Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_104310028.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
546.3 Кб
Скачать

2 Шағын және орта бизнестің даму мәселелері

Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасының негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікті деңгейде дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға - нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды.

Шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше басқару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден, ШБ К.Б экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ КР ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден, бағдарламаның шаралары функцияаралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.

ШБ ҚБ-н басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға ҚР-ң шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.

Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 1. Бағдарламаның концепциясын калыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу. 2. Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы вариантты таңдау. 3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын көсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.

Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасын дайындауды төмендегідей құрылымға сәйкес жүзеге асыру ұсынылады. 1.Кіріспе 2.Мақсатты анықтау және негіздеу З.Бағдарламаның тапсырмасы 4.Бағдарламаны ресурстармен қамтамасыз ету 5.Бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру.

Кіріспеде шағын кәсіпкерлікті қолдау проблемаларьш шешу кезінде бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің пайдаланылуы мақсатқа лайық екендігін негіздеу және бағдарламаның дайындалу сәтіндегі шағын бизнестің даму деңгейін талдап шығу қажет.

Бағдарламаны дайындауда бағдарламаның мақсаттарын қалыптастыру, маңызды кезең болып табылады. Мақсат -бұл міндетті түрде алдын ала анықталған нәтижеге жетуді көздейтін ең қажетті нәрсе. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатын таңдау және негіздеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

  • Шағын кәсіпорындардың сандық және сапалық құрамы бойынша мәліметтерді жинау және талдап қорыту;

  • Шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды айқындау;

  • Республика мен аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті қолдауды талдау;

  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту жобасын дайындау;

  • Қажетті ресурстар мен проблеманың шешілуі мүмкін мерзімді анықтау;

  • Мақсаттардың ресурстармен үйлесуі және соңғы мақсатты таңдау;

  • Бағдарламалық мақсатты іске асырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын талдау.

Жаллылама түрде, мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын құру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту, елді экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі - мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтыланатындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты — аймақга шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудың орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру; аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

Бағдарламаның келесі бөлімі - ресурспен қамтамасыз ету. Кешенді шағын бизнесті дамыту бағдарламасындағы ресурстық пысықтау, бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарға деген қажеттілікті анықтаудан, яғни келесі түрлерге бөлінетін, құрамын және ресурспен қамтамасыз ету құрылысын анықтаудан тұрады: нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық, ақпаратпен қамтамасыз ету. Әрбір шара бойынша ресурстарға деген қажеттілікті анықтау қажет. Сонымен қатар айтарлықгай материалдық, еңбек және қаржы шығындарын талап етпейтін шараларды енгізу мен ішкі қорларды көбірек пайдалануды бағдарлану маңызды болып табылады. Мысалы: шағын кәсіпорынды тіркеу процесін оңтайландыру айтарлықтай материалдық және қаржылық шығындарды талап етпейді, ал оның енгізілуі шағын кәсіпорынды құру жолындағы көптеген бюрократиялық шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны дайындау кезінде жаңартаашылық және өндірістік қызметке бағдарланған жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ететін — кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға алып баратын бағдарламалық шараларға ерекше көңіл бөлу қажет.

Тереңірек негізделу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне деген қажеттіліктерді де белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес қаражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің, шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың қосымша, жанама түрі ретінде өндірістік салаға бағдарланған кепілдік қорларын, диффренциалды несие ставкаларын, икемді инвестициялық қолдау мен салық салудың жеңілдетілген жүйесін атап көрсетуге болады. ШБ ҚБ көптеген бағдарламалық шараларды іске асырудағы айтарлықтай күрделі шығындарды қажетсінбейтіндігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда тек ұйымдық-құқықтықфакторларды жандандыру арқылы ғана шағын бизнеске толық жеңілдік жасау саясатын құру мүмкіндігі пайда болады.

Нарыктық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.

2001 жылғы 23 каңтарда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" жаңа заң ауылдық (селолық) округтың тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімиаттың лауазымды адамы болып табылатын және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтар мен өзара қарым-қатынаста оның атынан сенімхатсыз өкілдік ететінін айқындап берді. Лауазымды адам ретінде ауылдық округ әкімі өзінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімінің және сондай-ақ аудандық маслихаттың алдында жауап береді.

Аудандық әкімиаттың лауазымды өкілі статусы ауылдық (селолық) округ әкіміне мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу және сондай-ақ округ аумағында ауданның әкімиаты мен мәслихаттың шешімдерін іске асыру сиякты міндеттерді жүктейтінін атап өткен дұрыс. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа занда ауылдық (селолық) окрут әкіміне нақты күзірет берілген (35-бап).

Атап, айтқанда, әңгіме Заңның 35 бабының 8-тармағы туралы болып отыр. Онда ауылдық (селолық) әкім шаруа (фермер) қожалыкгарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуга жәрдемдеседі делінген. Енді заңның осы кағидасын жүзеге асырудың негізгі пошымдары мен әдістеріне толығырақ тоқталайық. Бұл міндет 2001 жылғы 7 мамырда Кдзақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін күн талабына сай ерекше сипат алып отыр.

Қазақстан зандары кәсіпкерлікіі азаматтардың өзінің, карызға алған және басқа каражат есебінен өзара пайдалы нәтиже мен табыс алу мақсатында жүзеге асырмақшы болған ынталы шаруашылық және басқалай қызметі деп анықтайды. Бұл анықтамадан шығатыны, ауылды жерде кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен азаматтың өзінің, нақты отбасының яки азаматгар тобының ықыласы сенімі және ынтасы болуы қажет.

Кәсіпкерлікпен шұғылдануға кірісерден бұрьш азамат (азаматгар тобы) өзінің болашақгағы меншікгі ісіне ойдағыдай жүргізілш, табыс әкелетініне сенімді болуы тиіс. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңда ауылдық (селолық) әкім өз округінде кәсіпкерлікті ұйымдастыруға және дамытуға жәрдемдеседі деп атап көрсетілген. Заңның осы қағидасын жүзеге асыруға кірісерден бүрын ауыл округінің әкімі "жәрдемдеседі" өзекті терминнің мағынасын ой елегінен өткізіп алута тиіс."Жәрдемдеседі"деген терминнің "көмектеседі", "қолдау көрсетеді", "қалыптасуына септеседі"деген мағыналары бар. Осыдан шығатын бірінші қорытынды мынадай:

Ауылдық (селолық) окрут әкімі аудандық әкімиаттың лауазымды адамы ретінде өз округінің аумағында жаңа кәсіпкерлік құрылымдардың пайда болып, калыптасуына және қызмет істеп тұрғындарының дами түсуіне жағдай жасауға, шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты (бағдарламаны) түсіндіру және кеңес беру арқылы оларға көмек беруі тиіс. Кәсіпкерлік құрылымдарға ұйымдастыру, қаржы және басқадай көмек мәселесінде округ әкімі, аудан әкімі аппаратының шағын бизнесті қолдау жөніндегі бөлімімен тығыз байланыс жасап жұмыс істеуте тиіс. Ол жаңағы бөлімді өз округінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі жөнінде үнемі хабардар етіп отыруға аудандағы кәсіпкерліктің дамуын қолдау жөніндегі аудандық әкім мен аудандық аудандық маслихат жүзеге асырып жатқан шаралардың мән-жайын өз округіндегі барлық кәсіпкерлік құрылымдарға жеткізіп отыруға тиіс.

Айта кетерлік бір жайт, шет елдердің біразында (Польшада, Балтық жағалауындағы елдерде, Словакияда және басқаларда) ең төменгі әкімшілік-аумақтық бөліністерде кәсіпкерліктің қоғамдық консулътациялық кеңестері құрылған.Олар жергілікті демографиялық, табиғи-климаттық, еңбектік және экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, проблемаларды көп болып айқындап, мемлекеттік құрылымдар үшін оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге септеседі. Осындай онды тәжірибені біздің ауылдық округтің әкімдері де өз пайдасына жарата алады. Ауыл округі кәсіпкерлерінің кеңесінің құру әкімге кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзінің қызмет бабындағы міндетін алқалы түрде шешуге ғана емес, сон-дай-ақ білікті, байыпты шешуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі күрделі жағдайда ауылдык округ аймағывда әртүрлі ұйымдық-құқықтык пошымдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту — бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке занды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы күны орта есеппен алғанда, есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында қолданып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді. Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа (фермер) қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар. Біздің ауылдар ең алдымен кәсіпкерліктің агроөнеркәсіптік пошымдарын дамыту өрісі болғандықтан, олардың ішінде шаруа қожалықтарын құрып, және дамыту маңызды міндет болып қала береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]