- •1.Сөж міндеттері мен мақсаттары.
- •Сөж орындау әдістемелік нұсқаулары
- •If тармақталу командасы.
- •Теориялық мәліметтер.
- •Процедураның құрылымы:
- •1. Қатеттері бойынша үшбұрыштың ауданы мен гипотенузасын табу процедурасын құру.
- •2. Екі санның үлкенін табатын процедура.
- •3. Екі санның үлкенін табатын процедураны қолданып, берілген үш және төрт санның үлкенін табу программасы.
- •5. N санның цифрларының санын шығару процедурасы
- •6. N санының цифрларының жұп-тақтығын анықтайтын процедурасын құру.
- •7. Массив элементтерін ендіру, шығару процедурасын құру мысалдары.
- •1. Екі (х1,ү1) және в(x2,y2) нүктелерінің координаталары бойынша ара қашықтығын анықтау функциясын құру.
- •2. Нақты оң х санының нақты ү дәрежесін табу функциясын құру
- •4. N санының факториал табу функцясы.
- •Теориялық мәліметтер. Жолды типпен орындалатын операциялар
- •Файлдар жайлы жалпы мағлұмат
If тармақталу командасы.
if тармақталу командасын басқаша- шартты команда деп те атайды. Оның екі формасы бар: толық және қысқа. Тармақталу командасының толық формасының көрінісі мынадай:
if <логикалық өрнек> then < 1 команда >
else < 2 команда >;
Команда әрекеті. Егер логикалық өрнек ақиқат болса, онда 1 команда орындалады, қарсы жағдайда – 2 команда орындалады. 1 және 2 командалар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Мысал. х=9 болсын. Команданың орындалу нәтижесінде
if х > 7 then у := х * х else у := sin(x);
if х < 5 then z := exp(x) else z := sqrt(x);
у = 81, z = 3 болады.
Мысал. а=5 болсын. Команданың орындалу нәтижесінде
if a < 7 then begin
b := а - 2;
с := 1 + 2 * а
end
else begin
b := 2 + 5* a;
с := 12 - 4 * (а - 3)
end;
Нәтиже : b=3, с=11.
Тапсырманың орындалу үлгісі. Қолданушы анықтаған х нүктесінде күрделі у функциясының мәнін есептеу және шығару керек,
y=
program Myfunction;
uses Crt;
var х, у : real;
begin
clrscr;
writeln(х мәнін енгізіңіз');
readln(x);
if x < -1 then у := ln(abs(x)) else
if (x >= -1) and (x < 1) then у := sin(x)
else у := cos(x);
writeln('x =', x:5:2, ' у =', y:5:2);
readln
end.
Ескерту. if командасында else қызметші сөзінің алдына «;» символы қойылмайды.
Тармақталу командасының қысқа формасының көрінісі мынадай:
if <логикалық өрнек> then < 1 команда >;
Команда әрекеті. Егер логикалық өрнек ақиқат болса, онда 1 команда орындалады, жалған болса if конструкциядан кейінгі команда орындалады.
Мысал. х=25 болсын. Команданың орындалу нәтижесінде
if х > 12 then у := 2 * х; z := 10;
if x < 5 then z := 10 + х / 2;
Нәтиже у = 50, z = 10.
Goto командасы.
goto командасы — бұл шартсыз өту командасы. Ол программада команданың орындалу тізбектерін өзгерту үшін, кейбір команданы белгі арқылы басқаруға арналған. Команданың түрі
goto <белгі>;
Программада белгі кез келген команданың алдында тұруы мүмкін. Ол командадан қос нүкте(:) арқылы бөлінеді : <белгі> : <команда>;
Белгіні алдын-ала label бөлімінде хабарлау керек: label <белгілер тізімі>; Белгі идентификатор 0 ден 9999 дейінгі сан болуы мүмкін.
Тапсырманың орындалу үлгісі. ах2 +bх+с=0, a¹0 квадраттық теңдеудің коэффициенттер мәнінің бірнеше варианттарын шығару керек. Әр вариант үшін нақты түбірінің бар екені туралы хабарлау шығару керек.
program Uravnenia;
uses Crt;
label 99, finish;
var a, b, c, d, x, у : real;
begin
clrscr;
99: writeln(‘квадраттық теңдеудің коэффициенттерін шығарыңыз’);
readln(a, b, с);
if a = 0 then goto finish;
d := b * b - 4 * a * c;
if d >= 0 then writeln(' Берілген теңдеудің нақты түбірі бар')
else begin
writeln('Деректер нақты берілмеген');
writeln('Теңдеудің нақты шешімі жоқ');
goto 99;
end;
finish: readln
end.
Ескерту. Ішкі программа ортасындағы немесе құрама команданың ортасындағы командаға басқаруды беруге болмайды.
Тапсырма варианттары:
|
|
13.
14.
|
№-1 СӨЖ-дің бесінші тапсырмасы:
