Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__леу-у-жа__а сил-с.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.38 Кб
Скачать

5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

Өзіндік жұмыстардың барлығы да (СОӨЖ және СӨЖ) апта сайын орындалады. СОӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде студенттен берілген нақты сұрақтың нақты, әрі дәл жауабын іздеп табу және оны міндетті түрде ауызша қорғай ала білу талап етіледі. СӨЖ тапсырмаларын бақылау нысаны материалдың жеңіл және күрделілік деңгейін ескере отырып белгіленеді, көбіне жазбаша нысанда тапсыру талап етіледі. Өзіндік жұмыстың екі түрі де оқытушы белгілеген мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиісті. Бағалау кезінде жұмыстың таза, ұқыпты орындалу сапасына да мән беріледі.

6. Кеңес беру уақыты

Оқытушы мен оқу тобы студенттерінің сабақ кестесіндегі бос уақыттарға байланысты бірлесе отырып анықталады. 11-шағын аудан, 2-4-аудитория.

7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі

Студенттің білімін бағалау семинар сабақтары және СОӨЖ-н тапсыру кезінде жүзеге асырылады.

8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

Семестр бойы студент семинар, СОӨЖ сабақтарына мұқият дайындалып, белсенділік көрсетіп, 2 аралық бақылаудың әрқайсысынан 50-ден 100-ге дейін, қосып есептегенде 100-ден 200-ге дейін, сонымен қатар емтиханға жіберілуі үшін қорытынды 50-ден кем емес балл жинақтауы керек. Оның ішінде 1-аралық бақылау бойынша 20 балл, 2-аралық бақылау бойынша 25 балл тестке берген жауаптары арқылы жиналады.

1-аралық бақылаудың балы, негізінде, 1-8-семинар, 1-8-СОӨЖ сабақтарының, СӨЖ тапсырмаларының нәтижесі; 2-аралық бақылаудың балы 9-15-семинар мен 9-15-СОӨЖ сабақтарының және СӨЖ-н орындағандағы көрсеткіштерін басшылыққа ала отырып, есептеледі. Семестр ішінде оқытушының белгілеген күніне сәйкес 1 жазбаша жұмыс (реферат) тапсырады (мерзім әр студент үшін жеке белгіленеді).

Семестр барысындағы белсенді шығармашылық жұмысы үшiн студент 50-100 балл (50%-тен жоғары) жинаса, ол емтиханға жiберiлiп, жақсы бағаға үмiттене алады. Емтиханға жіберілу үшін студент міндетті түрде 50 %-дан жоғары балл жинауы керек.

Пән бойынша қорытынды компьютерде тест түрінде қабылданатын емтихан арқылы анықталады.

Студентке қойылатын міндетті талаптар мен шектеулер:

Міндетті талаптар:

  • сабаққа міндетті түрде қатысу;

  • бақылаудың барлық түрлері бойынша дер кезінде есеп беру;

  • дәлелсіз жіберген сабақтарды өтеу.

Тыйым салынады:

  • сабақтан кешігуге және дәлелсіз қалуға;

  • сабақ кезінде өзге жұмыстармен айналысуға;

  • тапсырмаларды кешіктіріп тапсыруға;

  • ұялы телефонмен сөйлесуге;

  • өзге студенттерге кедергі келтіруге.

9. Әдебиеттер тізімі

9.1. Негізгі әдебиет:

  1. Современные западные исследования социологической классики. – М., 1992.

  2. Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. – М., 2002.

  3. Добренков В.И., Кравченко А.И. Социология. В 3-х томах. – М., 2000.

  4. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. – А., 2002.

  5. Тәжин М., Аяған С. Социология негіздері. – А., 1992.

  6. Габдуллина К.Г. и др. Социология. Учебник для студентов высших технических учебных заведений. – А., 1997.

  7. Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. – А., 2007.