Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод реком для практ занятий.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421.89 Кб
Скачать

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білуі керек:

  • тағамдық азық-түлік сапасын гигиеналық сараптау жүргізудің тәртібі мен ережелері жайлы негізгі қағидаларды;

  • тағамдық азық-түлік сапасын гигиеналық сараптаудың мәні, мақсаты, түрлері және себептерін;

  • гигиеналық сараптаудың сатыларын.

  • Студент істей білуі керек:

  • гигиеналық сараптауды тағамдық азық-түліктерді сараптаудың басқа түрлерінен ажыратуды;

  • тағамдық азық-түліктен зертханалық зерттеуге сынама алуды;

  • тағамдық азық-түліктен алынған сынаманы зерттеу әдісін таңдауды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тағамдық азық-түлік сапасын қандай көрсеткіштер бойынша анықтауға болады?

  2. Жоспарлы гигиеналық сараптау жүргізуге көрсеткіштерді атаңыз.

  3. Жоспардан тыс гигиеналық сараптау жүргізуге көрсеткіштерді атаңыз.

  4. Гигиеналық сараптаудың сатылары қандай?

  5. Шартты жарамды деп саналған азық-түліктерді қолдану тәртібі қандай?

  6. Жарамсыз деп саналған азық-түліктерді жою тәртібі қандай?

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу – «Блум» жүйесі бойынша блиц-сұрау. Алдын ала түрлі түсті конверттер дайындалады. Қиындылығына байланысты сұрақтар түрлі түсті конверттерге салынады. Қиындығы бойынша сұрақтар 3 сатыға бөлінеді. Әр топ әрбір конверттен 1 сұрақтан алады және қысқа да нұсқа жауап береді.

6. Әдебиет

Негізгі:

1.Гигиена питания: учеб. для студ. высш. учеб. заведений/ Королев А.А. – М.: Издательский центр «Академия», 2006.- 528 с.

2.Терехин С.П., Ахметова С.В. Лечебное питание (учебно-методическое пособие). Караганда. – 2005. – 385 с.

3.Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания - Алматы: Баспа, 2000. - 224с.

4.Гигиена питания: учебник для студентов высших учебных заведений / Королев А.А. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. - 528 с.

5.Тутельян В.А., Онищенко Г.Г. Государственная политика здорового питания населения: задачи и пути реализации на региональном уровне: учебное пособие. - М., 2009. - 288 с.

6.Тутельян В.А. Государственная политика здорового питания населения: руководство. - М., 2008. - 256 с.

қосымша:

1. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические документы Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории Республики Казахстан.

2. Химический состав российских пищевых продуктов. Справочник/ Под ред. И.М.Курихина и В.А. Тутельяна – Москва: ДеЛи принт, 2002. - 236с.

3. Руководство к практическим занятиям по гигиене питания: [Учеб. пос. для сан.-гигиен. фак. мед. ин-тов] /В.Д. Ванханен, Е.А.Лебедева.-

7. Бақылау: (сұрақтар,тест, есептер және т.б.)

1. «Тағамдық өнімнің сапасы» деген түсінікке төмендегілердің қайсысы толық сипаттама береді:

1. өнімнің биологлялық құндылығы

2. табиғи түрдегі тамақтану мақсатында өнімнің қауіпсіздігі

3. тамақтану үшін тағамның жарамдылық дәрежесін анықтайтын өнімдер қасиетінің жиынтығы

4. өнімнің тағамдық құндылығы

5. өнімнің сорты

2. Тағам өнімдерін жоспардан тыс гигиеналық сараптау келесі жағдайларда жүргізіледі, тек біреуінен басқа:

1. тағамнан улануға күдіктенгенде немесе тағамнан улану болған кезде

2. тағам өнімдерімен жанасатын жаңа тағам өнімдері мен заттарын шығару кезі

3. санитарлық - эпидемиялық қызмет органдарының тапсырыстары бойынша арбитраж тәртібінде

4. химиялық, бактерлологлялық немесе механикалық ластануға күдіктенген кезде

5. шаруашылық ұйымдарда өндірістік лабораториялар болмаған кездегі келісім шарт бойынша

3. Тағам өнімдерінің ашылатын жерлерінің мөлшерін көрсетіңіз (орамалардың 5 бірлігіне дейін болса):

1. барлық партия ашылады

2. партияның 5-10%

3. партияның 25%-н аз емес

4. партияның 50%-н аз емес

5. 50%-н көп

4. Егер өнім тамақтану мақсатында шартсыз жарамды деп танылған болса, онда тағам өнімдерін реализациялаудың қандай жолы мүмкін болады:

1. шектеусіз реализациялау

2. міндетті термиялық өңдеу жағдайы кезінде қоғамдық тамақтану торабы арқылы реализациялау

3. шикізат алу үшін қайта өңдеу

4. басқа өнім алу үшін қайта өңдеу

5. талап етілетін нормативтерге жеткізу үшін толық өңдеу

5. Жоспарлы гигиеналық сараптау жүргізу кезінде төмендегілердің барлығы бақыланады, тек біреуінен басқа:

1. шығарылатын өнімдердің рецептураға сәйкес келуі

2. балалар мекемелерінің тағамдық объектілеріндегі дайын тамақтың сапасы

3. қоғамдық тамақтанудың тағамдық өнеркәсіптері мен мекемелері дайындайтын тамақ өнімдерінің сапасы

4. тағам өнімдерінің ластанғандығына күдіктенген кезедегі тамақтану өнімдерінің сапасы

6. Төмендегі тараулардың қайсысы гигиеналық сараптаудың міндетті сатысы болып табылмайды:

1. құжаттармен танысу

2. өнімдердің партиясын жалпы қарау

3. органолептикалық зерттеу

4. тағам өнімдерінің үлгілерін лабораторлялық зерттеу

5. тағам өнімдерінің партиясы бойынша қорытынды жасау

7. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қай кезде тағам өнімдеріне гигиеналық сараптау жүргізеді:

1. өнімдердің сортын анықтаған кезде

2. тұрмыстық келіспеушілік кезінде азаматтардың өтініші бойынша

3. химиялық ластануына күдік туған кезде

4. өнімдердің партиясының құжаты жоқ болған кезде

5. көкөністер мен жемістердің бұзылу дәрежесін анықтаған кезде

8. Санитарлық-эпидемиологлялық қатынаста қауіпті және тамақтану үшін жарамсыз деп танылған тағам өнімдерінің партиясын қалай реализациялайды:

1. қоғамдық тамақтану торабы арқылы реализациялау

2. мектепке дейінгі балалар мекемелері мен емдеу-профилактикалық мекемелерінде реализациялауға тиым салу

3. малдың тамағына жіберу

4. басқа өнім алу мақсатында қайта өңдеуге жіберу

5. жою

9. Тез бұзылатын өнімдерге барлығы жатады, тек біреуінен басқа:

1. ет

2. құйма тағамдар

3. сүт

4. балықтар

5. ірімшік

10. Тағамдық құндылығы төмен тағам өнімдерін реализациялау жағдайын көрсетіңіз:

1. қоғамдық тамақтану торабы арқылы реализациялау

2. мектепке дейінгі балалар мекемелері мен емдеу-профилактикалық мекемелерінде реализациялауға тиым салу

3. малдың тамағына жіберу

4. жою

5. шектеусіз реализацлялау