Қорытынды
Адамның ядролық ДНҚ-ның бір молекуласының орташа ұзындығы 120 миллион нуклеотид жұптарына тең десек, жасушаның әрбір бөлінуінде теломераза белсендігінсіз ДНҚ молекуласы 0,00005% — ға қысқарады екен. Бұл әлған хроморине өте аз. Бірақ, табиғатта теломера ұзындығын қалпына келтіріп отыратын тетіктер болмаса түбінде хромосомалар жойылып кеткен болар еді. Тек сондықтан ғана хромосомалар теломерлерінің толық репликацияланбау проблемасының биологиялық маңызы орасан зор. Сонымен қатар, бұл құбылыс ағзалардың қартаю, канцерогенез жағдайларымен де тығыз байланысты. Жасушаның әр бөлінуі түзілген жас жасушалардағы хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың толық жойылып, бірте – бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай қалуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жасуша тіршілігін жойған болар еді, бірақ бұл мәселе теломера және теломераза ферментінің көмегімен шешіледі. Теломера хромосомалардың ядро ішінде дұрыс бағтта қозғалуына қатынасады. Теломераза ферментінің қатынасуымен ұштары үзіліп қалған хромосомаларға жалғанып, олардың қызметін қалпына келтіреді. Мысалы α-талассемиямен ауру адамдарда 16 – хромосоманың ұзын иінінің үзіліп қалған ұшына теломера жалғану арқылы α- глобиндік геннің қызметі қалпына келтіріледі. Гендер активтілігіне әсер етеді. Теломералармен қатар орналасқан гендерде активтілік әдетте төмен болады, бірақ теломералардың қысқаруы оларға жақын орналасқан гендердің активтілігін жоғарылатады. Теломералар осындай қызметтер атқару арқылы хромосомадағы тұқымқуалау ақпаратының ұрпақтан – ұрпаққа берілуіне қатысып, ағза үшін маңызды рөл атқарады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С.Әбилаев «Молекулалық биология және генетика», 2008 жыл
2. Е. Қуандықов, Л.Аманжолова «Молекулалық биология негіздері», 2008
3. П. Қазымбет, Л.Аманжолова, Қ. Нұртаева. «Медициналық биология», Алматы, 2008 жыл.
