- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
Мектепке дейінгі жастағы (3 – 6 жас аралығы) жетекші іс-әрекет рольдік ойын болып табылады. Мұнда балалар түрлі әлеуметтік рольдерді және адамдармен қарым-қатынастарды көрсетеді немесе модельдейді. Мұндай ойында адамдық іс-әрекеттер ең жалпылама және ең фундаментальды мағыналарға бағытталады.
Ерте мектеп жасында (7 – 11 жас) жетекші іс-әрекет оқуға айналады. Бұл арқылы балалар оқытушының көмегімен ережелер мен оқу әрекеттерін меңгеріп, нақты осы арқылы өздерінің интеллектуалды және дүниетанымдық қабілеттерін дамытады.
Жасөспірім шақта (11 – 15 жас) жетекші іс-әрекетке құрдастарымен араласу айналады. Өздерінің тұлға аралық қарым-қатынастарында жасөспірімдер үлкен адамдар әлемінде болатын қатынастарды көре бастайды. Ал жасөспірімдердің тұлғалық қарым-қатынастарында олардың өмірге деген адамдар арасындағы қарым-қатынастарға деген, өзінің болашағына деген көзқарастары белгілі бола бастайды.
Нақ осындай араласу арқылы жастардың болашақ іс әрекеттеріне жаңа міндеттер мен мотивтер пайда болады, ал олар өз кезегінде келесі бозбала- бойжеткен шақта оқу-профессионалдық сипат алады.
Сонымен, балалық дамуда келесі этаптар орын алады:
1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мотивтер мен нормаларды айрықша меңгеру жүретін кезең және осы негізде мотивациялық тұтынушылық сфераның дамуы жүзеге асады.
2. Заттармен іс-әрекет жасау тәсілдерін айрықша меңгеру жүретін кезең және операциялық-техникалық қабілеттер негізінде балалардығы интеллектуалды - дүниетанымдық күштердің қалыптасуы жүзеге асады.
Әрине, бір топ ішінде әр түрлі іс-әрекеттер бір-біріне көп ұқсамайды. Шын мәнісінде, жасқа толмаған баланың қасық ұстауды үйренуі мен мектеп жасындағы балалардың грамматика мен математиканы меңгеруінің арасында ортақ не болуы мүмкін? Негізінен, бұлардың адамдық мәдениет элементтерін меңгеруге бағытталғандығы ортақ болып табылады.
Жасалынған қоғамдық әрекет түрлерін меңгеру негізінде осы заттармен тереңірек ззаттық әлемге бағытталуы және баланың жаңа интеллектуалдық мүмкіндіктері тұрақталады.
Д.Б.Эльконинге баланың психикалық даму процесінің кезеңдерін тұжырымдауға кезеңдердің бір-бірімен реттілікпен ауысуын талқылау мүмкіндік берді: тапсырмаларды меңгеру кезеңі және заттық әрекеттерді меңгеру кезеңі әрқашан іс-әрекет мотивтерін меңгерудің алдында жүреді.
Әрбір дәуір бір бірімен заң жүзінде тығыз байланысқан екі кезеңнен тұрады. Ол қажетті мотивациялық сфераның айрықша дамуына бағытталған баспалдаққа ашылады. Мұнда заттармен әрекет түрлерін және операцииялық - техникалық мүмкіндіктерді қалыптастыруды айрықша меңгеру жүретін екінші кезеңге өтуге дайындық басталады.
Бала дамуындағы түрлі кезеңдер мен дәуірлер арасындағы өткелдер өте жіті және қызу болады. Ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынаста, бала дербестігінің дамуында және өз құқықтарын қорғауда олар айтарлықтай қиындықтармен бірге жүреді. Бұл өтпелі кезеңдер психологияда критикалық немесе жас кезеңдерінің дағдарысы деп аталады.
Балалар психологиясында төрт негізгі критикалық кезеңдер анықталған:
1. 1 жас дағдарысы (сәбилік кезеңнен ерте балалық шаққа өту)
2. 3 жас дағдарысы (ерте жастан мектепке дейінгі жасқа өту)
3. 7 жас дағдарысы (мектепке дейінгі кезеңнен бастауыш мектеп кезеңіне өту)
4. Жасөспірім кезеңінің дағдарысы
Сонымен, баланың дамуын өзіндік сапалы мезгілдер мен кезеңдерден тұратын сатылық процес ретінде қарастыру керек. Бір жастық кезеңнен екіншісіне өтуді анықтау бала психологиясында ең маңызды роль атқарады.
Жас немесе кезең дегеніміз не екен?
Д.Б.Эльконин жасты бала дамуының жалпы кисықтағы орнын маңызды болып табылатын тұйық кезең ретінде анықтады. Әрбір жас немесе кезең келесі басты көрсеткіштермен сипатталады:
1. Дамудың анықталған әлеуметтік жағдайы сол өмір үзіндісінде баланың ересектермен нақты қарым-қатынасқа түсу формасы;
2. Негізгі немесе жетекші іс-әрекет типі;
3. Дамудың осы сатысында қол жеткізген негізгі психикалық жетістіктер.
