Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мухатаева шпорик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.85 Кб
Скачать

4.Микроорганизмдер әлеміндегі антагонизм құбылысының мәні неде.

Антагонизм құбылысын зерттеу барысында көптеген бактерияларды жойып жіберетін заттар алынды. Оларды антибиотиктер (гректің «анти»— қарсы, «биос»— тіршілік деген сөзінен шыққан, яғни тіршілікке, өмірге қарсы зат) деп атайды. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқүлактар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.

Микроорганизм әлеміндегі антагонизм құбылыс медицинада және ауылшаруашылығында кең таралған. Тірі микроб-антагонистер медицинада кеңінен қолданады, мысалы дисбактериоз бен кандидоздармен күресуде, сол антибиотиктің қолдану салдарынан туындаған кезінде, инфекциялық аурулармен күресуде.

Микроорганизмдер арасындағы антагонизм ауылшаруашылығында фитопатогенді организмдермен күресуде үлкен роль атқарады. Ал сол фитопатогендердің салдарынан ауылшаруашылық өнімі төмендеп кететіні белгілі.

Топырақта өздерінің тіршілігі нәтижесінде өсімдіктердің өсуін тежейтін заттар бөлетін микроорганизмдер де бар. Оларды микроб — ингибиторлар деп атайды. Олар өсімдіктер тканіне еніп,өзінен зиянды улы заттар бөліп шығарады. Мұндай микроорганизмдер адам мен жануарлар қоректенетін тағамға түсетін болса, организмге аса қауіпті улар түзеді. Топырақта тіршілік еткенде олар тұқымның өнгіштігін, өскіннін, бір қалыпты жетілуін тежейді, сейтіп дақылдар өнімділігін төмендетеді. Егер бұл микроорганизмдер топырақтағы басқа микроорганизмдерге әсер ете бастаса, онда бұлардың арасында күрес,яғни антагонистік құбылыс байқалады.. Мәселен, фузариум саңырауқұлағы жүзім жапырағын сарғайтып, зақымдайтын кейбір уларды бөлетіні анықталды. Ал пенициллум саңырауқұлағы, топырақта өніп-өскенде астық тұқымдас өсімдіктерді улағьш, өсуін тежейтіні байқалған. Топырақ микроорганизмдерінің ішінде олардың басқа топтарының тіршілігін тежейтін немесе біржолата құртып жіберетін топтары да бар. Бұларды микроб-антагонистер деп атайды. Микроб-ингибиторлар мен микроб-антагонистер арасында айта қаларлықтай айырмашылық жоқ. Микроб-ингибиторлар жоғары сатыдағы организмдерге (өсімдіктерге) әсер етсе, микроб-антагонистер төменгі сатыдағылардың, (микроорга-низмдердің) өніп-өсуіне, дамуына нұқсан келтіреді. Микроб-антагонистер бөлетін заттарды антибиотиктер деп атайды. Антагонизм кұбылысы ерте бастан-ақ зерттеушілер назарын аударған болатын. Л. Пастер, И. И. Мечников және олардың замандастары микроорганизмдер дүниесіңде антагонистік құбылыс барлығын анықтап кейбір түрлерін зерттеген еді. Мәселен, Пастер топалаң ауруын тудыратын микроорганизмдердің, тауық обасын тудыратын микробтарға қарсы күресе алатындығын аныктады, ал Мечников сүт қышқылы бактерияларының шіріткіш микроорганизмдерді құртып жібере алатындығын ашты. Міне осының негізінде, ол адамның іш-сүзек ауруларына шипа ретінде: сүт тағамдары.

5.Паразитизм және метабиозға сипаттама беріңіз

Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.

Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында омела (лат. vіscum) және сұңғыла (лат. orobanche) туыстарын айтуға болады. Жалпы бір организмде паразиттің бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде (ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады. Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды.

Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.

Паразитизм өсімдіктер арасында да кең тараған. Бірақ мүк, қырыққұлақтәрізділер, жалаңаш тұқымдылар арасында паразитизм кездеспейді. Паразитизмнің табиғаттағы организмдер популяциясын реттеуде және сұрыптау процесінде маңызы болғанымен, адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге өте көп зиян келтіреді. Паразитизм мәселелерін биология, медицина, ветеринария, агрономия, паразитология, вирусология, т.б. ғылым салалары зерттейді/

Метабиоз - микроағза түрлері арасындағы, олардың бір түрінің тіршілік өнімдері, екіншісінің қорек көзіне айналуымен сипатталатын, олардың өзара қатынастық қалыптары.

(аммонификаторлардың және нитрификаторлармен, целлюлоза ыдырататын және азот жинаушы бактериялардың бірігіп тұруы түріндегі қарым-қатынасы). Метабиоз сонымен қатар субстратты бірге пайдалану процесінде де байқалады(синтрофия). Бір мезгілде субстрат бірнеше микроб түрлерін пайдаланатын байланысты синтрофты байланыс деп атайды.

Микроорганизмдердің өзінің тіршілігі барысында түрлі зат алмасу өнімдерін өндіріп, қоршаған ортаға бөлу қасиетімен сипатталатын байланыстардың метаболитикалық тобы. Осының нәтижесінде бір микроорганизмдер метаболизмнің жеке өнімдерін қолдана алады, ал басқа организмдер үшін, антибиотик, күкіртсутек, сутек пероксиді және т.б. сияқты мұндай өнімдер өсу ингибиторлары болып табылады. Байланыс қасиеті микроорганизмдер қарым-қатынасын анықтайды.