Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 курс тесты по хирургии на ГА каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
378.37 Кб
Скачать

8. Жедел аппендицит (12 тест)

1. 46 жасар науқас іштегі ауырсыну, жүрек айну, 37,8°С-қа дейін дене температурасының көтерілуіне шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, пульс – 96 соққы/мин., сипаты қанағаттанарлық. Пальпация кезінде: іштің оң жақ мықын аймағы ауырсынады және қатайған. Осы жерде Щеткина-Блюмберг, Ровзинга, Ситковский симптомдары оң. Қан лейкоциттері 10,8х10^12/л. Дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

1. жедел катаральды аппендицит

2. жедел катаральды холецистит

3. жедел флегмонозды аппендицит

4. жедел панкреатит

5. пилефлебит

3

(Ауырлық)═2

2. 30 жастағы науқаста 6 сағат бұрын эпигастрий аймағында ауырсыну және бірреті асқазан ішіндегісімен бірге құсу пайда болған. Емханада қарап тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ылғалды, аздап ақ таңдақпен қапталған. Іші кеппеген, жұмсақ, эпигастрий және оң жақ мықын аймағында аздап ауырсынды. Гинекологиялық анамнез ерекшеліктерсіз. Кезекті менструациясы 2-3 күннен кейін басталуы керек. Жүргізілген зерттеу нәтижелері: температурасы қалыпты. Қан анлизі: лейкоциттер - 7,5·1012/л, лейкоцитарлы формула өзгеріссіз, ЭТЖ 15 мм/сағ. Зәр тұнбасы: 15 – 20 лейкоциттер көру алаңында. Гинеколог диагнозы: екі жақты созылмалы сальпингоофорит. Алынған мәліметтерден кейін қайтадан тексеру кезінде ауырсынулар оң жақ мықын аймағында күшейген, бірақ іші жұмсақ. Оң жақ мықын-шат аймағында бұлшықеттердің тырысуы, іш перденің тітіркену симптомы анық емес. Сіздің ары қарайғы тактикаңыз:

1. емхана жағдайында динамикалық қаралу

2. келесі күні науқасты үйінде қарау

3. гинекологиялық стационарға госпитализациялау

4. хирургиялық стационарға госпитализациялау

5. бұл жағдайда стационарлық және динамикалық бақылауға көрсеткіш жоқ

4

(Ауырлық)═2

3. Қайталама миокард инфарктісі себебінен терапиялық бөлімде жатқан 80 жастағы науқаста сіз жедел флегмонозды аппендицитті анықтадыңыз. Дұрыс хирургиялық тактиканы таңдаңыз және неге?

1. жасын және қосалқы ауруларын ескере отырып консервативті ем, антибактериальді терапия

2. Волкович-Дьяконов әдісі бойынша жедел түрдегі аппендэктомия, себебі операцияны созу перитонитке алып келуі мүмкін

3. наркоздың және операцияның үлкен тәуекелін ескере отырып лапароскопия жүргізу керек, диагноз нақтыланған жағдайда антибиотиктерді енгізу үшін дренаж қою керек.

4. орталық төменгі өту жолы арқылы операция жасау, себебі тиянақты санация және адекватты дренаждау қажет

5. . жасын және қосалқы ауруларын ескере отырып оперативті емді тек үдемелі перитонит жағдайында ғана жасау керек

2

(Ауырлық)═3

4. 28 жастағы науқас 12 сағат бұрын эпигастрий аймағында басталған, кейін оң жақ мықын және мезогастральді аймаққа көшкен ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене температурасы 37,7°С, пульсі 96 соққы/мин., ырғақты, сипаты қанағаттанарлық. Тілі дымқыл, шетінде ақ таңдақпен жабылған. Іші жұмсақ. Оң жақ мықын аймағында аздаған ауырсыну, Щеткина-Блюмберг симптомы теріс. ПТИ үшбұрышы аймағында ауырсыну және бұлшықет тырысуы анықталады. Пастернацкий-Образцов симптомы оң. Қан анализі: лейкоциттер -11,8х10^12/л, таяқашаядролы жылжу 9%. Зәр анализі: салысытрмалы тығыздығы 1016, жаңа эритроциттер көру аймағында 3-4. Сіздің болжам диагнозыңыз.

1. құрт тәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасқанындағы жедел апппендицит

2.оң жақтық бүйрек коликасы

3. құрт тәрізді өсіндінің жамбастық орналасуындағы жедел деструктивті аппендицит

4. оң жақты пиелонефрит

5. тоқ ішектің оң жақ бөлігінің ісігі

1

(Ауырлық)═2

5. Сіз 31 жастағы науқасқа жедел аппендицитке байланысты операция жасаудасыз. Құрсақ қуысын ашқанда жедел флегмонозды аппендицит бар екені, соқыр ішек күмбезі өзгермегендігі анықталған. Аппендэктомиядан кейін құрт тәрізді өсіндіні өңдеудің ең рационалды әдісін таңдаңыз.

1. бүрме тігіске қалдықты енгізбей кетгутті лигатурамен таңу

2. бүрме тігіске қалдықты енгізе отырып кетгутті лигатурамен таңу

3. өңдеудің «лигатуралық» әдісін қолдану

4. құрт тәрізід өсінді қалдығын бүрме тігіске алдын ала таңусыз енгізу

5. өсіндінің таңылмаған қалдығын жеке түйінді жібек тігіспен енгізу

2

(Ауырлық)═2

6. Дәрігер науқасты емханада қарағанда аурудың клиникалық белгілеріне қарап-«Жедел аппендицит» диагнозын қойды, диагноз күмән тудырған жоқ. 3 сағат өткен соң хирургиялық бөлімшеде қарағанда науқастың субъективті жағдайы жақсарды, оң жақ мықын аймағындағы өздігінен ауырсынулар жоғалды, бірақ жедел аппендициттің басқа белгілері сақталған. Лейкоцитоз-14000, t-37,6С. Неге спонтанды ауырсынулар жоғалды?

1.Диагноз дұрыс қойылмаған, басқа диагноз мүмкіндіктерін ойластыру керек

2.Бос құрсақ қуысына құрт тәрізді өсіндінің перфорациясы болды

3.Ауырсынудың азаюы құрт тәрізді өсіндідегі деструктивті үрдістің регрессиясының көрінісі

4.Аппендикулярлы инфильтрат түзілуде

5.Жедел аппендициттің гангренозды түрлері

5

(Ауырлық)═3

7. Науқаста 5 күн бұрын эпигастрий аймағында пайда болған, артынан оң жақ мықын аймағына көшкен ауырсыну пайда болды. Науқас тетрациклин және анальгин қабылдаған. Дәрігерге ауыру басылмағандықтан қаралған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,4°С, пульсі – 88 соққы /мин. Оң жақ мықын аймағында көлемі 12x8 см болатын консистенциясы тығыз, эластикалық, тығыз, қозғалмайтын, шекарасы анық аздап ауырсынатын түзіліс пальпацияланады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Қан лейкоциттері 11,0х10^12/л. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. тік ішек ісігі

2. терминальды илеит

3. аппендикулярлы инфильтрат

4. туберкулез

5. қысылған оң жақ шаттық жарық

3

(Ауырлық)═2

8. 26 жасар науқас жедел аппендицит бойынша ауру басталғаннан 17 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағы жолы арқылы операцияға алынды. Операция кезінде өсіндіні перфорациялаған гшангренозды аппендицит анықталды. Оң жақ мықын ойығында 50 мл шамасында іріңді бөлініс бар. Хирургтің орындауға тиіс әрекеті және неге?

1.орталық-төменгі лапаротомия, құрсақ қуысы санациясы, екі латеральды каналды және кіші жамбас қуысын дренаждау, себебі іріңді түзілістер түзілуі мүмкін

2. аппендэктомия, құрсақ қуысын құрғату, антибиотиктерді енгізу үшін оң жақ мықын шұңқырына құрсақ қабырғасын бөлек тесу арқылы микрооирригатор орнату, себебі жергілікті перитонттің болуы

3.перитониттің болуын ескере отырып аппендэктомия жасалмайды, тек оң жақ мықын ойығына тампонада жасау және дренаждау

4.құрсақ қуысындағы аз көлемді сұйықтықты ескере отырып аппендэктомия, операциялық жараны бітеп тігіп тастау

5. құрсақ қуысының қайтадан санациясы үшiн перитониттiң құбылысы есепке ала отырып аппендэктомия, лапаростомия

2

(Ауырлық)═3

9. Аппендикулярлы инфильтраты бар науқаста консервативті ем жүргізу барысында оң жақ мықын аймағындағы ауырсынулар күшейіп, қызба пайда болды. УДЗ кезінде инфильтраттың абсцестену белгілері көрінді. Қазіргі уақытта іріңдікті қандай әдіспен дренждау тиімдірек?

1. оң жақ мықын аймағы жолы арқылы абсцесті ашу, абсцесс қуысына тампонада және дренаждау жүргізу, аппендэктомияны жасамаған дұрыс

2. оң жақ мықын аймағы жолы арқылы аппендэктомяны жүргізу және антибиотиктерді инфузиялау үшін құрсақ қуысына микроирригатор орнату

3. лапаротомия, аппендэктомия, құрсақ қуысын дренаждау

4. УДЗ –мен бақылау арқылы абсцесті дернаждау

5. абсцесті қынаптың артқы күмбезі арқылы ашу

4

(Ауырлық)═2

10. Жергілікті перитонитпен перфоративті аппендицит себебінен опрацияланған науқаста, операциядан кейін 7-ші тәулікте оң жақ кеуде торында ауырыну, қызба пайда болған. Рентгеноскопия кезінде оң жақ плеврі синуста бөліністер, диафрагманың оң жақ күмбезінің жоғары орналасқаны және оның қозғалысының шектелгені анықталған. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде диафрагма астылық кеңістікте құрамында сұйықтық бар ірі түзіліс байқалған. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

1. оң жақты пневмония

2. диафрагма астылық абсцесс

3. жедел холецистит

4. жедел панкреатит

5. іштің оң жақ бөліктерінің перитониті

2

(Ауырлық)═2

11.Катаральды және флегмонозды жедел аппендициттердің операциялық араласуларындағы ерекшелектерін көрсетіңіз:

1.катаральды аппендицитте аппендоэктомия жасамас бұрын құрсақ қуыс ағзаларының ревизиясын жургізу қажет

2.флегмонозды аппендицитте құрт тәрізді өсіндінің шажырқайына новокаинды блокада қажет

3.флегмонозды аппендицитте құрсақ қуысына міндетті түрде дренаж енгізу

4. катаральды аппендицитте құрт тәрізді өсіндіні алып тастағанна соң құрсақ қуыс ағзаларының ревизиясын жургізу қажет

5.флегмонозды аппендицитте аппендоэктомия жасамас бұрын құрсақ қуыс ағзаларының ревизиясын жургізу қажет

1

(Ауырлық)═3

12. 56 жастағы науқас жедел аппендицитке байланысты ауру басталғаннан 72 сағаттан соң операцияға алынды. Операция кезінде оң жақ мықын ойығында соқыр ішектен, жіңішке ішек ілмектерінен және үлкен шарбыдан тұратын қабынған конгломерат анықталды. Хирург конгломератты бөлуге тырысты, бірақ құрт тәрізді өсіндіні таппады. Сіздің ары қарайғы әрекетіңіз.

1.операциядан кейін құрсақ қуысында абсцесстердің түзілуі мүмкін болғандықтан, қабыну инфильтартының тұйық және өткір жолмен бөлінуін жалғастыру, аппендэктомия жүргізу

2.перитниттің болмағандықтан, кіші жамбасқа дренжа қою, аппендэктомия жүргізбеу, операциялық жараны бітеп, тіігп тастау

3.диагноз қойылғандықтан, диагностикалық лапаротомиямен шектелу

4. операциялық үстелде онкологиялық патологияларды алу қиын болғандықтан, соқыр ішекті өсіндісімен және жіңішке ішектің жабысқан ілмектерімен резекциялау

5.науқаста аппендикулярлы инфильтрат болғандықтан, антибиотиктерді инфузиялау үшін құрсақ қуысына жара арқылы шектеуші тампондармен микроирригатор енгізу, 4-6 айдан кейін жоспарлы түрде аппендэктомия жүргізу

5

(Ауырлық)═3