Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_PT_ZhD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.51 Кб
Скачать

1 Бағдаршам түрлері және олардың сипаттары

Бағдаршамдар мақсаты бойынша былай бөлiнедi:       1) кiру – поезға аралықтан станцияға кiру үшiн рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;       2) шығу – поезға станциядан аралыққа аттану үшiн рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;       3) дөңестiк – вагондарды дөңестен тарату үшiн рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;       4) бөгегiш – темiр жол өтпелерiнде, iрi жасанды құрылыстарда және опырылатын жерлерде қозғалыс үшiн қауiп туған жағдайда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды қарау және жөндеу үшiн құрамдарды қоршау кезiнде тоқтатуды талап етуге арналған;       5) локомотивтiк – поезға аралық бойынша бiр блок - учаскеден екiншi блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткiшi туралы ескертуге арналған;       6) маневрлiк – маневрлердi жүргiзу үшiн рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;       7) маршруттық – поезға станцияның бiр ауданынан екiншi ауданына жүрiп өту үшiн рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;       8) қайталағыш – шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететiн көрсеткiшi және дөңестiк бағдаршамның көрсеткiшi туралы хабарлау үшiн, жергiлiктi жағдайлар бойынша негiзгi бағдаршамның көрсетуi қамтамасыз етiлмеген жағдайда;       9) ескерту – (кiру, шығу, бөгегiш және бүркемелеу) негiзгi бағдаршамның көрсеткiшi туралы ескертуге арналған;       10) бүркемелеу – темiржол жолдарының бiр деңгейде басқа темiр жолдарымен, трамвай жолдарымен және троллейбус желiлерiмен қиылысу орындарын, ажыратылатын көпiрлердi, жолсерiкпен өтiлетiн учаскелердi қоршауға арналған;       11) өту – поезға бiр блок-учаскеден екiншiсiне (қосын арасындағы аралыққа) жүрiп өту үшiн рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;       Бiр бағдаршам бiрнеше мiндеттi (кiру және шығу, шығу және маневрлiк, шығу және маршруттық және бөгегiш) қоса атқаруы мүмкiн.       12. Бағдаршамдар мынадай болып бөлiнедi: осы Нұсқаулықтың  1-қосымшасына сәйкес линзалық және прожекторлық, осы Нұсқаулықтың  2-қосымшасына сәйкес олар дiңгектiк, аласа болып бөлiнедi және мiнбелер мен консольдарға орнатылады.       Бағдаршамдарда мынадай сигнальдық оттар қолданылады: бiрқалыпты жанатын, бiрқалыпты жанбайтын, жыпықтамайтын және жыпықтайтын (периодты түрде жанатын және өшетiн).       Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегi өту бағдаршамының бiрқалыпты жанбайтын сигналдық оттары жылжымалы құрам блок - учаскеге кiрген кезде жанады да, жылжымалы құрам бұл блок - учаскеден шыққаннан кейiн сөнедi.       Автобұғаттаудың өту бағдаршамдары цифрлармен, қалғандары әрiптермен немесе әрiп және цифрлармен белгiленедi.  Бағдаршамдармен (орнатылған жерiне және олардың мақсаттарына байланыссыз) берiлетiн сигналдардың негiзгi мәндерi мынадай:       бiр жасыл от – «Белгiленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етiледi»,       бiр сары жыпықтайтын от – «Белгiленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етiледi, келесi бағдаршам ашық және ол кемiген жылдамдықпен жүрудi талап етедi»;       бiр сары от – «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етiледi, келесi бағдаршам жабық»;       екi сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Бағдаршам арқылы кемiген жылдамдықпен жүрiп өтуге рұқсат етiледi; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады; келесi бағдаршам ашық»;       екi сары от – «Бағдаршам арқылы кемiген жылдамдықпен және келесi бағдаршамда тоқтау дайындығымен жүрiп өтуге рұқсат етiледi; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады»;       бiр қызыл от – «Тоқта! Сигналғажүрiпөтугетыйымсалынады».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]