Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

9 Тақырып. Кәсіпкерлердің қаржылық есеп беруі. Аудит.

Дәріс

Бухгалтерлік есеп түсінігі мен құқықтық мәні. Қаржылық бақылаудың мәні мен мәнісі. Бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі ережесі. Қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің есебі мен оның мазмұны. Аудиторлық іс-әрекет түсіні мен тексеріс түрлері. Аудит жүргізудің алғы шарттары. Аудиторлық қорытынды және оның мазмұны.

Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржы-ны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байла-нысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясьның тән болуымен объективі түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалып-тасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптас-тырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қар-жының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мем-лекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрық-ша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтыр-ғанда; бүл органдардың қүқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-өрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қар-жылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақы-лау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылык, бақылау қаржыға тен объективті мазмүн ретіндегі бақылау функ-циясын практикалық қолдану болып табылады.

Қаржылық бақылаудың өзгешілігі — оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заң-дар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс-тың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); ша-руашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдар мен қорлардьщ, басқа заңи түлғалардың еңбек, материал жөне қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге са-лықтық бақылауды да кіріктіреді.

Қаржылық бақылаудың іс-әрекеттіц сферасы бақьлаудың бас-қа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалыщ, са-яси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық үйымдар-дың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының кебінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.

Қаржьшық бақылаудың функциялары:

  1. қаражаттардың жүмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);

  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен то-лымдылығын тексеру;

3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру. Бақылауды жүзеге асырудың негізгі к,қағидаттары мыналар болып табылады:

  • бақылаудың реттілілігі, жаппайлылыгы,әмбебаптылығы;

  • бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;

  • әрекеттілік, нақтылык,, жариялылык, — бұларға бақьлау жұмы-сын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегеңде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;

  • бақылаудың алаламаушылыгы (біреуге тартпаушылық);

  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттары-ның бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны — аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруа-шылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, ба-қылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен бай-ланысты болып отыр. Аудиторлык, бақылау — тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасас-қан келісімшарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.

Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста талдамалық жөне экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.

Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын жене өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Қаржы аудиты деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржылық есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметгің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен жүргізетін төуелсіз қызметін айтады.

Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда XIX ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.

Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20- қарашасынан бастап "Аудиторлық қызмет туралы заң" жұмыс істейді. Ол ауди-торлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңи және жеке түлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Аудиторлық қызмет — бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйым-дардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.

Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

  • тәуелсіздік; объективтілік; кәсіби біліктілік; құпиялылық.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады.

Аудиттің түрлері — міндетті аудит және бастамашылық аудит.

Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар ры-ногында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық ұйымдары, жинақ-таушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар.

Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңна-малық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті бо-лып табылады.

Бастамашылык, аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бой-ынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйы-мының арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген на-қтылы міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит — аудиттің тәуелсіз нысаны, ішкі аудит — шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектісінің тілегі бойынша жөне шартымен жасалады.

  • Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүгізіледі:

  • жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеуме;

  • аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;

  • аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;

  • бақьшау жүйелерін тексеру және оның тесттері;

  • аудит рәсімін жүргізу;

  • аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.

Аудитор — бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы- ша-руашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржы-лық бақылаудың біздің елдегі жаңа үйымдық нысаны. Ол ба-қылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық үйымның қызметкері ретінде жүзеге асы-руға құқылы.

Аудитордың міндеттері мемлекеггік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық опера-цияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметгің қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:

аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілеттілігін қам-тамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды, бүзушы-лықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шару-ашылық жүргізуші субъектілердің заңцарды, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі ара-сындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады;

аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудитор-лық қорытындыны алуға мүқтаж болып отырған орган төлейді. Тексерістерді жоғары орган немесе мемлекет төлейді;

аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нөтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;

аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған ауди-торлық қорытынды мен үсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орында-луы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары керсетіледі;

аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпия-лығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне қүқы бар.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметгері сан алуан. Оны Қазақстан Республикасындағы алгашқы және ең ірі аудиторлық ұйым - "Қазақстанаудит" компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету,бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, қүрылтайшылардың қүжаттарын жасау, қайта қүрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары — компания көрсететін қызметгердің толық емес тізбесі осындай. "Қазақстанаудит" компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бүлжытпай сақтайды.