Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aaaaaaaaaaaaaaa.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
715.26 Кб
Скачать

2.2. Дәріс тақырыптарының тезистері.

Дәріс тақырыбы №1 Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері.

Дене тәрбиесі теориясында дененің дамуы, дайындығы, дененің жетілуі, дене әзірлігі, дене жаттығуы, дене мәдениеті, білімі, спорты т.б. көптеген ұғымдар пайдаланылады. Түрлі құбылыстарды көрсеткенімен, олар өзара тығыз байланыста болады.

«Дене дамуы» терминін кең мағынада қолданған кезде оған дененің сапалық қасиеттерін білдіретін ұғымдарды: жылдамдықты, икемдікті, ептілікті, көз өлшемін, күшті, тепе-теңдікті, шыдамдылықты сыйғызамыз.

«Дене дайындығы» - бұл дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін, іскерліктері мен қимыл - қозғалыс дағдыларын аралық өлшемдер мен талаптарға сай келетін деңгейде дамыту болып табылады.

Дене жетілуі – бұл дене дамуының және денсаулық жағдайының жоғарылығы, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының тарихи шартты деңгейі.

Дене білімі – бұл дене тәрбиесінің арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс, дағдыларын және іскерлікті меңгеруді қажет ететін бір қыры.

Дене әзірлігі – арнаулы дене дайындығын қажет ететін, дене тәрбиесінің еңбекке немесе басқадай іс-әректке қатысты қолданбалы бағыты мысалы, (актердің, ұшқыштың, ғарышкердің, спортшының, т.б. дайындығы). «Жалпы дене дайындығы» термині іс-әрекеттің әр алуан түрдегі нәтижеге жетудің жалпы алғы шарттарын жасауға бағытталған дене тәрбие процесін білдіреді.

«Арнаулы дене дайындығы» кәсіби және спорттық іс-әрекетке бағытталған арнаулы дайындық ұғымын білдіреді.

«Жаттығу» термині бірнеше мәрте қайталанатын қозғалыс процесін атау үшін де қолданылады.

Спорт – дене жаттығуының қандай да бір түрінде өтетін жарыс процесі барысында барынша жоғары нәтижені игеруге бағытталған арнайы іс-әрекет.

Дене мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлшегі, қоғамдық тарихи тәжірибе процесінде жинақталған, адамның дене мүмкіндіктерін жетілдірудегі қоғам қол жеткізген нәтижелердің жиынтығы.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

Дене тәрбиесі теориясында талдау, тұжырымдау, педагогикалық зерттеу және тәжірибе жасау әдістері пайдаланылады.

Теориялық талдау және тұжырымдау әдістері. Кез келген зерттеу әдеби мәліметтерді оқып білуден, талдаудан және тұжырымдаудан басталады. Бұл үшін зерттеуші библиографиямен танысып,, талдауға қажетті әдебиеттерді іріктейді, оларды нақты сұрақтар бойынша жүйелейді. Әрбір сұрақ өз ішінде түрлі материалдарға жіктеледі (ағымдағы шолу, қорытынды):

- библиографияны оқып-үйрену жоспары жасалып, жазбалар түсіру және оларды талдау әдістері белгіленеді;

- әдеби мәліметтерді талдау мен тұжырымдау теориялық, сондай-ақ тәжірибелік зерттеуде қолданылады.

Педагогикалық тексеру әдістері. Бұл әдістер тобына педагогикалық бақылау жатады. Күнделікті бақылауға қарағанда мұның ерекшелігі сол – арнайы ұйымдастырылады: нақты мақсаты бақылау объектісі, сондай-ақ, анықталған фактілерді белгілеу жүйесі болады. Әйткенмен зерттеуші педагогикалық процесс барысында араласпайды. Ол фактілерді жинау реті, фактілерді белгілеу жүйесі және оларды өңдеу ерекшеліктері көрсетіледі. Бақылау жүргізу жоспарын күні бұрын жасап қояды. Сонымен бірге бақылаудың нәтижесінде нақтылануы немесе бекерге шығарылуы мүмкін жұмыс болжамы анықталады. Бақылау таңдаулы, нақты (түсіндіру сипаты, дене жаттығуларын орындау сапасы және т.б.) болуға тиіс. Педагогикалық бақылаудың артықшылығы сол, ол объектіні табиғи жағдайда зерттеуге мүмкіндік береді.

Экспериментік әдістер. Экспериментің мәні мынада: зерттеуші арнайы жағдай туғызады, қосалқы құбылыстарды жояды, кезде соқтықтарды және қажетті материалдарды жинақтауға бөгеліс жасалуын болдырмайды. Сонымен қоса ол тәжірибе шартын түрлендіріп, құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарды анықтауға талпыныс жасауы мүмкін. Қажетті жағдайда, мысалы, фактілер саны жеткіліксіз болғанда, тәжірибе қайталануы мүмкін.

Математикалық әдістер. Дене тәрбиесі теориясының зерттеулерінде объектінің түрлі көрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады. Зерттеушінің мақсаты – алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті анықтау. Бұл үшін жаслған қорытындылар қаншалықты сенімді екенін, оларды таратып, түрлі тәрбие процесіне пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін нәтижелерді математикалық өңдеу қолданылады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,14,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,12,14.

Дәріс тақырыбы №2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы.

Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің теориясы тәуелсіз Қазақстанның болашағының дене тәрбиесіндегі жалпы заңдылық туралы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы Қазақстандық дене тәрбиесі негіздерінің жалпы идеологиясы мен әдістемесінің ең басты және маңызды тарауларының бірі болып табылады. Балалар дене тәрбиесін оңды жолға қоюда және болашақ тұлғаны қалыптастыруда әлеуметтік жағдайдың атқаратын рөлі зор. Қазақстан үкіметі мен атқарушы органдары тарапынан қабылданып жатқан заң актілері, басқа да құжаттар республика халқының, оның ішінде әсірее балалар денсаулығын нығайтуға, адамдардың еңбек өнімділігін арттыруға, отан қорғауға әрдайым дайын болуға ықпалын тигізеді. Балалар дене тәрбиесінің теориясы жалпы дене тәрбиесінің теориясымен біртұтас мазмұнға, мәнге ие бола отырып, барлық жас тобындағы сәбилердің дене тәрбиесіндегі заңдылықтарды арнайы қалыптастырады. Осыған сай мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы және оқу процесінде бала дамуына басшылық жасаудың жалпы заңдылығын зерттейді

Дене тәрбиесінің теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Дене тәрбиесінің бүгінгі теориясы қазіргі таңда дене тәрбиесі жүйесінде қалыптасқан мақсаттарды, міндеттерді, принциптерді оқып-үйретеді, дене тәрбиесі мен дене тәрбиесінің басқа түрлері (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, және еңбек тәрбиесі) арасындағы заңдылық байланыстарды ашып көрсетеді. Дене тәрбиесінің құралдарын оқып-үйренуге, дене жаттығуларын оқытудың принциптері мен әдістерін ашуға, іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру мен дене мүмкіндіктерін дамытуға, спорт жаттығуларының жалпы негіздерін жасауға, дене жаттығуларының алуан түрлерін жетілдіруге (дене мәдениеті сабағы, иаңертеңгі гимнастика, іс-қимыл ойындары т.б.), сондай-ақ дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау мен есепке алуға үлкен көңіл бөлінеді. Сонымен қоса мектеп жасына дейінгілердің, оқушылардың, жастардың, ересектердің және егде адамдар дене тәрбиесінің ерекшеліктері анықталады. Дене тәрбиесінің теориясы қашан да қоғаммен бірге даму үстінде болады. Ол ғылыми зерттеулерді пайдаланады, озық практиканың жетістіктерін жинақтайды, бұрынғы прогресшіл тәжірибені, сондай-ақ қазіргі әлемдік ғылыми жаңалықтарды қолдайды.

Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстандық дене тәрбиесі теориясының идеологиялық негізгі ұлттық-халықтық педагогика мен интернационалдық тәрбие практикасының озық үлгілеріне сүйенеді. Қазақтың Ы. Алтынсарын, А. Құнанбаев тәрізді ұлы перзенттері, Ә Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов сияқты демократ ағартушылары, Ш. Құдайбердіұлы сияқты ойшыл ақыны т.б. үлкен тұлғалары адамды жан-жақты дамыту қоғамның дамуына, жалпы бүкіл адамзаттық игілікке үлес қосатынын ғылыми тұрғыдан негіздеп берді. Дене тәрбиесі осы жалпы адамзаттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Демократиялық қоғамның негізін салушылар адам тәрбиесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ал ол өз кезегінде адамдардың санасы мен білім деңгейіне, мәдениетіне, бір ауыз сөзбен айтқанда, алған тәрбиесіне тәуелді екенін дәлелдеп берген болатын. Жалпы қоғамның дамуы мен сол қоғамды жасайтын адамның тәрбиесін бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін емес. Дене тәрбиесі теориясының жаратылыстану ғылымының негізі ғылыми пәндер (анатомия, физиология, гигиена, биомеханика, биохимия т.б.) кешенінен тұрады. Бұл кешенде И. М. Сеченов, И. П. Павлов тәрізді зерттеушілердің еңбектері жоғары жүйке іс-әрекетіне қатысты қимыл-қозғалысты қалыптастыру заңдылықтарына, дене мүмкіндігінің дамуына бойлап, оқып-үйрету және тәрбие процесін дұрыс құру мәселелерін қамтитын қазіргі ғылыми табыстар үлкен мәнге ие. Биомеханика дене жаттығулары техникасын оқып-үйренуге, олардың орындалу сапасын бағалауға, анықталған кемшіліктерді түзету әдістерін елгілеуге, іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруда барынша жоғары нәтижелерді игеруге көмектеседі.

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,9,10,12,14,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 4,5,6, 11,12,13,14,15

Дәріс тақырыбы №3. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері мен құралдары.

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады; қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдік-еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты. Мұндайда өмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуші роль атқарады.

Дене мәдениеті сабақтарында әртүрлі тәрбиелік міндеттер де шешіледі. Олардың негізгілері болып, мінез-құлықтың жағымды жақтарын, адамгершілік және ерік қасиеттері, дене шынықтыру жаттығуларының күнделікті сабақтарында қажеттілік пен әдеттерді пайдалану, алған білімдері мен дағдыларын дербес қызметте творчерстволықпен пайдалана білу.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.

Дене жаттығуларын орындау төңіректегі жағдайларды белсене қабылдаумен және оның ішінде бағдарлаумен, түйсінулердің, қабылдаулардың, елестеулердің пайда болуымен, білімнің қалыптасуымен ерік жігер күшінің айқындалуымен, айқын эмоционалдық толғаныстарымен байланысты. Осының бәрі баланың психикалық қасиетін жетілдіруге, оның жан-жақты өсуіне септігін тигізеді.

Дене тәрбиесі процесінде табиғаттың сауықтырғыш күштері дене мәдениеті сабақтары мен қимылды ойындары (мәселен, оларды таза ауада жүйелі түрде өткізу) ойдағыдай ұйымдастыру мен өткізудің шарты ретінде, немесе шынығудың дербес құралы (ауа және күн ваннасы, сүртіну, шомылу және т.б.) ретінде пайдаланылады.

Гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар баланы жан-жақты жетілдірумен тәрбиелеудің аса маңызды алғы шарты б.т. Факторлардың бір тобына балалардың қалыпты өмірі жағдайлары мен қызметін дұрыс қамтамасыз ететін құралдар: қоршаған ортаның гигиенасы (пәтер, жарық мебель, ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер), дербес және қоғамдық гиги ена құралдары (баланың тамақтану, ұйықтау, оқу, еңбек және ойын қызметінің, оның демалу гигиеналары, мәдени-гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу), емдеу сауықтыру шаралары.

Гигиеналық факторлардың басқа тобына (жаттығуға арналған залдар мен учаскелердің, аспаптардың, құралдар мен ойыншықтардың, дене мәдениеті формалары – киімдер мен аяқкиімдердің жағдайы) денешынықтыру жаттығулары мен қимылды ойындарды тиімді өткізу, дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау, дене жаттығуларын орындаумен байланысты гигиеналық ережелерді сақтау б.т.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін, гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс күштері, дене жаттығулары және т.б. қолданылады. Барлық құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене тәрбиесін толық мәнде жүргізуге болады, өйткені олардың әрқайсысына ағзаға өзінше әсер етеді:

1. Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс, тамақтану және ұйықтау тәртібі, киім, дене тәрбиесі жабдықтары мен құралдары, гигиенасы, т.б.). Дене тәрбиесінің өзіндік мәні бар құралы болып табылады. Олар дене жаттығуларының ағзаға тигізетін тиімділігін арттырады.

2) Табиғаттың жаратылыс күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады.

3) Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді.

4) Массаж (сипау, уқалау, шапалақтау, жұмсарту және т.б.) теріге бұлшық еттерге, сүйек жүйесіне әсер етеді. Демалысты күшейтеді, қан айналымын зат алмасуды жақсартады және т.б.;

5) түрлі іс-әрекет жағдайлары (еңбек, сурет салу, пішіндеу, музыка аспаптарында ойнау және т.б.) қимыл-қозғалысы арқылы жүзеге асырылады

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,14,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6.

Дәріс тақырыбы №4 Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі мазмұны.

Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және өмірін ұйымдастыруға басшылыққа алынатын құжат. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жарық көрген (1932-1938) бағдарлама мазмұнындағы дене тәрбиесі мәселелері. 1936 жылы қабылдаған Қаулыдағы дене тәрбиесі мәселелері. 1954-1964 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында қаралған дене тәрбиесі жөніндегі мәселелер. 1959 жылғы майда қабылданған „Мектепке дейінгі балалар мекемелерін онан әрі дамыту, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, оларға медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту шаралары туралы қабылданған қаулы.

1962 жылы РСФСР Оқу министірлігі бекіткен мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасындағы дене тәрбиесі мазмұны. 1969 жылы „Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасындағы„ дене тәрбиесі мәселелері. 1996 жылы шыққан „Балбөбек“ бағдарламасында ұлттық тәрбие жөнінде. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңына және ҚР Үкіметінің 1999 ж 22 қарашадағы №1762 „Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері“ туралы қаулысына сәйкес отбасында және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерде 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындауға арналған бағдарламалардағы дене тәрбиесі мәселелері. Баланы отбасында және балабақшада мектепке дайындау бағдарламасында дене тәрбиесі мақсат және міндеттері. Бейімделген бағдарлама және дене тәрбиесі мазмұны. Қазақстан Республикасы дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған стратегиялық бағдарламасында дене жетілуі әрбір қазақстандықты жан-жақты дамытудың бір салалы болып көрсетілген. Демократиялық, адамзаттық, еркін қоғамды орнатушы, Қазақстанның тәуелсіздігі мен бостандығын қорғаушы барлық қырынан алғанда мінсіз болуға тиісті. Дене жетілуі соның маңызды шарттарының бірі болады. «Дене жетілуі» термині ұдайы өсіп, өзгеріп отыратын қоғамдық талаптардың өндіріс қажеттілігінің, адамдардың талап-тілектерінің ықпалы нәтижесінде құбылып, әр мезгілде жаңа мәнге ие болады. Адамдар барынша еркін, олардың ақыл-ойы мен іс-әрекеті дербес қоғамда ғана дене жетілуі мүмкіндіктерді игереді. Демократия дәстүрлі жоғары деңгейдегі мемлекеттердегі жағдайлар адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық күйі, өмір сүру деңгейі, ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамуы, спорттық жетістіктері т.б. осыған мысал бола алады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,11,12,19.

Қосымша әдебиеттер:1,2,3,5,6.

Дәріс тақырыбы №5 Сәби шақтағы және жөргөктік кезеңдегі дене дамуы және күтімі.

Ғұмырының алғашқы жеті жасына дейін, баланың барлық ағзалары мен жүйелері интенсивті дамуымен ерекшеленеді. Бала туғанда белгілі бір биологиялық ерекшеліктерді, соның ішінде негізгі нерв процесінің типтік қасиеттерін (күш, байыптылық және жеңілтектік) ата-анасынан мұраға алады. Дегенмен бұл ерекшеліктер сәбидің одан әрі дене және психология дамуына негіз болып қана табылады. Ғұмырдың алғашқы айларынан бастап-ақ баланы қоршаған орта мен тәрбиенің ықпалы негізгі айқындаушы фактор болады. Сондықтан баланың жағымды эмоциялық жағдайын, дене және психология дамуының мәнділігін қамтамасыз ететін тәрбиені ұйымдастырудың, жағдай туғызудың маңызы зор. Нәрестенің денетәрбиесі негізгі кәрсеткіштердің – бойдың, салмақтың, бас аумағы мен кеуде клеткасының ұдайы әзгеріске түсуімен сипатталады.

Нәрестелер кезеңінде дене тәрбиесінің құралы ретінде баланың күн тәртібін тиімді ұйымдастыруға, гигиеналық шарттарға ерекше мән беріледі. Әрбір жас кезеңінде іс қимылдың, ұйқының және тамақтанудың қажетті реет тәртібі қамтамасыз етіледі. Тамақтандырудың, ұйқының және іс-қимыл мерзімімен ұзақтығы да баланың жас ерекшелігіне қатысты. Бөлмені мұқият жөндету, таза ауа терең де тәтті ұйқыны қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда бала іс-қимыл уақытында әзін қалыпты ұстайды, белсенділік танытады. Ғұмырының бірінші жылында балалар тәулігіне 1-6 сағат таза ауада болғаны жөн.

Ғұмырының алғашқы үш айында баланың басын түзу ұстауын, етпетінен жатқанда басын кәтере білуін дамыту керек. Бала 3-4 айлығында қолтығынан сүйемелдегенде тұра бастайды. Ересек адам күніне бірнеше рет, киіндірген сайын баланы қолға алып, тегіс, қатты жерге қолтығынан демеп тұрғызып, аяқ-қолдарын ербеңдетіп «билеуіне» мүмкіндік жасауы керек.

Бала 7-8 айлығында еңбектей бастайды. Еңбектеу - баланың іс-қимылын дамытудағы маңызды кезең, бұл уақытта ол жаңа сезім әсеріне бөленеді.

Бала 8-9 айлығында манежден аттап өтіп оның айналасында қозғалады, сырғанаққа шығатын сатыларға көтеріледі, бөренеден аттап өтеді – осының бәрі оның дүние танымының шеңберін кеңейтеді және жүйке – психологиялық дамуына әсерін тигізеді. Жасқа толған кезде бала өз бетімен жүре бастайды. Бұл жерде баланың өз бетімен қозғалысқа түсуінен шынайы қуаныш иеленуі үшін тәрбиешінің атқаратын ролі өте үлкен. Балалар қуанышты болып, ықыласпен қозғалып, жүруі үшін тәрбиеші олармен көбірек сәйлесуі керек.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,6,7,10,11,12,13,14,15,16,17,19.

Қосымша әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Дәріс тақырыбы №6 Екі - үш жастағы балалардың дене дамуындағы ерекшеліктер.

Екі жасқа дейінгі балалар дене тәрбиесінің басты міндеттері - негізгі қозғалыстарды (жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру) дамыту мен жетілдіру, тепе-теңдікті сезінуді дамыту, қозғалысты реттеуді жетілдіру болып табылады. Бұл үшін топ бөлмесінде және учаскеде баллар еркін қозғалатындай жағдай жасау маңызды. Бөлме кең болғаны жөн. Бұл үшін балалардың бойына сай еріктелген жићаздар дұрыс қойылуы керек. Топ бөлмесінде қозғалысты дамытуға қажетті арнайы дене тәрбиесі жабдықтары: сатылы сырғанақ, бөрене, үлкен жәшіктер, қорап т.б. болғаны жөн. Учаске және ойын алаңы арнаулы құралдармен (орындық, саты, бөрене т.б.) жабдықталуға тиіс, балаларды тек қана тегіс жермен емес, ойлы-қырлы беткейлермен, көппен, құммен жүруге үйрету керек.

Іс-қимыл ойындары (подвижные игры) дене тәрбиесінің маңызды құарлы болып табылады. 1,5 жасқа дейін ойындар әрбір баламен дербес немесе шағын топтармен (3-4 бала) жүргізіледі. Ойындар балалардың дербес іс-әрекет сағаттарында ұйымдастырылады, тәрбиеші балалардың ойынға түгел тартылуын бақылауға алғаны жөн. 1,5 жастан кейін іс-қимыл ойындарына 8-10 баланы бірден қосуға болады.

Дене тәрбиесі сабақтары екі жасқа дейінгі балалар дене тәрбиесінің маңызды формасы болып табылады. ұйымдастырылған сабақтарды балаларды іс-қимылға мақсатты үйретудің міндеттері шешіледі. Сабаққа негізгі іс-қимылды дамыту мен жетілдіруге, олардың сапасын жақсартуға, тұлғаның дұрыс қалыптасуына әсер ететін жаттығулар және барлық бұлшық ет топтарын нығайтатын жаттығулар енгізіледі.

1,5 – 2 жасқа дейінгі балалрмен жүргізілетін сабақ жалпыға бірдей қабылданған дәстүр бойынша (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім) өрбиді.

Кіріспе бөлімінің мақсаты – балаларды ұйымдастыру және негізгі бөлімнің жаттығуларын орындауға дайындау.

Негізгі бөлімде жалпы дамыту жаттығулары, негізгі іс-қимылды, іс-қимыл ойындарын дамыту жаттығулары атқарылады.

Қорытынды бөлімде тыныс алуды тереңдетуге арналған жаттығулар және денеге түскен салмақты жеңілдетуге қажетті аяңдап жүру порцестері атқарылады.

Дене тәрбиесі сабақтары аптасына екі мәрте 10-15 мин. ұзақтық мөлшерінде жүргізіледі. 1,5 жасқа дейінгі балалар түстен кейін, екінші мәрте ұйқыға жатқанға дейін, 1,5-2 жасқа дейінгі сәбилер таңертеңгілік астан соң, жарты сағат өткенде жаттығу жүргізеді.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,5,6,7,10,11,12,13,14,15,16,17,19.

Қосымша әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Дәріс тақырыбы №7 Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу және дамыту.

а) Жүйелілік принципі

б) Саналылық және белсенділік принципі

с) Көрнекілік принципі

д) Шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру принципі

е) Талапты біртіндеп көтеру принципі

а) Бұл принцип дене тәрбиесі мақсатында пайдаланылатын шараларының бүкіл комплексі үшін (режим шынықтыру, қимыл-қозғалыстық дағдыларды қалыптастыру) жетекші, міндетті принцип болып табылады.

б) Дене тәрбиесін үйрету процесінде баланың өз іс-әрекетіне деген саналы және белсенді қарым-қатынасына сүйенудің маңызы өте зор. Белгілі бір мақсатқа ойдағыдай қол жетуі үшін ең алдымен нені және қалай орындау, оны басқаша етсем, неліктен дәл осылайша орындау керек екендігін айқын ұғынып алу қажет.

с) Дене тәрбиесінде бұл принципті пайдалану – адамды (баланы) айнала қоршаған болмыспен тікелей байланыстыратын бүкіл сыртқы және ішкі анализаторлар көрсеткіштерінің кең түрде өзара әрекетесуі ретінде ұғынылады.

д) Бұл принцип баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді және осыған байланысты оның күші келерліктей тапсырмаларды анықтауды қарастырады.

Индивидуалдандыру – дене тәрбиесі поцесін құру, сабақтардың құралдарын, әдістері мен формаларын таңдау кезінде баланың индивидуалды типологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады.

Әр баланың өзіндік функционалдық мүмкіндіктері бар. Қимыл-қозғалыстарды игеру процесі әр түрлі өтеді, ағзаның денеге түскен ауыртпалықтан алатын әсері әр түрлі, бейімделу динамикасы әр түрлі.

Қолайлылық дегеніміз баланың дене тәрбиесінде қиындық болмайды, деген сөз емес, керісінше сол қиындықтарды сәбидің дене және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіре отырып, жеңу деген сөз.

Даралық дегенеміз дене тәрбиесінің процесін құру, құралдар, әдістер сабақ түрлерін таңдау кезінде баланың дербес типологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады.

е) Бұл принциптің негізгі шартарының мәні – бала алдына барған сайын қиын тапсырмалар қойылуында, мұны оның орындауында және ауыртпалық көлемі мен қарқынын бірте-бірте арттырып отыруда.

Әдістерді топтатыру. Дидактика оқу процесін алғашқы сәттен білімсіз кезеңнен барынша дәл, толық жетілген білімді игерудің біртіндеп кеңейетін, сәби санасына орнығатын процесінің ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеті деп қарастырады. Осынау таным процесі сезім мен түйсіну, абстрактілі ойлау және практика деген бөліктерден тұрады. Осыған байланысты оқып үйренуде баланың сезімдік қабілеттерінің белсенділігін танытатын, оның санасында қимыл-қозғалыс туралы толық та, нақты түсініктер пайда болуына қажетті сезім мен түйсінудің және қозғалысты сезнуді айқын көрсететін көрнекі әдістер; Баланың ақыл есіне ықпал жасап олардың алдына қойылған тапсырмаларды түсінуіне және қимыл-қозғалыс жаттығуларын ұғынып, атқаруға көмектесетін жаттығулардың мазмұны мен құрылымын меңгеруде оларды түрлі жағдайды өз беттерімен қолдануда үлкен рөл атақаратын әңгімелесу әдістері; Балалардың практикалық қиымыл-қозғалыс әрекеттерімен байланысты қимыл-қозғалысты түсінудің дұрыстығын, тікелей өзінің бұлшық ет моторлық сезіну нәтижесінде қамтамасыз ететін практикалық әдістер пайдаланылады. Пркатикалық әдістерінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетіне жуық ойын әдісі болып табылады. Жарыс әдісі де практиканың әдістер қатарына жатады. Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар балаларға дене тәрбиесін беру процесінде сәбилерге ауызша көрнекілік және практикалық басшылық жасау үшін проблемалық оқыту және тәрбиелеу әдісі пайдаланылады. Бұл әдісті пайдаланған кезде балалардың алдына олардың өздері шешуге тиісті, нақты тапсырмалар қойылады.

Балаларды қозғалыстарға үйретудің әдістемелік тәсілдері. Әрбір әдістердің ортақ тапсырмалармен оларды шешудің біртұтас жолдары арқылы біріккен алауан түрлі тәсілдері бар, бүтіндей кешені болады. Тәсіл – әдістің бөлшегі, әдісті толықтыратын және нақтылайтын деталь. Балаларды қозғалыс әрекетіне үйрету процесінеде тәрбиеші түрлі практикалық, көрнекілікпен және әңгімемен тығыз байланыстағы тәсілдер кешенін пайдаланады.

Негізгі әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15,16,17,19.

Қосымша әдебиеттер:,5,6,7,8,9,10,11,12

Дәріс тақырыбы №8 Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үш кезеңнен өтеді. Бұл кезеңдер физиологиялық тұрғыдан төмендегідей: иррадиация, арнайы, шартты рефлекторлық акт стабилизациясы. Бірінші кезеңде баланың жаңа қимылмен танысуда қалыптасатын дағды. Танысуда балада сенімсіздік пайда болады, онда артық қимылдар пайда болады. Екінші кезеңде бірнеше қайталағаннан қимыл түзеліп, ішкі кедергі жойылады. Үшінші кезеңде дағдының тұрақталуы. Бала дағдыны игерген. Оның қимыл-қозғалысы еркін, сенімді. Баланы қимыл-қозғалысқа үйретуде оны саналы эмоциялық қарым-қатынасқа тәрбиелеуде жаттығуларды мақсатты орындалуына рөлі ерекше. Қимыл-қозғалысқа үйретуде балада жақсы эмоциялық қарым-қатынас тууы керек. Ол педагогтың міндеті. Оқыту барысында ешқандай кедергі болмау керек. Әдістемелік нұсқаулар әр балаға дербес құрылу керек. Сонымен қатар қимыл-қозғалысты үйретуде музыканың әсері мол. Музыка қозғалыстың мәнерлілігіне, дененің икемділігіне, сұлулыққа итермелейді. Музыка арқылы бала қимылы жетіледі, оны еркін, жұмсақ орындайды. Музыка арқылы қозғалу баланың ағзасының дамуына әсер етеді.

Негізгі әдебиеттер: 3, 10,11,12,13,14,15,16,17,19.

Қосымша әдебиеттер:,5,6,7,8,9,10,11,12

Дәріс тақырыбы №9 Гимнастика

Балалар бақшасындағы дене мәдениетінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: 1) гимнастика; 2) қимылды ойындар және спорт ойындарының элементтері бар ойындар; 3) спорттық жаттығулар; 4) қарапайым туризм. Балалар бақшасындағы гим-ның ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларға кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп-жетіледі. Гимнастиканың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.

Балалар бақшаларындағы гимнастиканың мазмұны негізгі қозғалыстар, жалпы жетілдіруші жаттығу, сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, би жаттығуын құрайды.

Негізгі қозғалыстарға жүру, жүгіру, секірулер, еңбектеу мен өрмелеу, лақтыру және қағып алу, тепе-теңдікті сақтау жаттығулары жатады.

Негізгі қозғалыстарды дер кезінде жетілдіру баланың қозғалу тәжірибесін байытады, айналадағы жағдайда еркін әрекет жасауына мүмкіндік береді, өзінің күшіне, белсенділігіне, батылдығына деген сенімді тәрбиелейді.

Негізгі қозғалыстар баланың дене жағынан жан-жақты жетілуіне игі ықпал етеді: бұлшық еттерін, буындарын, тізелерін қатайтады және жетілдіреді, жүрек-қан тамыр және тыныс жүйелерін, ішкі органдары мен терінің жұмысын жақсартады. Егер олар таза ауада өткізілсе,негізгі қозғалыстардың сауықтырушылық ықпалы өте күшейеді.

Негізгі қозғалыстар өте қарапайым сияқты болып көрінеді, бірақ балалар үшін олардың кейбіреулері күрделі. Олардың дұрыс орындалуы тек жүйелі жаттығулар мен үйренулердің арқасында ғана жүзеге асады.

Спорттық жаттығулар немесе мектеп жасына дейінгілер тәжірбиесінде айтылатындай, спорттық ойын-сауықтар қозғалыс қызметінің өзіндік бірнеше жеке түрлерін қамтиды. Жазғыға – жүзу және велосипед тебу, қыстағыға – шаңғы тебу, мұзды жолдармен сырғанау, шанамен жүру енді.

Спорттық жаттығулар балалардың денсаулығының мықты болуына, шынығуына және дене жағынан жетілуіне қолайлы ықпал жасайды. Олар балалардың таза ауада ұзақ әрі көңілді жүруін ұйымдастыруға көмектеседі, дербес қызметін түрлендіруге, белсенділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қарапайым туризм – денет әрбиесін берудің басты құралы. Балалар бақшасындағы туризм – учаскеден тыс жерде жаяу және шаңғымен серуендеу, ол қозғалыс дағдыларын, тұрған орынды бағдарлауды жетілдіру мақсатындағы және т.б. болып табылады. Олардың тату коллективті тәрбиелеуге, балалармен үлкендер арасынедағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыруда үлкен мәні бар.

Негізгі әдебиеттер: 3, 10,11,12,13,14,15,16,17,19.

Қосымша әдебиеттер:,5,6,7,8,9,10,11,12

Дәріс тақырыбы №10 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін тәрбиелеу әдістемесі.

Дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеу. Балалардың қорғалу қызметі негізгі дене қасиеттерінің өсуімен байланысты. Оларға жылдамдық, ептілік, күш, төзімділік жатады.Қандайда болсын бір сапаның жекеше жетілуін көзге елестету үшін мәнінде мүмкін емес. Дененің әр түрлі қасиетін бала денесін жан-жақты жетілдірудегі біріңғай процесін қамтиды, соның нәтижесінде ағзаның функционалдық мүмкіндіктері жаппай өсе түседі олар:

а) Ептілік – қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлардың барысында пайда болған қызметтің жаңа қимылдарды меңгерудегі қабілеттілік. Ептілік- жаңа қозғалысты жылдам меңгеру қабілеттілігі немесе күрт өзгеріс жағдайында қозғалыс әрекетін жедел басқа тұрғыда құру болып табылады.

б) Жылдамдық – бұл жаттығуды мейілінше аз уақыт ішінде орындаудағы қабілет. Ол қандайда бір белгіге жауап берудегі әрекеттің жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын), жекеленген қозғалыстардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады.

в) Төзімділік – интенсивтіліктен сақтай отырып, дене жұмысын ұзағырақ уақыт орындау қабілеттілігі. Төзімділікке тәрбиелеу организімінің әр түрлі жүйедегі функционалдық қызметтегі біраз зорланушылықтың нәтижесінде организмнің шаруашылығына әкеп соқтыратын жағдайларға бірте-бірте қалыптаусымен, үйренуімен қоса жүргізіледі.

г) Күш – қозғалыс әрекеті процесінде сыртқы қарсылықты жеңу қабілеттілігі немесе бұлшық еттің қатаюы арқылы сондай қозғалыстарды болдырмау тәсілі. Күш ең алдымен бұлшықеттердің жиырылуы және жүйке процесінің бір мақсатқа бағытталуы арқылы көрініс береді.

д) Шыдамдылық – қандай да бр іс-әрекет арқылы шаршауға қарсы тұру қабілеті. Ол жүйке орталығының берік қызметі қозғалыс аппараты мен ішкі ағзалар қызметінің реттелуі арқылы айқындалады.

е) Икемділік – тірек қозғалыс аппаратының морфоқызметтік ерекшеліктері оның жекелеген бөлшектерінің қозғалмалығы икемділік арқылы анықталады. Оған бұлшық еттермен буындардың созылмалығы тән.

Сабақтарға арналған негізгі қозғалыстарды: жүрулер, жүгіру, секірулер, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдікке жаттығуды рет-ретімен орналастыру тәрбиешілерге аса көп қиындық келтіреді. Оларды жоспарлағанда тек сабақты өткізу жағдайында ғана емес, (бөлме, құрал-жабдықтар және т.б.), балалардың дайындығын, сонымен бірге жаттығулар мен ойындардың өсе түскен күрделілерін іріктеу жолымен әрбір қозғалыстағы бағдарлардың рет-ретімен қалыптасуын ескеру керек.

Тәрбиеші әрбір сабақтың жоба, конспектісінің тоқсандық перспективалық негізінде жасау оңайлау болады, материалдардың әрбір жас топтарында өтуін қадағалауға мол мүмкіндік туады.

Көптеген қимылды ойындардың танымдық маңызы бар, өйткені олар хайуанаттарға, құстарға еліктеумен, адамдардың нақтылы әрекеттерімен жаңғыртумен байланысты және т.б.

Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіндігі бар. Тәрбиешінің ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мақсатында өткізілетін ойындарды шамамен жеке екі түрге бөлуге болады: 1) қимылды ойындар: сюжетті және сюжетсіз; 2) спорттық ойын элементтері бар ойындар: городки, баскетбол, стол тенисі, бадминтон, футбол, хоккей және басқалар.

Ойындардың алуан түрлерінің үйлесуі жас мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

Негізгі әдебиеттер: 3, 10,11,12,13,14,19.

Қосымша әдебиеттер:,5,6,7,8,9.

Дәріс тақырыбы №11 Қимыл-қозғалыс ойындары.

Қимыл-қозғалыс ойындары халықтық педагогикадан бастау алады. Нәресте шағынан бастап балалардың өздерінің алғашқы қимыл-қозғалыстарына әсер ететін халықтық ойыншықтармен сылдырмақтармен, санамақтармен тәрбиеленеді.

П. Ф. Лесгафттың іс қимыл ойындарының теориясы мен әдістемесін құруы. Орыстың тамаша педагогы П. Ф. Лесгафт Ресейде дене тәрбиесінің ерекше жүйесін жасады. Әрбір ойын дейді Лесгафт белгілі бір мақсатты көздеуі керек, ал ойынның түрі осы мақсатқа жауап бергені жөн. Ойын үстіндегі іс-әекет балалардың өзін ұстау шеберлігіне сай келіп, көңіл қанағаттандырғаны ләзім. Сол үшін іс-әрекет алдын-ала жүйелі жаттығулардың нәтижесінде игеріледі. Бірте-бірте ойында мазмұны мен ережесі жағынан күрделендіруге болады. Лесгафт бұл үшін ойынның жаңы варианттарын жңа шарттар, жаттығулар, іс-әрекеттер енгізуді ұсынады. Сол арқылы бұрыннан таныс әрекеттерді қайталауға болады, бірақ ойынға қойылатын талап артады. Сондай-ақ ойынның жүйелі түрде жаңарып, өзгеріп тұруы балалардың оған деген ықыласын жоймайды.

П. Ф. Лесгафт іс қимыл ойындары баланы баланы жан-жақты тәрбиелеудің маңызды құралы, оның бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың бағалы құралы деп есептейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік, қимыл-қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналасындағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі шығармашылық белсенділігін ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.

Ойын процесі – тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын арқылы балалардың ақыл-ой, адамгершілік дене тәрбиесі жүзеге асырылады. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез-құлық белгілері: адалдық, батылдық, мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттері қалыптасады.

Сәбилердің тобында мазмұны және ережесі жағынан қарапайым сюжетті және сюжетсіз іс қимыл ойындары ұйымдастырылады.

Естияр тобында дербес және ұжымдық жарыс ойындарының қарапайым түрлері ойнала бастайды.

Ересктер тобы үшін іс қимыл ойындарының мазмұны, ережесі, рөлдерді рөлдер саны күрлделенеді, ұжымдық жарыс тапсырмалары енгізіледі.

Мектепалды тобының балалары барынша күрделі іс қимыл ойындарын ойнайды. Сондай-ақ бұл кезде ұжымдық жарыс ойындары, ойын эстафеталар, спорттық элементері бар ойындар қолданылады.

Негізгі әдебиеттер: 3, 8,9,10,11,12,13,14,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.

Дәріс тақырыбы №12 Спорттық жаттығулар.

Балабақшалардың бағдарламасында шаңғы, коньки, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, корусел тебу, әткеншек тебу, жүзу т.б. спорттық жаттығулар көзделген. Бұрлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек, қантамыр, тыныс алу, нерв системаларын шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды.

Балабақша бағдарламасында шаңғымен жүруге естиярлар тобынан бастап үйрету көзделеді. Егер балабақшадағы жағдай жақсы болса және балалар ата-аналарының байыптылығымен бірқатар тәжірибе алса, онда жаттығуды балалардың кішкентай кезінен бастап жүргізуге болады. Ата-аналарды өз балаларын үйретуге белсенді түрде қатыстыру үшін тәрбиешілер жиналыстарында балалар үшін шаңғыны, таяқты таңдап алу, шаңғының аяқ киімге бекіткіші киі мен аяқ киімге қойылатын талап жөнінде шаңғыны сақтау және оны күтіп ұстау жөнінде әңгімелейді. Бұған қоса, ата-аналарға шаңғымен жүрудің әр түрлі әдістерінің техникасы бұрылыстар, төбеге көтерілу, және одан төмен қарай сырғанау методикасы туралы айту тиімді болады. Ересектер балалар үшін үлгі болуы үшін ата-аналарға балаларды шаңғымен жүруге үйрету жөніндегі және өздерінің дағдыларын жетілдіру жөніндегі әдебиеттер ұсынылады.

Конькимен сырғанау бұлшық еттерінің негізгі топтарын әсіресе, аяқ бұлшық еттерін дамытады, жүрек, қан тамыр, тыныс алу жүйесін күшейтеді, ағзаны шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене қасиетін (шапшаңдық, ептілік т.б.) ерік-жігер қасиетін (батылдық, табандылық) қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұздың үстінде сырғанауды және мәнерлеп тебудың қарапайым элементерін орындауды өте ерте (шамамен 3 жасынан бастап) үйрене алады. Бірақ балабақша жағдайында сәбилер тобындағы баларға коньки тебуді ұғындыру қиын болады, өйткені олардың тізе, тобық буындары өте әлсіз және жарақаттану қаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі.

Балаларды сырғанау әр түрлі қимылдарды (жүру, жүгіру) өзіне қамти отырып, бұлшық етттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек қантамыр, тыныс алу жүйелерін дамытуға, зат алмасуларды күшейтуге, шынығуға көмектеседі. Оның үстіне балалрдың дене және ерік-жігер қасиеті, сондай-ақ жағымды эмоциялары дамиды.

Балаларды бірін-бірі шанаға мінгізіп, сырғанауға, шананың жанында әр түрлі жаттығуларды орындауға, шананы жотаға алып шығуға және әр түрлі қалыпта (отырып, етпеттеп жатып, түрегеп тұрып) және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен төмен қарай сырғанауға үйретіледі.

Балаларды үш дөңгелекті велосипедті тебуге бес жасынан бастап үйретеді: оларды машинаға қалай отыруға және одан түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, оңға, солға, артқа, бұрылуға, тежеуге, тоқтауға үйретеді. үйрету кезінде төмендегіше жүйелілікті сақтау тиімді болады: велосипедті тура бағытпен, оңға, солға, артқа бұрып жүргізу, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен жүргізу, ересектердің көмектесуімен тура жолмен оңға, солға, бұрылып айдау, велосипедке отырғызу және одан түсу, велосипедті әдетінше тура жолмен оңға, солға, артқа бұрылып тебу өз бетінше, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен айдау, қосымша тапсырмаларды орындап айдау.

Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге мынадай әдістермен үйретуге болады: қолды судан шығармай ептеп кроль әдісімен жүзу, қолды судан шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Балалар жүзуді біршама тез игереді. Оларда ересектерге қарағанда тері асты қабаты көбірек дамыған, осының арқасында олар суда жақсы қалқиды. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзуге үйретуді ұғындыру қиын, сондықтан тәрбиешілер жүзуге дайындауды ғана жүзеге асырады.

Негізгі әдебиеттер: 3, 8,9,10,11,12,13,14,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.

Дәріс тақырыбы №13 Мектепке дейінгі ұйымдарда дене мәдениетін ұйымдастыру формалары және оның әдістемесі.

Сабақ - балалар бақшасында дене тәрбиесі жөніндегі оқу жұмысының негізгі формасы. Сабақ дені сау тәрбиленушілердің барлығына міндетті. Олар балалардың белгілі бір жас тобындағы тұрақты құрамымен нақтылы кесте бойынша аптаның белгілі бір күні мен сағатында жыл бойы өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы әрбір жас топтарына сай бекітілген. Сабақтар дене тәрбиесінің білім берушілік, тәрбиелік және сауықтырушылық міндеттерін шешуге бағытталған. Білім беру міндеттері балаларды дене жаттығуларын үйрету, алған дағдыларын өзгермелі жағдайда қолдана білу болып табылады.

Дене мәдениеті сабағының кестлік жоспарында үш бөлім қарастырылады: кіріспе немесе кіріспе-дайындық, негізгі және қорытынды бұл шартты бөлулер. Барлық сабақтар бір тұтас және ортақ мақсатқа - бала ағзаның физиологиялық функциясының күшті әрекеттрін тудыруға, дене сапасының дамуын қалыптастыруға, қозғалыстың және тұлғаның дұрыс қалыптасуына, кеңістікті бағдарлай білуге, коллективтегі қозғалыстың үйлесімділігін жақсартуға бағындырылған. Бұл ортақ мақсат сабақтардың әрбір бөлігін табиғи түрде бірінен бір түрге нақтылы міндеттерді ретімен орындау арқылы жүзеге асырылады.

Дене тәрбиесі сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қимыл-қозғалыс ойындарын ұштастыруы мүмкін. Алайда бұл өте шартты түрде өтеді. Жоғарыда қалыптастырылған бала ағзасының жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескеретін, сабақ құрылымы, сабақтың көрсетілген типтерін, жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анқытайды.

Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен 2-3 сабақтың әсіресе, соңғы сабақтардың тиянақты талдауы алғы шарт болып табылады.

Сабақта балаларды ұйымдастыру әдістері. тәрбиеші балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін жаппай, жеке, топтық әдістерді пайдаланады.

Жаппай әдісті пайдалана отырып, балалардың бәріне орындалу тәртібі бірдей жаттығу ұсынады, олар бір мезгілде орындалады. Жаппай әдісті қолдану сабақтың кез-келген бөлімінде , әсіресе балаларға жаңа жаттығу үйрету және өздеріне бұрыннан таныс жаттығуларды жетілдіру кезінде тиімді болады.

Топтық әдіс. Жаттығуды үйрету және оның егжей-тегжейлі анықтау процесінде балалар кез клген әрекет ететін шағын топтарға бөлінуі мүмкін. Тәрбиеші бір немесе екі топтың жаттғуын бақылау мүмкіндігіне ие болады, ал қалған балалар өз жолдастарының әрекеттерін бақылайды және тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

Жаттығуды орындаудың бұдан да басқа, толассыз әдісі пайдаланылады. Мұндайда бір кезекпен балалардың соңынан бірі үзіліссіз-толассыз бір ғана жаттығуды орындайды.

Ересек және даярлық топтарында топталып ойнау әдісі қолданылады. Бұл әдіс сабақта тәрбиешінің балаларды үйрету және және балалардың өздері бұрын игерген қимыл-дағдыларын өз беттерінше жетілдіру процесі ретінде өтеді.

Негізгі әдебиеттер: 3, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дәріс тақырыбы №14 Күн режиміндегі сауықтыру шаралары.

Сауықтырудың аса тиімділігіне сабақты ашық ауада – дене мәдениет алаңында немесе табиғи жағдайларда өткізген кезде жетуге болады.

Сабаққа арналған бөлме таза және жинақы болуы тиіс. Бала күтуші әрбір сабақ алдында еденді дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.

Қолданылатын құралдар мен ойыншықтар құрылысы, көлемі және салмағы жағынан балалардың жасына, олардың дайындығына сай болуы қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Ертеңгілік гимнастиканың маңызы мен міндеттері. Ертеңгілік гимнастика балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Ертеңгілік гимнастикамен жүйелі айналысушыларды ұйқысыздық жоғалады, сергектік сезім пайда болады, эмоционалдық өрлеу басталады, еңбек қабілеттігі артады. Оянғаннан кейін сол заматта төсектен тұрып жаттығу жасайды кірісу белгілі бір ерік күшін талап етеді, тұрақтылықты қалыптастырады, балаларды тәртіптендіреді. Серуендеу кезенде күн сайын қимылды ойындар өткізу керек. Күніне 1-3 рет. Ойындардың мазмұны балалардың өткендегі және кейінгі қызметтерімен үйлесуі тиіс.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дәріс тақырыбы №15 Мектеп жасына дейінгі балаларды шынықтыру.

Мектепке дейінгі ұйымдарда шынықтыру мақсатында ауа ваннасы, күн ваннасы, су ваннасы пайдаланылады. Табиғи факторларды комплексті түрде қабылдау баланың ағзасын шынықтырады, жетілдіреді. Шынықтыру іс-шаралары балалар үшін өте жағымды әсер етеді. Ауа ваннасы баланың қимыл-қозғалыс әрекетінде жалаңаш денесіне әсер етеді. Мектепалды және ересек топтарда ауа ваннасын дене шынықтыру сабақтарында алады. Ауа ваннасы кіретін дене шынықтыру сабғы мен ертеңгілік гимнастикада өзінің ерекшеліктері бар. Су шаралары – ол сүртіну, душ, шомылу (бассейн, өзен, көл). Бұл шаралар балаларға дәрігердің нұсқауымен өткізіледі. Су шаралары балалардың белсенділігін талап етеді. 3 жастан бастап балалар өз еркілерімен жүреді. Сүртіну барысында балалар шеңберде тұрып денелеріне өздері массаж жасайды, осыдан кейін бірінің артына бірі тұрып арқаларына массаж жасайды (сығылған қолғап көмегімен). Осылай сүртіну барысында балалар қимыл-қозғалыс үстінде болады және тәрбиешінің басқаруымен өмірлік дағдыға ие болады. Шомылу бала ағзасының дұрыс шынығуына көп әсерін тигізеді. Салқын су, таза ауа, ультрафиалетті күн сәулесі. Күн ваннасы балалар ағзасына да көп әсерін тигізеді. Бірақ бұл процедураны дәрігердің нұсқауымен жүргізу керек.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дәріс тақырыбы №16 Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар.

Дене мәдениеті мерекелері балалар бақшасындағы дене мәдениетін ұйымдастырудың формасы ересек және мектепке даярлық топтарында өткізіледі. Мұндай мерекелердіңмақсаты балалрадың денен жаттығуларды, ойындарды, сайысуда күш сынасуда. Тапқырлық жасауды, күтпеген жпағдайда бағдарлай білуді меңгеруде қол жеткен жетістіктерін демонстрациялау болып табыдалы.

Мерекенің мазмұны оның сипатына сай болуы тиіс. Мерекелердің белгілі бір даталарға табиғаттың маусымдық құбылыстарына спорттық жайларға, халық ертегілерінің тақырыптарын бейнелеуге т.б арналуы мүмкін.

Мерекелер балалар үшін кейдесоқ бірқатар көңілді тапсырмалардан, сюрприздік сәттерден құралуы тиіс.

Мерекелер бір немесе жасы бірдей бірнеше топтары, балалардың жастары аралас топтары бойынша өткізіледі.

Мерекені өткізген орын физкультура залы, алаңқай, бассейін, мұз айдыны, шаңғы залы болуы да мүмкін.

Дене мәдениетін ұйымдастырылған формаларымен қатар балалардың өзіндік қимыл қызиеті олардың дер кезінде және толық жетілуінің ең басты шарты болып табылады. Мұндай жағдайда бұл қызмет педагогтың тікілей араласуынсыз балалардың қалауынша , инициативалары бойынша ұйымдастырылады.Балар бақшасының алдында күнделікті өмірді балалар белсене қозғалуғ,а мүмкіндік алатындай етіп ұйымдастыру міндеті тұр

Топтық учаскелері мен серуендеу алаңдарын мақсатты түрде жабдықтау қажет. Оны орналастыруды ойластырғанда балалардың белсенді қимылына ықпал ететіндей болуы тиіс. Барлық құралдар ылғи да балалардың қарамағанда болмацы тиіс, оларды әлсін – әлсін алмастырып, мектеп жасына дейінгілерде қозғалыстың алуан түріне деген қызығушылығын туғызатындай етіп іріктеу керек.

Күнделікті өмірдегі дене мәдениеті педагогикалық басшылық жасауда балалардың қызметіне шамадан тыс шек қоюдан аулақ болу керек, олардың өз бетінше әрекет жасауларына көбірек мүмкіндік жасап, мұндай кезде инициативасын, қозғалыс творчествосына деген талпынысын\ қайтармау керек, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіру керек. Тәрбиешінің ойындарға мүмкіндігінше қатысып отырғаны жөн,.

Белсенді қозғалыс пен демаоыстың ойлы түрде алмасуын қамтамасыз етуде тәрбиеші барлдық топтың қызметін күні бойы мұқият бақылайды, сурет салып, кітаппегн, дойбымен отырып қалғандарды қимылды ойындарға, спорттық ойын сауықтарға қосудың, велосипед тебумен, секіргіш жіппен секірумен, кластарымен ойнап, сабырлы ойындармен біраз уақытпен бері айналысып жүргендерге көңіл бөлудің мүмкіндіктерін босқа жібермейді. Шебер педагогикалық басшылықтың нәтежесінде балалардың жеке қозғалыс қызметтерінің белсенділенуі олардың қозғалу мүмкіндіктерін толықтырады және кеңейтеді, оныің өзі сабақтарда программалық материалдардың ойдағыдай өтуіне алғы шарттар жасайды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дәріс тақырыбы №17 Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу.

Жоспарлау – балаларда дене тәрбиесі процесін басқару тәсілдерінің бірі болып табылады. Жоспар бағдарламалық міндеттерді жүйелі және мақсатты түрде бағыттауға жол береді. Пән бойынша педагогикалық жұмысты жоспарлау көзі және негізі «Мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасы болып табылады. Мұнда жалпы педагогикалық ережелер мен жоспарлау принциптерде еске алынады. Жоспар – жұмыстың әдіс-тәсілдері мен формаларының жүйелілігі мен бірізділігін қамтамасыз ету керек. Жоспарлаудың негізгі жағдайы жоспардың шынайлылығы балалардың даму деңгейінен педагогикалық үрдістің нақты жағдайымен қамтамасыз етіледі. Жоспардың нақтылығы жұмыстың жалпы мазмұнымен, бағдарлама деректерімен нақты балабақшаның жоспарымен оның жұмысының мазмұны және міндеттерін болжайды. Жоспарлаудың жалпы мақсаты – балабақшадағы тәрбиелеу бағдарламасының жүзеге асырылуы. Сондықтан әр бөлінген уақыт алдыңғы қортындыдан және келесі жұмыс міндеттерін есепке ала жоспарлану керек. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дұрыс жоспарлауда тәрбиеші білу керек: жалпы және өзіне бөлінген топтың бағдарламасын толық білу керек, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен дербес ерекшеліктерін білу керек, білім беруді ұйымдастыру және жоспарлау барысында дидактикалық принциптерді басшылыққа ала білу керек, тәрбиешілер өзінің біліктілігін жоғарлатып отыру керек. Перспективті жоспар - әр жас ерекшеліктеріне байланысты әр топқа құрылады. Перспективті жоспар тәрбиешіге бағдарламалық материалды бірдей бөлу керек, яғни жұмыс шамадан тыс асып кетпеу үшін көмектеседі. Ол бірізіділік пен жүйелілікті, балалардың білімдерін, дағды икемділіктерін қалыптастыруға, материалдық қайталануын және қиындатпауын алдын-ала қарастырады, жұмыстың түрлері мен әдістерін мақсатқа лайықты қылдырып іріктейді. Перспективті жоспар – барлық негізгі бағыттардың білім мазмұнын анықтайды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дәріс тақырыбы №18 Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы баланың дене тәрбиесі барлық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асырылады. Баланың денесінің саулығына, өміріне, дене тәрбиесінің міндеттерінің шешілуіне барлық қызметкер жауап береді: – меңгеруші, аға тәрбиеші, тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшісі, дәрігер, медбике, мектепке дейінгі ұйымдағы дене тәрбиесінің инструкторы. Меңгеруші дене тәрбиесі бойынша барлық жұмысты ұйымдастырады. Жалпы жылдық жоспарды құрады. Жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі. Меңгеруші дене тәрбиесіне керекті барлық құрал-жабдықтармен толықтырады. Әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Педагогтардың білімін жетілдіруге байланысты семинарлар, консультациялар, әдістемелік бірлестіктер жоспарланады. Дене шынықтыру бойынша аға тәрбиешінің жұмысы - өте қиын, көп қырлы жүйе, сауықтыру, шынықтыру міндеттерін шешуді талап етеді. Сонымен қатар балалар дәрігердіңбақылауында болады. Баланың дене бітімінің дамуына, денсаулығына, дене жаттығуларының дұрыс жүргізілуіне, санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болуына дәрігерлік педагогикалық бақылау жүргізіп отырады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Дәріс тақырыбы №19 Мектепке дейінгі ұйымдардың, отбасы, мектептегі дене тәрбиесінің сабақтастығы.

Педагогтың ұсынысымен ата-аналар сабаққа арналған құрал-жабдықтар алады. (шаңғы, коньки, велосипед, тенис, бадминтон, доп, скакалка т.б. ) Үйлерінде спорт бұрыштарын құрады. Массаж жасайтын, тренажер залын құрады. Баланың дене бітімі дұрыс қалыптасуы үшін ата-аналар балаларына көмектесу қажет. Мысалы, велосипед тебуге, конькимен сырғанауға т.б. Дене жаттығуларын ата-аналары балаларымен бірігіп жасайтын болса балаға оның тәрбиелік маңызы өте зор. Бұл тек қана дене жаттығуларына деген махаббатты ояту емес, сонымен қатар отбасын бұл ұйымдастырады, қарым-қатынасты нығайтады, анасы мен балаларын, әкесімен баласын түсінуге итермелейді. Анасы баласымен гимнастика жасауға болады. Сонымен қатар біріккен серуендер, бірігіп футбол ойнау, теннис ойнау да өз әсерін тигізеді. Дене шынықтыру шараларына отбасымен бірге қатысу, баланың қимылдық дағдыларын қалыптастырады, мінезіне, ерігіне, мақсатқа жете білу қасиетіне, мәдениетін көтереді.

Негізгі әдебиеттер: 1, 4,5,6,7,8,9,10,11,12,,18,19.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10