- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Тақырыптардың мазмұны
- •8 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •8.1 Негізгі әдебиеттер:
- •8.2 Қосымша әдебиеттер:
- •Оқу формасы: күндізгі
- •Турысбекова г.К. – «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, э.Ғ.К.
- •5. Пәндi оқыту мiндеттерi:
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •7. Мөж және омөж тапсырмаларының жоспарлары.
- •7. 1 Семинар (тәжірибе), лабораториялық сабақтардың жоспары
- •7.2 Моөж жоспары
- •8 Моөж өткізу кесетесі
- •9. Мөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •10. Бағалау түрлері
- •10.1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы.
- •10.2 Магистрантқа рейтинг қою шкаласы
- •10.4 Баға қою саясаты
- •1 Кесте. – Пән бойынша балдар келесідей есептелінеді
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы «Есеп және аудит» кафедрасы
- •5. Дәріс кешені
- •Қонақ үй кәсіпорнындағы айналым құралдарының мәні мен құрамы
- •Қонақ үй кәсіпорнының айналмалы құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
- •Айналым құралдарындағы қажеттілікті анықтау
- •Дебиторлық және несиелік берешекті басқару
- •Шығындар және олардың жіктелуі
- •Өнiмнiң және қызметтердің өзiндiк құнының калькуляциясы
- •Шығынды есепке алудың әдiстерi
- •Шығындарды есептеудің шетелдік тәжірибесі
- •Кәсіпорын пайдасы мен оны есептеу әдістері
- •Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
- •Еңбек өнiмдiлiгі: анықтамасы, көрсеткiштері. Өндiру көлемі және еңбексыйымдылығы, олардың сипаттамасы
- •Кәсіпорынның кадрлар санын жоспарлау. Жұмыс уақытының бюджетін есептеу
- •Еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау
- •Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына табыстардың шығындардан асуы, ақша қаражаттарымен еркін әрекет ету мүмкіндігі, қызмет барысында ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы тән.
- •6. Семинар сабағының жоспары
- •7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •Мөж тапсырмалары
- •9. Магистранттардың оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •10. Оқу процесін мультимедиялық және бағдарламалық сүйемелдеу
- •11. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізімі
Шығындар және олардың жіктелуі
Өндiрiс шығындары – кез-келген игiлiктерді өндіру үшін қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға кететін шығындар. Шығындарды келесi белгiлер бойынша жіктелімге жатқызылады:
алғашқы элементтер бойынша шығындардың жіктелімі, ол өнім не қызметтің өзiндiк құнының жай шығын элементтеріне бөлiнуiн сипаттайды: заттық шығындар, еңбекақы шығындары, әлеуметтiк қажеттіліктерге кететін қаржылық жарналар, негiзгi қорлардың амортизациясы, өзге де шығындар.
Заттық шығын табиғи қорлар, шикiзат, материалдар (қайтарымды қалдықтарды шегеруімен), сырттан алынатын жартылай фабрикаттар, барлық отын және энергия түрлеріне кететін шығындар құнын қамтиды.
Еңбекақы шығындары кәсіпорынның штатына тіркелген және тіркелмеген қызметкерлерге негізгі және қосымша еңбекақы төлеуге кететін шығындардан тұрады.
Әлеуметтiк қажеттіліктерге кететін қаржылық жарнамалар бекітілген нормалар бойынша медициналық, сақтандыру, зейнетақы қорларына және т.б. кәсіпорын қаражатынан бөлінетін аударымдардан көрініс табады.
Негiзгi қорлардың амортизациясына бекітілген нормаға сай өндірістік негізгі қорларының толық бастапқы құнына негізделген амортизациялық қаржылық аударымдар (сонымен қоса, бұл жағдайда негізгі қорлардың белсендi бөлiгінің жеделдетiлген амортизация сомасы да ескеріледі).
Өзге де шығындарға мыналар кiредi: басқару аппаратының қызметкерлерін ұстау, ғимараттарды қолдану кезiндегi шығындар, құрылыс, орналастыру, жабдықтау, іс-сапар шығындары, байланыс қызметіне төлем, кеңес беру және аудиторлық қызмет көрсету, жарнамалық шығындар, делдалдар комиссиясы, салықтар және алымдар, т.б.
Шығындардың аталған әрбір түрінің құрамына сапалары біртекті сипатта болатын шығындардың элементтері жатқызылады, қолдану аясына (саласына) және өндірістік бағытталуына тәуелсіз болады.
Сондықтан, экономикалық элементтері бойынша жіктелу үдерісі кәсiпорынның өнімдерін немесе қызметтерін өндіруге кететін жалпы сметалық шығындардың негізінде жатыр, бұл - кәсіпорын бизнес-жоспарының бөлімдерін бір бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді.
калькуляцияның баптары бойынша шығындардың жіктелуі, өндiру және өнiмдердi сату үдерісіндегі өндiрiстiк тағайындалу мен бағытталуының бөлінуін көрсетеді, ұсыныстық сипатқа ие болады және құрамына өндіріс элементтеріне кеткен келесі шығындарды жатқызады: шикiзат және материалдар, қайтарымды қалдықтар (шегеріледi), сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипат алатын қызметтері, технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия, еңбекақы, әлеуметтiк қажеттіліктерге кететін қаржылық аударымдар, жалпы шаруашылық шығындар, жарнама және тауар өткiзу қызметтері.
Жалпы, калькуляциялық шығындар баптары бойынша жіктелім жеке өнiм түрлерiнің, жұмыстар мен қызметтердiң, кәсiпорынның барлық өнiмдерiнің өзіндік құнын есептеуге негіз қалайды;
шығындарды өнiмдердiң, қызметтердің өзiндiк құнына жатқызу әдісіне байланысты жіктелім. Бұл жерде шығындарды тікелей және жанама шығындар деп бөледі.
Тiкелей шығындар өнімдердің немесе қызметтердің нақты түрлерiнiң өндiрiс үдерісімен тiкелей байланысқан (шикiзат, материалдар, отын, энергия) және белгіленген нормалар негізінде өнімдердің немесе қызметтердің өзiндiк құндарына қосылады.
Жанама шығындар бекітілген нормалар бойынша өнімнің немесе қызметтің өзiндiк құнына қосылады және жабдықтарды қолдану, жалпы өндiрiстік, жалпы шаруашылық және тағы басқа шығындарын құрамына еңгізеді.
өнiмнiң, қызметтердiң өзiндiк құнының қалыптасуындағы қызметтік рөліне байланысты шығындардың жіктелімі. Бұл жерде шығындар негiзгi және қосымша түрлеріне бөлінеді.
Негiзгi шығындар өнiмнiң жасалу және қызмет түрлерiн ұсынылу үдерісімен тiкелей байланысты. Бұл - шикiзатқа, материалдарға, отын және энергияға, өндiрiстегi қызметкерлер құрамының негiзгi еңбекақысына кететін шығындар.
Қосымша шығындарға өндiрiстiң жұмыс істеуі үшiн жағдай жасауға қатысты шығындар және оның ұйыммен, басқарумен, қызмет көрсетумен байланысты шығындары жатады. Қосымша шығындарға жалпы өндiрiстiк, жалпы шаруашылық, өндiрiстен тыс шығындар жатқызылады;
өндiрiс көлемiнiң өзгерiсi мен шығындардың тәуелдiлiк дәрежесі бойынша шығындардың жіктелімі. Бұл жерде шығындар пропорционалды (шартты - айнымалы) және пропорционалды емес (шартты - тұрақты) түрлерге бөлінеді.
Пропорционалды (шартты - өзгермелі) шығындар - көлемі (өндiрiстегi қызметкерлер құрамының еңбекақысына, шикiзатқа, материалдарға кететін шығындар және тағы сол сияқтылар) өндiрiс көлемiнiң өзгерiсiне тiкелей тәуелдi болатын шығындар.
Бейпропорционал (шартты - тұрақты) шығындар - абсолюттiк шамасы, өндiрiс көлемi өзгергенде, өзгермейтін немесе азын-аулақ өзгеретiн шығындар (ғимараттардың амортизациясы, отынмен жылыту, бөлмелердiң жарығына кететін энергия, басқару персоналының еңбекақысы). Өз кезегiнде пропорционалды (шартты - тұрақты) шығындар бастапқы және қалдықтық болып бөлінеді. Бастапқы шығындарға тұрақты шығындардың өндiрiсті жаңарту мен өнiмдердi сату негізінде пайда болатын бөлiгi жатады.
Қалдықтық шығындарға кәсiпорынның өндiрiс және өнiмдердi сату үдерісінің қандай да болсын бір уақытқа толық тоқтатылуына қарамастан жалғастырылып төлене беретін тұрақты шығындардың бөлiгi жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы кәсiпорынның жалпы шығынын құрайды;
шығындарды бiртектiлiк дәрежесі бойынша жіктеу. Мұнда шығындар элементтiк және кешендік болып жiктеледi.
Элементтiк (бiркелкi) шығындарға құрамдас бөлiктерге бөлуге болмайтын шығындар жатады (шикiзатқа, негiзгi материалдарға, негiзгi қорларды амортизациялауға кететін шығындар)
Кешендiк шығындар алғашқы элементтерге жататын бірнеше біртекті шығындардан құралады (жабдықтарды қолдану, жалпы өндiрiстік, жалпы шаруашылық шығындар және өндiрiстен тыс шығындар).
шығындарды пайда болу уақытына және өнiмiнiң өзіндік құнына жатқызуына байланысты жіктеу. Мұнда шығындар ағымдық, болашақ кезеңдегі және алдағы болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындар көбiнесе ағымдағы уақытта пайда болады және осы мерзімдегі өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылады. Болашақ кезеңдердегі шығындар белгілі уақыт кескінінде шығарылады, бiрақ нақты үлес түрінде болашақ мерзiмде шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылады. Алдағы шығындар – бұл әлі пайда болмаған, бірақ өтеу көздері сметалық түрде анықталған шығындар (демалыстардың төлемі, маусымдық шығындар және т.б.). Бұл жіктелімнің түрi өндіріске және өнiмдерді мен қызметтердi өткiзуге кететін шығындарды бiркелкі бөлуге экономикалық негіз жасақтауға мүмкіндік береді.
өнiмнiң өзiндiк құнының меншіктік салмағы бойынша шығындардың жіктелімі. Бұл жерде шығындар материал сыйымдылығына, отын сыйымдылығына, энергия сыйымдылығына, қор сыйымдылығына және еңбекті көп қажет ететін өнiмдерге қатысты шығындарды ажыратады.
