30 Билет
Қазақстан тарихының батыстық тарихнамадан көрініс табуы
Кеңестік Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасынан көрініс табуы Қазақстанның осы заманғы тарихнамасынан кеңестік ұлт саясатының теориясы мен практикасы жайлы еңбектерді, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерді, оның ішінде докторлық диссертацияларды, сондай-ақ аймақтағы оқиғаларды көзімен көрген шетелдіктердің күнделіктері мен естеліктерін көруге болады. Шетелдік тарихнаманың маңызды бөліктері ретінде қазақ авторлары зерттеулерінің методологиясы мен әдіс-амалдарына сыни талдаулар жасауға арналған жарияланымдарды, бұрынғы Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың азаттық күресі көсемдері Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, А. Заки Валиди Тоған, Т. Рысқұлов және басқалардың еңбектері мен жеке мұрағаттарына, сондай-ақ саяси партиялардың бағдарламаларының, үндеулері мен шешімдерінің мәтініне берілген кең көлемді ғылыми түсініктеме мен сипаттамасы бар анықтамалық библиографиялық басылымдарды атап айтқан жөн.[1]. Бұларға Ресейдегі мұсылман халықтардың бірінші және екінші Бүкілресейлік съезінің (мамыр және шілде, 1917 жыл), Мұсылмандық әскери съезінің, Кіші бұхарлықтар партиясының, Мусават партиясының (Әзірбайжан), Федералистердің түркілік партиясының, Милли-Фирка партиясының (Қырым), «Ерік» партиясының (Түркістан), «Алаш» партиясының (Қазақстан) бағдарламалық құжаттарын жатқызуға болады.XX ғасырдың 90-жылдарының басына дейін, Қазан төңкерісінің Ресей империясының орыс емес халықтарының тарихи тағдырындағы рөлі мен орнын бағамдаумен, жергілікті мұсылман қауымының өздеріне сырттай танылған әлеуметтік-саяси және экономикалық институттар мен құндылық бағдарларына қарым-қатынасымен, XX ғасырдың 20—30-жылдарындағы қазақ қоғамы көшбасшыларының тағдырына байланысты проблемаларды зерттеу батыс тарихнамасының дәстүрлі бағыты болды.Ұлттық шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметінің орнау тақырыбындағы шетелдік тарихнама АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттердің мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сан алуан материалдардан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы Ресейде болған оқиғаларға қатысты әр түрлі көзқарастар алуандығы көрініс тапқан мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің сөздерінен өз бастауын алады.
Ол жылдар жарияланымдарының [2]. елеулі бөлігі баяндаушылық, сезімдік-тәжірибелік сипатта еді, бірақ дегенмен де олардың ішінен проблеманың тарихнамалық тұғырнамасын қалыптастыруда белгілі бір рөл атқарған жекелеген сәттер мен бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл айтылғандар бірінші кезекте америкалық публицист Уильям Чемберлиннің «Орыс революциясы» (2 томдық), «Кеңестік Ресей», «Ресейдің темір ғасыры» жұмыстарына [3]. қатысты, бұл еңбектер деректерді кең көлемде пайдалануымен, халық бұқарасының төңкеріске қатысуы тақырыбына дең қоюымен ерекшеленеді. 1917 жылдың ақпанынан қазан айына дейінгі кезеңдегі Ресейдегі оқиғаларға талдау жасай келе, ол патшалық тәртіпті де, ақпаннан кейінгі режимді де біржолата күйретуге жеткізген қуатты төрт қозғалысты алғаш рет атап көрсетеді: бұлар — армиядағы аса зор сапырылыс; шаруалардың жер алуға құлшынысы; жұмысшылардың жалақыны көбейту және жұмыс күнін қысқарту, өндіріске бақылау орнату жолындағы күресі; орыс емес ұлттардың автономия алуға ұмтылысы. Чемберлин, 20—30-жылдар оқиғасының куәгері ретінде, мәселенің елеулі жағын атап өтеді: егер кеңес тарихшылары «шетелдік интернационалистер» деп атаған австрия-венгерлік және басқа да соғыс тұтқындарының шешуші рөлі болмағанда, Кеңес өкіметін Орта Азия мен Қазақстанда орнату және нығайту, басмашылықты талқандау мүмкін болмас еді деген түжырым жасайды; ол Қазан төңкерісінен кейінгі алғашкы екі онжылдыктағы пролетариаттың «азаттық әперушілік міндеті», аймактағы саяси күштерді қайта орналастырудың таптық сипаты туралы мәлімдемелерді теріске шығарды. Сонымен бірге француз тарихшысы Ж. Кастаньеден [4]. кейін іле-шала, Чемберлин, ұлттық аймақтардағы Кеңес өкіметінің антидемократиялық табиғаты мен мәні, 1917-1920 жылдарда Ресейде болған революциялық үрдістің шынайы болмысы туралы тезистерін негіздей алды.
32- билет
Тәуке ханның ішкі саяс
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.
Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.[3]
