Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

Access 2007-дегі кейбір артықшылықтар жаңа форматты пайдалануды қажет етеді.

Егер мәліметтер қоры осы жаңа мүмкіншіліктерді пайдаланатын болса, және мәліметтер қорының көшірмесін жасауда ескілеу форматты пайдалануды қолайлы көрсе, Access қосымшасы мұның неге мүмкін емес екендігін хабарлайды. Егер мәліметтер қорын пайдалану компьютерлерінде Access 2007 қосымшасы орнатылмаған тұтынушылармен бірлесе атқарылатын болса, өз жұмысыңызды сәйкес келетін жағдайда жоспарлаңыз.

Мәліметтер қорын құру негізгі он этаптан тұрады.

  1. Объектілерді (мәліметтер көзін) анықтау, олар жүйеде жеке ақпараттық бірліктермен берілуі тиіс.

  2. Объектілер арасындағы байланысты сипаттау (егер бірнеше обьект пайдаланылса).

  3. Обьектілердің аса маңызды қасиеттері мен әдістерін анықтау.

  4. Әртүрлі обьектілер қасиеттерінің арасындағы байланысты анықтау.

  5. Болашақ мәліметтер қорының барлық кестелері сипатталған, мәліметтердің алғашқы сөздігін дайындау.

  6. Обьектілер арасындағы байланыстарға құрылған мәліметтер кестелеріндегі мәліметтер қоры кестелерінің арасындағы байланысты анықтау, және осы ақпараттарды мәліметтер сөздігіне енгізу.

  7. Кестелердегі мәліметтерді жасауға және өзгертуге көмек жасайтын, транзакцияның орындалу тәсілі мен типтерін орнату. Бұл этапқа мәліметтердің тұтастығының талаптары да енгізіледі.

  8. Мәліметтерді кестеге енгізуді баяулатпау сұраныстарын жеделдетуге және дискден шамадан тыс көп орын алмауын орындауға арналған индекстерді анықтау.

  9. Әрбір кестенің мәліметіне енуге, мәліметтерді өзгертуге және кестелер құрылымын өзгертуге кімнің құқығы бар екендігін анықтау. Бұл тапсырманың дұрыс орындалуы мәліметтер қорын сенімді сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  10. Мәліметтер қорының барлық құрылымының құжатталуы, барлық қор және әрбір жеке кесте үшін мәліметтер сөздігінің болуы, мәліметтер қорымен жұмыс істеуді, соның ішінде файлдарды қосалқы сақтау мен қалпына келтіру операцияларын басқарудың жазылуы.

  11. Құрылымды дайындау үрдісінің әрбір этапы алдыңғы этаптардың орындалуына байланысты. Олардың ішіндегі алғашқы сегізі осы тараудың бөлімдерінде ретімен баяндалады.

Мәліметтер қоры

Ақпараттарды сақтау — компьютердің маңызды функцияларының бірі. Осындай сақтаудың кең таралғандарының бірі мәліметтер қоры. Мәліметтер қоры — бұл белгілі бір тұрғыда құрылған, ақпараттарды қамтитын арнайы форматтағы файл.

Мәліметтер қорының құрылымы

Көптеген мәліметтер қоры кестелер түрінде беріледі. Біздің білетініміздей, кестелік құрылымда мәліметтердің мекен жайы бағандар мен жолдардың қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер қорында бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өріс мәліметтер қорының құрылымын жасаса, ал жазбалар ондағы бар ақпараттарды құрайды. Мәліметтер қорының құрылымы түсінігін жеңіл меңгеру үшін, ең алдымен ешқандай мәліметтері жоқ бос қорды қарастырамыз. Бұл жерде ешқандай қордың болмауына қарамастан, бәрібір онда ақпарат болады. Бұл қордың құрылымы, яғни өрістер жиынтығы. Олар бұл қорға нелердің, және қандай түрде жазылатындығын анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]