
- •3.Денсаулық сақтау экономикасының зерттеу пәні
- •4.Медициналық сақтандыру нарығы және оның дамуы
- •5.Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы.
- •6.Денсаулық сақтау субьектілері.
- •8.Денсаулық жүйесін қаржыландыру және оның негізгі типтері
- •9.Медициналық қызметтерді өтеу әдістері және олардың ерешеліктері
- •10. Медициналық сақтандыру түсінігі және оның қажеттілігі
- •11.Медициналық сақтандыру түрлері
- •12.Медициналық ұйымдардың негізгі қорлары және олардың құрамы мен құрылымы
- •13.Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оның көрсеткіштері
- •14.Медициналық ұйымдардың айналым қорлары, құрамы және құрылымы
- •15.Медициналық қызметтердің өзіндік құны
- •16.Медициналық қызметтерді жүзеге асыру шығындары және олардың құрамы
- •17.Медициналық ұйымның табысы және пайдасы
- •1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
- •2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
- •3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
- •18. Медициналық қызметтерге баға белгілеу негіздері
- •19. Медициналық қызметтердің құнын анықтау әдістері
- •20.Медициналық ұйымдарда жалақы қорын қалыптастыру
- •21.Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері
- •22.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi:
- •23.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары
- •24.Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың еуропалық жүйесі
- •1.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық маңызы
- •2.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының сфералары
- •3.Ткш экономикасының зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттері
- •4. Тұрғын үй шаруашылығы саласындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктері
- •5.Ткш саласына мемлекеттің араласу қажеттілігі және формалары
- •6.Қр тұрғын үй-коммуналдық секторды құқықтық реттеу
- •7.Кәсіпорын түсінігі және оның формалары
- •9.Ипотекалық несие түсінігі және оның маңызы
- •10.Қазақстанда ипотекалық несие беруді жүзеге асыру
- •11.Медициналық сақтандыру түрлері
- •12.Тұрғын үй құны және оның түрлері
- •13.Тұрғын үй құнын бағалау және оның әдістері
- •14.Тұрғын үйді бағалаудың табыстық әдістері
- •15.Тұрғын үйді бағалаудың шығындық әдістері
- •16.Тұрғын үйді бағалаудың салыстырмалы әдістері
- •17. Тарифтік саясат және оның бағыттары
- •18. Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторларында тарифтерді реттеу
- •19.Тұрғын үй нарығының теориялық негіздері
- •20. Тұрғын үй нарығының құрылымы
- •Тұрғын үй нарығы
- •21.Тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы
- •22.Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық сфераны реформалау
- •23.Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты жаңғырту-2020 бағдарламасы
- •1) Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру
- •2) Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту
- •24.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді ұйымдастырудың тәжірибесі
- •25.Тұрғын үй нарығының шетелдік үлгілері
- •Табиғатты пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру
- •Орманның табиғат қорғау құндылығын бағалау және орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру
- •Табиғат кешендерінің мониторингі. Экологиялық сараптаулар
- •Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы, оны иелену және табиғи ортаға ластаушы заттар шығарылуын реттеу
- •Ёмкость среды
- •Уравнение Ферхульста-Пирла
- •Әртүрлі табиғат ресурстарын экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы
- •9) Экономикалық бағалау мәні, көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10) Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы сарқылуы. Ресурс тапшылығы
- •11.Минералдық шикізат қорын, кен орындарын пайдалану тиімділігінің кешенді көрсеткіштері
- •12.Жер қорын қорғау, ұтымды пайдалану бағыттары. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі
- •21.Атмосфераны қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау
- •22.Табиғатты пайдалану төлемдерінің түрлері, оларды жіктеу және сұрыптау
- •15. Жер ресурсын бағалау әдістері. Жердің абсолютті және салыстырмалы құндылығы
- •16. Әлемдік экономикадағы «жасыл экономика»: қалыптасуы, дамытудың тәжірбиесі мен өзекті мәселелері
- •17. Су қорын кешенді, үнемді пайдаланудың экономикалық тиімділігі
- •18. Халықты азықпен, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму
17. Су қорын кешенді, үнемді пайдаланудың экономикалық тиімділігі
Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану.
Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары оларды ауыл шаруашылық, және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б.
Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өңдеулерден өткізу.
Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру [4].
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады.
Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек.
Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты.
18. Халықты азықпен, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму
Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу – әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселе. Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы орын алып, ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес. Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл Жер шары тұрғындарының 14 пайызына тең. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде. Бұл маңызды мәселе турасында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысы кезінде сөйлеген сөзінде «Қазіргі уақытта әлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының зардаптары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық және халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру шарт», – деп атап өтіп, ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттыру керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ осы отырыста Елбасы азық-түлік қауіпсіздігі мен суды пайдалану ісінің маңыздылығын ескере отырып, ұйым қабырғасында «Су-азық-түлік» комитетін құру жөнінде бастама көтерген-ді. Қазіргі азық-түлік дағдарысының әлем бойынша белең алып отырған шағында мұндай іс-шаралардың жедел қолға алынып, нақтыланған жүйеде жұмыс атқаруының, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша резерв жинаудың, сондай-ақ елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы мен тамақ өнеркәсібіне аса мән беріп, олардың жұмысын жандандыруды қадағалаған жөн.
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты — қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі — экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс [1. 1-2].
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.
